Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Автокөлік оптикасына жазғы күтім: фараларды қалай қорғауға болады?

Автокөлік оптикасына жазғы күтім: фараларды қалай қорғауға болады?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жазда көлік фаралары бояу жабыны сияқты қатты өзгеріске ұшырайды. Ультракүлгін сәуленің, жол шаңының, құмның, жәндіктердің және жоғары температураның үнемі әсер етуі пластикті біртіндеп бұлыңғырландырады, жарық шығаруды азайтады және көліктің сыртқы түрін бұзады.

Дегенмен, көптеген мәселелені қарапайым техникалық қызмет көрсету арқылы болдырмауға болады, деп жазады Tengri Auto кәсіби автокөлік күтімі жөніндегі сарапшы Николай Соболевке сілтеме жасап.

Ескі фаралар ғана сарғая ма? Бұл – миф

Көлік жүргізушілері арасында фаралардың күңгірттеніп, сарғаюы тек жүрісі көп немесе ескі көліктерге тән мәселе деген пікір бұрыннан қалыптасқан. Алайда шын мәнінде бұл ескіру әлдеқайда ерте басталады.

Қазіргі заманғы пластик фаралардың барлығы поликарбонатты ультракүлгін сәулелерден және сыртқы әсерлерден қорғайтын арнайы жабынмен қапталған. Бірақ аптап ыстық күннің астында, тасжолда тұрақты жүру кезінде және жиі жуылған сайын бұл қорғаныш қабат біртіндеп тозады.

Алғашқы өзгерістер көзге бірден байқалмауы мүмкін: пластик бастапқы жылтырлығын жоғалтады, ұсақ сызаттар мен жеңіл күңгірттік пайда болады. Уақыт өте келе бұл өзгерістер айқынырақ болып, жарық ағынының қарқындылығы біртіндеп төмендейді.

"Фаралар барлық соққыны өзіне қабылдайды. Олар үнемі құм мен ұсақ тастардың механикалық әсеріне, жолдағы кір мен реагенттердің химиялық әсеріне, ал жаз мезгілінде жоғары температураға ұшырайды. Өкінішке қарай, жаңа көлік сатып алғанда көпшілік бұған мән бере бермейді. Уақыт өте келе фаралар жылтырлығын жоғалтып, күңгірттене бастайды, кейін сарғаяды, ал бетінде ұсақ жарықшақтар пайда болады. Соның салдарынан жарық беру тиімділігі төмендейді, демек қауіпсіздік те нашарлайды", – дейді сарапшы.

Сондықтан мамандар фараларға күтімді олар сарғайғаннан кейін емес, көлікті пайдаланудың алғашқы айларынан бастап жасауды ұсынады. Қорғаныш жабындары немесе полиуретанды үлдір кейіннен фараларды жылтырату немесе ауыстыру шығындарымен салыстырғанда әлдеқайда арзанға түседі.

Әрине, фаралардың жағдайы көліктің сыртқы келбетіне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де әсер етеді. Күңгірттенген фаралар жарық беру тиімділігін едәуір жоғалтады, бұл әсіресе жарықтандырылмаған жолдарда жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Фараларды алдын ала күйіп кетуден қалай қорғауға болады?

Көлік иелерінің көбі жаңа көлік сатып алғаннан кейін кузовты бірден керамикалық жабынмен қаптайды немесе қорғаныш үлдір жапсырады. Алайда фаралар жиі назардан тыс қалып жатады. Бұл – үлкен қателік.

Дәл осы қорғаныш қабат күн сәулесінің, жол химикаттарының, құм мен ұсақ тастардың әсерін өзіне қабылдайды. Ол тозған кезде фаралардың беті мөлдірлігін әлдеқайда жылдам жоғалта бастайды.

Оптиканы жақсы күйде сақтау үшін мамандар қорғаныш қабатын мезгіл-мезгіл жаңартып отыруға кеңес береді. Ол үшін ультракүлгін сүзгілері бар арнайы құрамдарды, керамикалық жабындарды немесе полиуретанды үлдірді пайдалануға болады.

Ең тиімді шешім ретінде полиуретанды үлдір саналады. Ол фараларды ультракүлгін сәуледен қорғап қана қоймай, тас соққыларынан, сызаттардан және тасжолда жиі жүрген кезде міндетті түрде пайда болатын "құм ағыны" әсерінен де сақтайды.

"Зауыттан шыққанда фараларға қорғаныш жабын жағылып беріледі, бірақ уақыт өте келе ол біртіндеп жуылып кетеді. Сондықтан арнайы қорғаныш құрамдар немесе керамикалық жабындар арқылы оны мезгіл-мезгіл жаңартып отыруды ұсынамыз", – деп атап өтті сарапшы.

