Атырауда мектеп ішінде оқушыны пышақтап кетті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атыраудағы қанды оқиға Қонаев атындағы Binom мектебінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
8-сынып оқушысын белгісіз жағдайда пышақтап кеткен. Қыз бала ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілді, жағдайы ауыр.
Атырау облысы полиция департаменті жағдайды растады.
"13 наурыз күні Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы жарақат алды. Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келді. Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9-сынып оқушысы үшкір затпен жарақат салған.
Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
Барлық процессуалдық әрекет оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған ата-анасы да жауапкершілікке тартылатын болады” делінген полиция департаменті таратқан мәліметте.
Баян Жанұзақова
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 21:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















