Ауа райы контрастарымен таңғалдырады: Астана, Алматы және Шымкентке арналған үш күндік болжам
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
"Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада үсік жүреді, Алматыда күн жылы болады, ал Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана
27 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы күндіз +13…+15 градус жылы.
28 қыркүйекте де күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде -1…-3 градус үсік жүреді, күндіз +13…+15 градус жылы.
29 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде -1…-3 градус үсік жүреді, күндіз +15…+17 градус жылы.
Алматы27 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +23…+25 градус жылы.
28-29 қыркүйекте күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +10…+12 градус, күндіз +21…+23 градус жылы.
Шымкент27 қыркүйекте күн бұлтты болады, таңертең және күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14 градус, күндіз +22…+24 градус жылы.
28-29 қыркүйекте күн бұлтты болады, кей уақыттарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12 градус, күндіз +21…+23 градус жылы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қыркүйек 2026 10:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