Неліктен жазда қызып тұрған фараларды жууға болмайды?

Жаз мезгілінде көптеген жүргізушілер ұзақ жолдан кейін бірден көлік жуу орнына барады. Алайда температураның күрт өзгеруі пластикке кері әсер етуі мүмкін.

"Қызып тұрған фараларды суық сумен жууға болмайды. Ұзақ жолдан кейін температураның күрт ауысуы пластиктің құрылымына теріс әсер етіп, уақыт өте келе микрожарықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін", – деп ескертеді сарапшы.

Фараларды тазалау үшін жұмсақ губка немесе микроталшықты шүберек (микрофибра) және бейтарап pH деңгейі бар автосусабын қолданған жөн.

Қатты щеткалар, абразивті губкалар және тұрмыстық мақсаттағы агрессивті химиялық заттар уақыт өте келе фараларды күңгірттендіретін ұсақ сызаттар қалдыруы мүмкін.

Фарадағы жәндіктер мен құс саңғырығы: бірден тазалау керек пе?

Жазда, әсіресе тасжолдан кейін, фаралардың бетінде жәндіктердің қалдықтары, құс саңғырығы және ағаш шайыры тез жиналады. Көптеген адам оларды келесі жууға дейін қалдырады, бірақ бұл дұрыс емес.

Органикалық ластағыштардың құрамында қышқылдар болады. Күннің әсерінен олар пластиктің қорғаныш қабатына сіңіп, оны зақымдай бастайды. Егер мұндай кірлер алғашқы бірнеше сағат ішінде тазаланса, әдетте дымқыл микрофибра мен арнайы тазартқыш жеткілікті болады.

"Жәндіктердің қалдықтары мен құс саңғырығын тазалауды кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Жоғары температураның әсерінен мұндай органикалық ластанулар пластикке терең сіңіп кетеді, сондықтан кейін оларды кетіру әлдеқайда қиын болады", – дейді сарапшы.

Фара тығыздағыштары: ылғал оптиканы ішінен қалай бүлдіреді?

Тіпті мінсіз жылтыратылған фараның өзі корпус ішіне ылғал кірсе, өз қызметін толық атқара алмайды.

Сондықтан фаралардың айналасындағы резеңке тығыздағыштарды мезгіл-мезгіл тексеріп тұрған жөн. Егер олар серпімділігін жоғалтса, жарылып кетсе немесе орнынан ажырай бастаса, корпус ішіне су мен шаң енуі мүмкін. Соның салдарынан фараның іші буланып, уақыт өте келе шағылыстырғыштары, линзалары және электрондық бөлшектері зақымдануы ықтимал.

Егер фара ішінде тұрақты түрде конденсат жинала бастаса, диагностика жасауды кейінге қалдырмаған дұрыс.

Фараларға қашан жылтырату қажет: 4 белгі

Егер фаралар мөлдірлігін жоғалта бастаса, қарапайым жуу көмектеспейді.

Жылтырату мынадай белгілер пайда болған кезде қажет:

жеңіл күңгірттену; ұсақ сызаттар; сарғаю; құм мен ұсақ тастардың әсерінен пайда болған іздер.

Алайда жылтыратудан кейін зауытта жағылған қорғаныш қабаты іс жүзінде толықтай жойылады. Сондықтан бұл процедурадан кейін міндетті түрде жаңа қорғаныш жабын жағу немесе фараларды полиуретанды үлдірмен қаптау қажет. Әйтпесе бірнеше айдан соң пластик қайтадан күңгірттене бастайды.

Жазда фаралардың қызмет ету мерзімін қалай ұзартуға болады?

Жаз мезгілінде фараларға күтім жасау көп шығынды қажет етпейді, бірақ олардың қызмет ету мерзімін айтарлықтай ұзартуға мүмкіндік береді.

Көлікті жүйелі түрде жуу, органикалық ластануларды уақытылы тазалау, ультракүлгін сәулелерден қорғау және тығыздағыштардың жағдайын бақылау пластиктің мөлдірлігін әрі жарық беру тиімділігін ұзақ жылдар бойы сақтауға көмектеседі.

"Бүгінде қорғаудың ең тиімді тәсілі – полиуретанды үлдір. Ол фараларды ультракүлгін сәулелерден, химиялық заттардың әсерінен, құм-тас ағынынан және ұсақ механикалық зақымданулардан бір мезгілде қорғайды", – деп атап өтті сарапшы.

Ал егер көлік тасжолмен жиі жүретін болса, ең тиімді инвестиция – сапалы полиуретанды үлдір жапсыру. Ол оптиканы құмнан, ұсақ тастардан және мерзімінен бұрын тозудан сенімді түрде қорғайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 13:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары