Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Атырауда жылу мен жарық қымбаттауы мүмкін

Атырауда жылу мен жарық қымбаттауы мүмкін

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырауда «Теңізшевройл» компаниясының табиғи газды жылу электр орталығына тікелей сатудан бас тартуына байланысты жаңа жылдан бастап  жылу мен электр энергиясының бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Атырау жылу электр орталығы мекемесінің басшысы Мақсот Әленов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейін орталық табиғи газды «Теңізшевройл» компаниясынан тікелей алып келсе, енді жылу электр орталығы дәл жанындағы көгілдір отынды үшінші компаниядан қымбат бағаға алуға мәжбүр. Өз кезегінде бұл тұрғындар тұтынатын коммуналдық қызметтің құнын арттырады.

Атырау жылу электр орталығындағы барлық бу қазандықтары мен турбиналық агрегаттар отын ретінде табиғи газды пайдаланады. Қазір мұнда 14 бу қазанының 11-і қалыпты жұмыс істеп тұр. Орталық жылына 2 млрд 200 млн кВт сағат электр энергиясы мен 800 мың гигакалория жылу өндіреді. «Қазір облыс орталғындағы орталық жылу жүйесіне қосылған 1200-дей көпқабатты үйге толықтай жылу берілді», – дейді жауаптылар.

Ғасырбек Төлеген, қала әкімінің ресми өкілі:

- Атырау қаласының әкімдігі 15 мамырдан бастап осы қысқы маусымға дайындық жұмыстарын атқарды. Толықтай сынамалар өткізді, қазір уақытта толық бақылауда ұстап отырмыз. Ешқандай арыз-шағым жоқ. 

Алайда жаңа жылдан бастап стратегиялық маңызы бар кәспорын қиын жағдайда қалуы мүмкін. Өйткені орталықты негізгі шикізат – табиғи газбен қамтитын ТШО компаниясы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ жеткізбейтіні туралы ресми хат жолдаған.

Мақсот Әленов, Атырау жылу электр орталығының директоры:

- Бұл мәселе өте өзекті. Неге десеңіздер, егер басқа мекемелерге көшсек, ТШО-дан біз алып отырған баға 4 есеге өсіп кетейін деп тұр. Оның ішінде жылу қуатына беріп отырған тарифтер 90%-тің үстіне өседі. Токты өндірістің тарифі 40%-тік үстінде өседі деген өз болжамымыз бар. Сондықтан оның бәрі біздің тұтынушыларымызға әсер тиеді деп отырмыз.

Жылу электр орталығы жылына 1 млрд текше метр табиғи газ тұтынады. Оны өңірдегі «Теңіз» кен алаңын игеріп жатқан мұнай компаниясы тиімді бағамен ұсынып келді. Алайда олар келесі жылдан бастап елдегі газ тасымалдаушы негізгі оператор «Қазақгаз» акционерлік қоғамымен тікелей келісімшарт жасасқан. Салдарынан орталық өзіне қажет көгілдір отынды тікелей өндірушіден емес, тасымалдаушыдан алуға мәжбүр болады.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өндірушіден тікелей осы газ отынын алу керек. Ол деген заңда тікелей нақты жазылып қойған. Табиғи монополиялар туралы заңда, газ және газбен жабдықтау туралы заңында да бұлардың барлығы деген сол жерде шешіліп тұр. Енді сол ТШО «Қазақгазбен» ұзақ жылға келісімшартқа отырған. Енді қазіргі таңда «Қазақгаз» екі ортада өндіруші мен ТШО, пайдаланушы мен Атырау ЖЭО арасындағы делдал болып тұр ғой.

Елде 2026 жылдың сәуіріне дейін коммуналдық қызмет ақысын көтеруге мораторий енгізілген. Енді Атырау жылу электр орталығы 1 қаңтардан бастап газды қымбатқа алып, жылу мен энергия бағасын көтере алмасақ, шығынға батамыз деп алаңдайды. Осыған байланысты жергілікті билік Парламент депутаттарымен бірлесіп, Үкіметке арнайы ұсыныс дайындаған. Алайда әзірге нақты шешім жоқ.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары