Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Автокөлікті саяхатқа қалай дайындаймыз? Сарапшыдан толық чек лист

Автокөлікті саяхатқа қалай дайындаймыз? Сарапшыдан толық чек лист

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жазғы сапарлар әртүрлі болуы мүмкін: бірі үшін бұл теңіз жағасындағы демалыс болса, енді бірі үшін - жол мен жаңа бағыттар. Автосаяхат - жағдайды өзгертудің, көбірек жер көрудің және кестеге тәуелді болмаудың ең танымал тәсілдерінің бірі болып қала береді. Дегенмен бұл еркіндіктің артында практикалық жағы бар. Кез келген алыс сапарда автомобильдің жай-күйі шешуші рөл атқарады - дәл осы фактор жолдың жайлы саяхатқа айналуын немесе сынаққа айналуын анықтайды. Tengri Auto автомобильді саяхатқа дайындауға арналған чек-лист әзірледі.

Техникалық дайындық: басты негіз

Ұзақ сапарға шықпас бұрын автомобильді мұқият тексеру қажет - бұл жайлы және қауіпсіз саяхаттың негізгі шарты.

Ең алдымен кешенді диагностика жүргізу керек: аспаның (подвеска), рульдік басқарудың және қозғалтқыштың жай-күйін бағалау маңызды. Тиісті тәжірибеңіз болса, мұны өз бетіңізше, болмаса сервисте жасауға болады.

Тексеруден кейін жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырмаған жөн. Күмәнді тораптарды алдын ала ауыстырған дұрыс - жолда кез келген ұсақ ақау үлкен мәселеге айналуы мүмкін, әсіресе ірі қалалар мен сервистерден алыс жерде.

Шығыс материалдарына ерекше назар аударыңыз. Тіпті олардың қызмет ету мерзімі ресми түрде аяқталмаса да, ұзақ жол жүрер алдында негізгі позицияларды жаңартып алған абзал. Қала ішімен салыстырғанда, алыс жолдың пайдалану режимі мүлдем басқа.

Егер автомобиль кепілдікте болса, жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден алдын ала өту логикалық тұрғыдан дұрыс. Бұл жолдағы артық қауіптер мен сұрақтардан арылтады.

Соңында, шиналар. Олардың күйі қауіпсіздікке тікелей әсер етеді: тозу, зақымдану немесе жөндеу іздері - сапар алдында оларды ауыстыру туралы ойлануға себеп.

Фото: Елена Никитенко

Көлікте не болуы керек – сарапшы кеңесі

Автомобильдегі заттардың базалық жиынтығы бір қарағанда айқын көрінгенімен, іс жүзінде дәл осы нәрселер жиі ескерілмей қалады.

"Көлікте міндетті түрде мыналар болуы тиіс: алғашқы көмек қобдишасы (жеке ерекшеліктерді ескере отырып жиналғаны жөн), авариялық тоқтау белгісі, домкрат, баллон кілті, сүйреу арқаны, қолғап және жарық шағылыстыратын жилет", - дейді тәжірибелі автосаяхатшы, автожурналист Евгений Каримов.

Егер бағыт шалғай немесе халық аз қоныстанған аймақтар арқылы өтсе, тізімді кеңейту қажет. Мұндай сапарларда маман фараларға арналған қосалқы шамдар, іске қосу сымдары (провода для прикуривания), фонарь, күрек және негізгі техникалық сұйықтықтарды алып жүруге кеңес береді. Бұл заттар көп орын алмайды, бірақ қиын жағдайда шешуші рөл атқарып, жолды айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін.

"Жазғы уақытта елімізде мезгіл-мезгіл отын тапшылығы туындап тұрады, бұған көптеген жүргізуші куә болған. Сондықтан бензин құйылған канистр міндетті түрде болуы керек. Жанармай бекеттерінің арақашықтығы жүздеген шақырым болуы әбден мүмкін, ал 20 литрлік канистр - бұл қосымша 150-250 шақырым жол", - деп кеңес береді Каримов.

Фото: Елена Никитенко

Бағыт - табыстың жартысы

"Көз жеткен жерге" тарта беру романтикалық көрінгенімен, тиімсіз. Сіз жанармай бекеттерінің, ауруханалардың, тамақтану орындарының қайда екенін және қай жерде осының бәрімен қиындық туындауы мүмкін екенін алдын ала білуіңіз керек.

