Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Автосаяхатқа дайындаламыз сапар сынаққа айналмас үшін маршрутты қалай жоспарлау керек

Автосаяхатқа дайындаламыз сапар сынаққа айналмас үшін маршрутты қалай жоспарлау керек

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Көлікпен саяхаттау - әсіресе бағыт пен қарқын еркіндігі қажет болғанда, ортаны өзгертудің ең қарапайым әрі қолжетімді тәсілдерінің бірі болып қала береді. Бірақ "отырдым да, кеттім" деген сезімнің артында әрқашан дерлік дайындық тұрады. Дайындық неғұрлым жақсы болса, сапар соғұрлым тыныш әрі жағымды өтеді. Tengri Auto редакторы шытырман оқиға қиындыққа айналып кетпеуі үшін бағытты қалай құру керектігін тарқатып жазады.

Фото: Елена Никитенко

Мәселенің мән-жайын зерделейміз

Бәлкім, біреулерге қонақүйлерді алдын ала брондамай, алда не күтіп тұрғанын білмей жолға шығып, кейде қалалардың бірінде көпір астында түнеу ұнайтын шығар... Мұның да өзіндік ерекшелігі ("вайбы") бар екенімен келісемін.

Дегенмен қай жерден жолға шығатыныңызды, қайда бара жатқаныңызды және алда қанша шақырым жол күтіп тұрғанын нақты түсінген жөн әрі маңызды.

Бұл әрі қарай жоспарлауға негіз болады: қай жерде жанармай құю керек, қайда демалуға болады, қажет болған жағдайда қайдан көмек алуға болады? Сондықтан тревел-блогерлердің шолуларын қарауға, баратын елдердегі жағдайды зерделеуге және т.б. уақыт бөлген абзал.

Өз тәжірибемнен қарапайым мысал келтірейін. Өзбекстанға көлікпен саяхаттауды жоспарлағанда, мен бұл елдің заңдары мен олардың қыр-сырын жете зерттемедім - соның салдарынан "шекарашылар" екі смартфонымның ішін тексергенше шекарада көп уақытымды жоғалттым. Сөйтсек, олар тыйым салынған діни немесе террористік тақырыптарды анықтау үшін галерея мен мессенджерлердің мазмұнын қарауға заң бойынша міндетті екен. Екінші рет мұндай қателікті қайталамадым: телефонды жұбайыма бердім, ал өзім көлікпен шекарадан кедергісіз өттім.

Ал жанармай мәселесін мен әрқашан мұқият зерттеймін - бұл көлікпен саяхаттағанда өте маңызды. Сол Өзбекстанның жанармайы ешқашан жоғары сапасымен танымал болмаған, оның үстіне ірі қалалардан алыс жерлерде оның тапшылығы қатты сезіледі.

Фото: Елена Никитенко

"Бұл жоспарлау үшін нені білдіреді? Жүксалғышқа канистр салынады (айтпақшы, шекарадан қанша литр жанармай өткізуге болатынын білу маңызды), ал сіз қозғалтқышқа қызмет көрсету үшін сервис орталығына барасыз, өйткені АИ-80 немесе 76 жанармайымен жүрудің салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан осындай ақпараттан кейін бағытты өзгерту туралы таңдау жасауға болады.

Банкоматтар, ауруханалар және... олардың жоқтығы

Келесі қадам - инфрақұрылым. Бағыт бойындағы жанармай бекеттерін, сервистерді, ауруханаларды, жол полициясы бекеттерін және тамақтанатын жерлерді алдын ала белгілеп алған маңызды.

Кейбір елдерде немесе аймақтарда бұған қатысты өзіндік ерекшеліктер болуы мүмкін - мысалы, медициналық сақтандырудың болмауы шұғыл емделуге кедергі келтірсе, банкоматтардың жоқтығы картадан белгілі бір соманы тез арада шешіп алуға мүмкіндік бермейді.

Мүмкін, бұл ақылға сыйымсыз көрінер, бірақ барлық жерде банкомат бола бермейтіні рас (және оларда ақша болатынына кепілдік жоқ). Сондықтан қолма-қол ақша алып жүрген артық етпейді.

Жолдардың жағдайын біліп алу да маңызды. Ақылы учаскелер, жөндеу жұмыстары, қаладан шығар жолдағы кептелістер - мұның бәрі жол жүру уақытына тікелей әсер етеді.

Баламалы бағыттарды алдын ала ойластыру - жақсы әдет. Бірақ мұнда бір нәзік тұс бар: танымал айналма жолдарда да кептеліс аз болмайды, ал онша белгілі емес жолдар күтпеген қиындықтарға тап қылуы мүмкін. Сондықтан бірнеше нұсқаның болғаны және жағдайға бейімделуге дайын болған абзал.

Фото: Елена Никитенко

Бағыт: алдын ала жоспарлаймыз және жайлылық үшін бөліктерге бөлеміз

Егер сапар ұзақ болса, бағытты кезеңдерге бөлген жөн. Жайлы қарқын - демалыс үзілістерімен күніне шамамен 400–500 шақырым. Бірден 1000-нан астам шақырымды жүріп өтуге тырысу көбіне саяхатты азапқа айналдырады.

Фото: Елена Никитенко

Тәулік уақытын да ескеру маңызды: ең қиын жағдай түн емес, ымырт жабылған кез, өйткені көру қабілеті нашарлап, жолдағы жағдайды бағалау қиындай түседі. Жол жүруді күндізгі уақытқа жоспарлаған тиімді.

Техника мен гаджеттерді дайындау

Бұл - мүлдем бөлек тақырып. Карталарды алдын ала жүктеп алып, офлайн режимінде жұмыс істейтін бірнеше қосымшаны пайдаланған дұрыс (сонымен қатар баратын еліңізде дәл қазір қай қосымша іркіліссіз жұмыс істейтінін біліп алған жөн).

Қытайдан нақты мысал: Бейжіңде және басқа қалаларда кедергісіз жүру үшін A-Map қосымшасын жүктеген дұрыс, ол қытай карталарымен өте дәл жұмыс істейді, сондай-ақ қажет болған жағдайда ол арқылы такси шақыруға болады.

Скриншот: Елена Никитенко

Жолдағы интернет - әсіресе шетелде болжап болмайтын нәрсе. Сондықтан байланыссыз қалмаудың бірнеше жолы бар: роуминг, e-sim немесе жергілікті SIM-карта. Егер бірнеше телефон болса, барлық нұсқаны қосуға болады - біреуі міндетті түрде істейді.

Жолға қажетті негізгі жиынтық

Заттарға келетін болсақ, жолда артық етпейтін негізгі жиынтық бар:

су қоры жеңіл тамақ майлықтар алғашқы көмек қобдишасы (кем дегенде негізгі жиынтығы) сусыны бар термос жанармай канистрі (қажет болған жағдайда)

Сапарда балалар болса, олардың көңілін көтеру жайын алдын ала ойластырған жөн.

Фото: Елена Никитенко

Көбіне ескеріле бермейтін тағы бір жайт - атмосфера. Жолда музыканың маңызы біз ойлағаннан әлдеқайда жоғары. Плейлистті алдын ала дайындап, оны офлайн режимде сақтап қойған абзал - бұл орынсыз үзілістерді болдырмайды және бүкіл бағыт бойына қажетті көңіл күй сыйлайды.

Қорыта айтқанда, бәрі қарапайым қағидаға келіп тіреледі: жолға шықпас бұрын неғұрлым мұқият дайындалсаңыз, жол үстінде соғұрлым тосын жайттар аз болады. Демек, саяхаттың өзіне көбірек уақыт қалады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары