Атырауда полиция ереже бұзған 600 ге жуық автокөлікті анықтады
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Видеодан жасалған скриншот
Атырауда жол ережесін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін пайдалану талаптарын бұзатын жүргізушілерді анықтауға бағытталған «Жалған нөмір» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, рейд 25-27 қыркүйек аралығында жүргізілді. Тәртіп сақшылары әсіресе жалған, қолдан жасалған, өзгертілген немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмір таққан көліктерге ерекше назар аударды.
Бір апта ішінде патрульдік полиция қызметкерлері түрлі ереже бұзған 594 автокөлікті анықтады. Тағы 77 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полицияда бірнеше мысал келтірді. Осылайша, түнде музыканы қатты қосып, тұрғындардың мазасын алған Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, 24 қыркүйек күні сағат 22:10 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында полицейлер рұқсат етілмеген дыбыстық құрылғы орнатылған BMW автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіге қатысты да әкімшілік хаттама толтырылды.
Профилактикалық іс-шара жалғасып жатыр.
Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кеше, 09:10
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 08:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















