Ақмола облысында мектеп оқушысын пышақтап кетті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Ақмола облысында оқушы қыздың пышақ жарақатынан қайтыс болғаны туралы жаңалық әлеуметтік желілерде тарады.
Облыстық полиция департаментінде Sputnik Қазақстан тілшісіне 14 жастағы жасөспірімнің өлімін растады.
"Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу анықталды", - деп хабарлады полиция.
Департаментте қазіргі уақытта күдіктіні тез арада ұстау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталып жатыр. Тергеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында тұр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады департаменттегілер.
Полиция адамдарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 20:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















