Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Атырауда газ сепарациялау кешенінің құрылысы басталды

Атырауда газ сепарациялау кешенінің құрылысы басталды

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

19 қараша күні Теңіз кен орнында Газ сепарациялау кешенінің (ГСК) алғашқы қадасы қағылды. Жылына 9,1 миллиард текше метр құрғақ газ өңдеуге арналған бұл өндірістік нысан — Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобалардың бірі саналады.

Кешен құрылысы аясында 22 мыңға жуық қада қағу жоспарланған. Барлық құрылыс материалдары мен жабдықтар қазақстандық өндірушілерден сатып алынуда. Жобаны іске асыру барысында отандық кәсіпорындар мен сервистік компаниялар кеңінен тартылып, жергілікті мамандардың қатысуына басымдық беріледі.

Кешеннің басты мақсаты — полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытын жылына 1,6 миллион тонна этанмен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жылына 360 мың тоннаға дейін пропан өндірілмек. Бұл өнімдер «Теңізшевройл» компаниясы жеткізетін құрғақ газдан бөлініп алынады.

Нысанда сұйытылған көмірсутек газдарын өңдеу және фракциялау саласындағы жетекші Honeywell UOP компаниясының технологиялары қолданылады. Жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы — «KMG PetroChem» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары халықаралық консорциуммен бірлесіп жүргізілуде. Оған Италияның Tecnimont S.p.A. (Maire тобы) және Ливанның CCIC компаниясы кіреді.

Құрылыс барысында 1 миллион 193 мың текше метр инертті материал, 27 мың тоннадан астам металл конструкциялар, 7 модульдік қосалқы станция, 62 трансформатор, 220 кВ ашық тарату құрылғысы, сондай-ақ пропан сақтауға арналған көлденең буллиттер мен төрт ірі колонна пайдаланылмақ.

Жоба өңірлік жұмыспен қамтуға да оң ықпал етеді. Құрылыс кезеңінің ең белсенді сәтінде Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары үшін 3 500-ге дейін уақытша жұмыс орны ашылады. Ал кешен іске қосылғаннан кейін 400 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Газ сепарациялау кешенінің іске қосылуы тұрақты шикізат базасын қалыптастырып, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге жол ашады. Бұл Мемлекет басшысы айқындаған мұнай-газ химиясы кластерін дамыту және шикізаттық емес экспортты арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарға толық сәйкес келеді.

Кешенді іске қосу 2028 жылдың соңына, ал толық пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.

Бүгін, 16:58

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 18:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары