Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Автокөлікті қысқа дайындаймыз сарапшыдан чекап

Автокөлікті қысқа дайындаймыз сарапшыдан чекап

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Күз - суық түспей тұрып көлікті тексеріп алуға қолайлы уақыт. Алғашқы қардың жауғанын немесе сарышұнақ аязды күтудің қажеті жоқ: кейбір ақау күн суытқанда ғана білінуі мүмкін, ал ол кезде жөндеу әлдеқайда қиынға соғады.

Tengri Auto сарапшы Анатолий Русевтен жазғы дөңгелектерді қашан ауыстыру керек екенін, аккумулятор мен салқындату жүйесінде нені тексеру қажеттігін, қыс қарсаңында майды ауыстырудың маңызын және қатты аязда көлікте не болуы керектігін білді.

Көлікті қысқа дайындауды қашан бастау керек?

Алғашқы аяз бен қарды күтудің қажеті жоқ. Алматыда көлікті қыркүйектің аяғы мен қазанда, яғни ауа температурасы тұрақты төмендей бастаған кезде дайындауға болады.

Ең алдымен шиналардың, аккумулятордың, тежегіш жүйесінің, техникалық сұйықтықтар мен салқындату жүйесінің жай-күйін тексерген жөн.

Сондай-ақ пеш пен терезе жылытқыштары дұрыс жұмыс істейтініне, ал әйнек тазартқыш щеткалардың алдыңғы терезені жақсы тазалайтынына көз жеткізу маңызды. Қыста жолдың жақсы көрінуі қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.

"Мен алғашқы аяз бен қарды күтпес едім. Алматыда ең тиімдісі - күн суыта бастағанда, шамамен қыркүйектің аяғы мен қазанның басында дайындықты бастау", - деп атап өтті Анатолий Русев.

Жазғы шиналарды қашан ауыстыру керек?

Тек қар мен көктайғаққа қарап отыруға болмайды. Тәуліктік орташа температура шамамен +7 градусқа дейін және одан төмен түскенде, жазғы резеңке иілгіштігін жоғалтып, жолға жабысу қабілеті нашарлайды.

Сондықтан қысқы шиналарға алдын ала, температура осы көрсеткіш маңында тұрақталғанда көшкен дұрыс. Сондай-ақ алғашқы қар жауғанда дөңгелек жөндеу орындарындағы ұзын-сонар кезекте тұрмауға мүмкіндік береді.

Шина таңдағанда көліктің пайдаланылу жағдайын ескеру қажет. Жолдары негізінен тазаланатын қала ішінде суық әрі дымқыл асфальттағы ілінісу сапасы, тежеу тиімділігі мен шу деңгейі маңызды.

Егер көлік қала сыртында, әсіресе тазаланбаған жолдар мен тапталған қарда жиі айдалса, қардағы ілінісу мен ізге тұрақтылыққа көбірек көңіл бөлу керек.

Сатып алу кезінде көлік өндірушісі ұсынған өлшемді, жүктеме мен жылдамдық индексін, өндірілген күнін және шинаның жалпы күйін тексеру қажет.

"Мен шинадан ақша аямас едім: бұл көліктің жолмен тікелей байланыста болатын жалғыз элементі", - деді сарапшы.

Бұл ретте қысқы шиналар да көлікті қар мен мұзда толық қауіпсіз ете алмайды. Тайғақ жолда бәрібір жылдамдықты азайтып, қашықтықты сақтау қажет.

Қысқа дейін аккумуляторды қалай тексеруге болады?

Аяз аккумуляторға түсетін жүктемені арттырады: төмен температурада оның сыйымдылығы азаяды, ал қозғалтқышты оталдыру үшін көбірек энергия қажет болады. Егер аккумулятордың қолданылғанына бірнеше жыл болса, қыс алдында диагностика жасаған жөн. Арнайы тестермен кернеуді, қуат деңгейін және іске қосу тоғын тексеруге болады.

Қозғалтқыштың ауыр оталуы да тексеруге себеп болуы мүмкін. Егер стартер моторды айтарлықтай баяу айналдыра бастаса (әсіресе таңертең) немесе көлік бірнеше күн тұрып қалғаннан кейін қиын оталса, аккумуляторды тексерген дұрыс.

Жаз бойы еш қиындық тудырмаған батарея аязды күні қозғалтқышты оталдыруға күші жетпей, кенет сыр беруі мүмкін.

Салқындату жүйесінде нені тексеру керек?

Қыс алдында салқындатқыш сұйықтықтың деңгейі мен күйін, жүйенің саңылаусыздығын, патрубкалар мен радиаторларды тексеру қажет. Сондай-ақ сұйықтық ағып жатқан жерлердің жоқтығына көз жеткізу маңызды.

Әр қыстың алдында антифризді ауыстыру міндетті емес. Нақты көліктің регламентіне және сұйықтықтың өз күйіне қарау керек. Егер оның қасиеттеріне күмән болса, қату температурасын арнайы құрылғымен тексеруге болады. Бұл құйылған салқындатқыш сұйықтық қандай аязға төтеп беретінін түсінуге көмектеседі.