"Сапар алдында уақыт кестесін (тайминг) мұқият жоспарлау қажет. Бұл әсіресе бағыт бойынша түнде тоқтау қарастырылған болса маңызды. Қазіргі заманғы көліктер жоғары жылдамдықпен жүруге қабілетті, бірақ 200 шақырымдық жолды бір сағатта ұшып өтемін деп сенудің қажеті жоқ. Жылдамдықты шектеуден бөлек, Жол жүру ережесінде радарлар мен камералар түріндегі мәжбүрлеу шаралары бар. Сонымен қатар республикалық жолдарда орташа жылдамдықты тіркеу белсенді енгізіліп жатыр. Сондықтан жолдағы уақытты есептегенде негіз ретінде 80 км/сағ орташа жылдамдықты алыңыз. Әйтпесе, таңдалған қонақүйге жете алмай, далада түнеп қалуыңыз мүмкін", - дейді Евгений Каримов.

Бағытты алдын ала зерттеңіз: ақылы жолдарды, жөндеу жұмыстарын, кептелістерді тексеріп, балама жолдарды да қарастырып қойыңыз.

Оңтайлы режим - үзілістермен күніне 400–500 шақырым. Тағы бір маңызды жайт: ымырт түскенде жүруден аулақ болыңыз. Бұл - көлік жүргізу үшін ең қиын уақыт.

Карталарды міндетті түрде офлайн режимде жүктеп алыңыз. Трассаларда байланыс тұрақсыз болуы мүмкін.

Фото: Елена Никитенко

Қазақстан - үлкен қашықтықтар елі

Қазақстанда елдің ауқымын ескеру өте маңызды. Сарапшы бірнеше маңызды жайтқа назар аударады:

байланыс жоғалып кетуі мүмкін - әртүрлі оператордың SIM-карталары болғаны дұрыс; су - міндетті (және тәтті емес); жанармай - тапшы болуы мүмкін.

"Дала мен елді мекендер арасындағы үлкен қашықтық бір байқалмайтын мәселеге әкелуі мүмкін: шөлдеу. Тамақсыз күні бойы жүруге болады, бірақ сусыз болмайды. Демек, өзіңізбен бірге су, шай сияқты тәтті емес сусын қорын алыңыз", - деді маман.

Егер асфальттан шықсаңыз

Мұнда мүлдем басқа мәселе туындайды. Сондықтан жеңіл автокөлікпен немесе кроссовермен тек асфальтта ғана емес, сонымен қатар бұдырлы жерлерде немесе таулы аймақтарда жүру жоспарланған жағдайларды бөлек қарастырған жөн. Мұндай жағдайда көлікті дайындауға қойылатын талаптар едәуір артады.

"Асфальттан тыс жерлерде қауіп-қатер де еселене түседі. Тіпті дөңгелектің қарапайым тесілуі де, жақын маңда көмек болмаса, үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Қосалқы дөңгелек бір рет қана құтқарады, ал екінші рет зақымдалса, әсіресе елді мекендерден алыс жерде жағдай қиындай түседі", - дейді Каримов.

Сондықтан мұндай сапарларға алдын ала дайындалу керек. Жүксалғышта міндетті түрде компрессор (қуатты болғаны дұрыс), шина жөндеу жиынтығы және негізгі құрал-саймандар болуы тиіс.

Радиатордың тесілуі сияқты күрделі зақымдардың болуы да ғажап емес. Мұндай жағдайларда "суық пісіру" (холодная сварка), антифриз қоры мен қамыттар (хомуттар) көмектеседі, бұл ақауды уақытша жойып, жолды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Фото: Елена Никитенко

Бәрін шешетін ұсақ-түйектер

Ұзақ жолда техникалық жағдаймен қатар жайлылықтың да маңызы зор. Егер балалармен бірге саяхаттасаңыз, ойыннан бастап кітаптар мен гаджеттерге дейін олардың бос уақытын алдын ала ойластырған жөн.

"Қуаттағыштар мен өтпелі қосқыштарды, ылғалды майлықтарды және белсендірілген көмір немесе оның баламалары сияқты денсаулық сыр бергенде қажет болатын негізгі дәрі-дәрмектерді алуды ұмытпаңыз. Әсіресе ұзақ жолдарда кофе құйылған термос та өте пайдалы болады", - деп кеңес береді Евгений Каримов.

Бір қызығы, музыканың да маңызы зор. Алдын ала дайындалған плейлист сапар бойы көңіл күйді көтеріп, жолды әлдеқайда жағымды етеді.

Фото: Елена Никитенко

Көлікпен саяхаттау - бұл еркіндік. Бірақ еркіндік дайындықты талап етеді. Көлікті тексеріңіз. Маршрутты тексеріңіз. Өзіңізді тексеріңіз. Содан кейін ғана - жолға аттаныңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары