Автокөлік орындығы мен тұрмыстық техника: Қазақстан үш жылда қандай тауар шығара бастады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үш жылда отандық өнімдер тізіміне қосылған тауарларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда 2023 жылдан бері өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған 623 жоба іске қосылды. Соның нәтижесінде бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлері шығарыла бастады.
"Атап айтқанда, локомотивтердің тірек балкалары, автобустардың қаптама элементтері, жүк техникасына арналған бөлшектер, автокөлік орындықтары мен мультимедиялық жүйелер, тұрмыстық техника, тік жікті құбырлар, терезе профильдері, фиброцемент тақталары, ламинат, жылыту радиаторлары және өзге де жаңа өнім түрлерінің өндірісі жолға қойылды", - деді Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
2030 жылға дейін тағы 478 жоба іске қосылады. Осы жобалар аясында жаңартылатын энергия көздеріне арналған трансформаторлар, бандаждар, престер, сутегі, сутегі асқын тотығы, желатин мен пептон, сондай-ақ асфальтбетонғаарналған тұрақтандырғыш қоспалар сияқты жаңа тауарлар шығарылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 11:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