Көлік өндірушісінің талаптарына сәйкес келетін антифризді пайдалану қажет. Түстері бірдей болғаны үшін ғана әртүрлі сұйықтықты араластыруға болмайды.

Қысқа қарсаңында майды ауыстыру керек пе?

Қыстың келуі қозғалтқыш майын мерзімінен бұрын ауыстыру керек дегенді білдірмейді.

Егер ауыстыру мерзімі әлі келмесе және май өндірушінің талаптарына сәйкес келсе, оны күн суытар алдында арнайы ауыстырудың қажеті жоқ. Ал егер жүрілген жолы немесе уақыты бойынша ауыстыру кезеңі жақын болса, оны қақаған аязға дейін қалдырмаған дұрыс.

Май таңдағанда өндірушінің ұсыныстарын және нақты қозғалтқыштың рұқсаттарын ескеру маңызды.

Қозғалтқыш майының таңбалауындағы W әрпінің алдындағы сан расында оның төмен температурадағы жұмысына байланысты. Дегенмен, майды тек "сан неғұрлым аз болса, қыста соғұрлым жақсы" деген қағидамен таңдау қате.

Қандай сұйықтықтар мен шығыс материалдарын тексеру керек?

Аяз түспес бұрын бірнеше негізгі шығыс материалдарын тексеріп алған жөн:

төмен температураға есептелген терезе жуғыш сұйықтық; тежегіш сұйықтығы және ондағы ылғалдың мөлшері; салқындатқыш сұйықтық; мотор майы; әйнек тазалағыш щеткалардың жай-күйі; бензинмен жүретін көліктердегі оталдыру білтелері; ауыстыру мерзімі келген болса, сүзгілер.

Әйнек жуғыш сұйықтыққа ерекше көңіл бөлген жөн. Жазғы сұйықтықты алғашқы қатты аяз басталғанға дейін жүйеде қалдырмау керек. Ол бак ішінде, магистральдарда немесе форсункаларда қатып қалуы мүмкін.

Тежегіш жүйесінде нені тексеру керек?

Қыс алдында тежегіштің бірқалыпты жұмыс істейтініне көз жеткізу қажет.

Тежеген кезде көлік бір жаққа қисаймауы тиіс, ал педаль тым жұмсақ болмауы немесе ішке кіріп кетпеуі керек. Сондай-ақ тежегіш қалыптарының, дискілердің, шлангілердің және тежегіш сұйықтығының күйін тексерген абзал.

Құрғақ асфальтта байқалмайтын ақау қыста қатты білінуі мүмкін. Бұл, әсіресе, тежегіш механизмдері біркелкі жұмыс істемейтін жағдайларға қатысты.

ABS пен ESP жүйелері көлікті басқаруды сақтауға көмектеседі, бірақ олар физика заңдылықтарын жоққа шығармайды. Қар мен мұзда тежелу жолы бәрібір ұзарады.

Алғашқы аязда қандай мәселелер туындауы мүмкін?

Күннің күрт суытуы көбіне көліктегі бар ақауды айқындап береді.

Олардың қатарында әлсіз аккумулятор, әйнек жуғыш жүйесіндегі қатып қалған су, қозғалтқышты оталдырудағы қиындықтар, шиналардағы қысымның төмендеуі, тығыздағыштар мен құлыптардағы ақаулар бар. Дизельді қозғалтқышы бар көліктерге қысқы отынның сапасы өте маңызды.

Температураның күрт өзгеруінен кейін салқындату жүйесі мен түрлі резеңке элементтерде де мәселелер туындауы мүмкін. Мұндай ақаулардың көбін таңертең -20 градус аязда реттегеннен гөрі, күзде анықтап, жойған әлдеқайда оңай.

Қыста көлікке не салып қою керек?

Сарапшының айтуынша, қысқы пайдалануға арналған минималды жиынтыққа мыналар кіруі мүмкін:

жылы қолғап; шағын қолшам; оталдыру сымы немесе іске қосу құрылғысы; сүйреу арқаны; апаттық тоқтау белгісі; алғашқы көмек қобдишасы; қар мен мұзға арналған щетка мен қырғыш; қатырмайтын сұйықтық қоры; телефон қуаттағыш сымы немесе пауэрбанк.

Егер қала сыртына, әсіресе адам аз жүретін жолдарға сапар жоспарланса, жиынтықты кеңейткен дұрыс. Көлікке жылы киім немесе жамылғы, су, аздаған тамақ, күрек және қардан шығуға көмектесетін құралдарды салып қоюға болады.

"Қысқа дайындықтың басты қағидасы қарапайым: көліктің өзі қиналғанын білдіргенше күтудің қажеті жоқ. Негізгі жүйелерді алдын ала тексеріп, ұсақ-түйек ақауды күзде жойған дұрыс. Қыста кез келген кішігірім олқылық үлкен мәселеге айналуы мүмкін", - деп атап өтті Анатолий Русев.

Айта кетейік, бұған дейін Анатолий Русев қыста әйнек тазалағыштарды қалай күту керектігін айтқан болатын. Материалды мына жерден оқыңыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 12:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары