Атырауда қысқа дайындық пен коммуналдық мәселелер талқыланды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Атырау қаласы әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Мейіржан Мұқасовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Жиынға әкімдік аппаратының басшысы, бөлім жетекшілері, коммуналдық мекеме басшылары және полиция өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде коммуналдық мүліктердің жай-күйі, көгалдандыру, қыс маусымына дайындық және санитарлық тазалық мәселелері қаралды. Жауапты бөлімдерге коммуналдық мүліктің мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту тапсырылды.
Көгалдандыру бағытында жасыл желектерді күтіп ұстау, суару және қала аумағының көркін арттыру жұмыстары талқыланды.
Қысқа дайындық бойынша қаладағы 1174 көпқабатты тұрғын үйдің 1142-сі гидравликалық сынақтан өткізілген, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1025 үйдің 1016-сы дайындықты аяқтап, көрсеткіш 99 пайызды құрады.
Биыл 6,9 шақырым жылу құбырын жаңарту жоспарланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Санитарлық тазалық бойынша ескерту берілген аумақтарды ретке келтіру жалғасуда, талап орындалмаған жағдайда арнайы техникамен тазалау және шара қолдану қарастырылған.
Жиын қорытындысында Мейіржан Мұқасов жауапты бөлімдерге жұмыстарды күшейтіп, анықталған мәселелерді жедел шешуді және белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Кеше, 20:31
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 08:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















