Атырауда тәртіп сақшысы маркетке келген әйелді құтқарып қалды
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Видеодан скриншот
Атырауда полиция қызметкері қаладағы дүкендердің бірінде кенеттен есінен танып қалған 32 жастағы әйелге дер кезінде көмек көрсетті.
Оқиға 21 тамыз күні сағат 13:50 шамасында болған. Атырау қаласындағы маркеттердің бірінде полиция департаментінің Жеке құраммен жұмысы жөніндегі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Роман Есмұханов өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған 32 жастағы әйелді байқап, дереу көмекке келген.
Ол әйелдің жағдайын бағалап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған. Жедел жәрдем келгенге дейін майор алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жанынан табылды.
Бұл оқиға – полицейлердің азаматтардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін және кәсіби міндетіне бейжай қарамайтындығын айқын көрсетеді. Роман Есмұхановтың жедел әрі сабырлы әрекеті әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілгенге дейін оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Бүгін, 00:11
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:18
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 17:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















