Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Азаматтарға арналған үкімет дағдарысы: Шымкенттегі жүйелі заңсыздықтарға кім жауап береді?

Азаматтарға арналған үкімет дағдарысы: Шымкенттегі жүйелі заңсыздықтарға кім жауап береді?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда цифрлық трансформация мен мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Бірақ бұл жүйелер тек сыртқы тиімділікпен емес, ішкі сенімділікпен де бағалануға тиіс. Соңғы айларда Шымкент қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысы осы сенімнің қаншалықты әлсіз екенін көрсетті. Бірнеше резонансты жағдай, яғни әлеуметтік төлемдерді ұрлау, жүргізуші куәліктерін заңсыз тарату және шетелдік тұлғаның атына рәсімделген электронды  қолтаңба – бәрі бір ғана аймақтық филиалдың аясында орын алды. Бұл кездейсоқтық па, әлде жүйенің ішіндегі бақылау мен басқару тетіктерінің дағдарысы ма?

Бұл туралы мәселені Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нәжметдинұлы Әлиев қозғап, Үкімет басшылығына депутаттық сауал жолдады.

– Кеше ғана Шымкентте жалған жұмысқа орналастыру арқылы жүкті әйелдердің атына әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасы әшкереленді. Тергеу мәліметінше, айыпталушы жалған еңбек келісімдері мен бөгде тұлғалардың ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, төлемдерді алып келген. Олар кімдердің қолтаңбасы, кім көмектескен соларға ие болуға? Мемлекетке келтірілген зиян көлемі – 217 миллион теңге, – дейді депутат Болатбек Нәжметдинұлы.

Депутаттың сөзінше, мұндай оқиғалар жалғыз емес. Сол филиал аясында жүргізуші куәліктерін заңсыз тарату ісі де анықталған. 500-ден астам адам арнайы емтихан тапсырмай-ақ көлік жүргізу құжатын иемденген. «Қызметтің» бағасы 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейінгі аралықта болғаны айтылып отыр. Ұйымдасқан топтың бұл әрекетінен шамамен 150 миллион теңгеден астам табыс түскен. Мұндай заңбұзушылықтар тек жол қозғалысы қауіпсіздігіне ғана емес, мемлекеттік жүйенің сенімділігіне тікелей қатер төндіреді. Қауіп бір ғана жүргізушіде емес, сол куәлікті рәсімдеуге мүмкіндік берген жүйеде жатыр.

Сонымен қатар депутат тағы бір маңызды жайтқа тоқталды.

– Ең сорақысы,  ресми тергеуде көрсеткендей, Шымкент филиалында шетелде жүрген тұлғаның атына электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімделген және бұл ЭЦҚ кейін Қазақстан аумағында белсенді пайдаланылған Тергеу барысында анықталғандай, бұл цифрлық қолтаңба компанияларды тіркеуге, салық есептерін тапсыруға, бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеуге және тіпті сот процестеріне қатысуға пайдаланылған, – дейді ол. 

Яғни, шынайы иесінің қатысуынсыз, ел аумағынан тыс жерде жүрген адамның атынан заңдық күші бар әрекеттер жүзеге асқан. Бұл – тек бірреттік заңбұзушылық емес, жүйелік қауіпсіздік стандарттарының мүлдем сақталмағанының дәлелі.

Барлық бұл фактілердің бір ғана құрылым – Шымкент қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалына қатысты болуы кездейсоқ емес. Оған қоса, депутат бұл жерде мәселе тек жекелеген қызметкерлердің немқұрайлығы мен парақорлығында ғана емес, басқару деңгейіндегі әлсіздікте екенін баса айтты. Өйткені қазіргі уақытта бұл мекеменің қызметі бір адамның немесе бір бөлімнің жұмысынан әлдеқайда кең, күрделі әрі жоғары жауапкершілік жүктейтін құрылым екенін түсінетін уақыт жетті.

Осыған байланысты депутат өзінің нақты ұсыныстарын да айтты:

1. Филиал басшылығының кәсіби жарамдылығы мен жауапкершілігін толық тексеру;

2. ЭЦҚ рәсімдеу, жүргізуші куәліктерін беру және әлеуметтік төлемдермен жұмыс істеу процестеріне тәуелсіз аудит жүргізу;

3. Соңғы 3 жылдағы барлық ЭЦҚ, әсіресе шетел азаматтарына берілімі бойынша мониторинг жүргізу;

4. Әрбір анықталған бұзушылық бойынша жеке қызметкерлермен қатар, басшылық деңгейінде жауапкершілік белгілеу.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» – ең көп жүгінетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Халықтың сенімі –   жүйенің ең басты капиталы. Ал сенімнің құлдырауы – мемлекеттік басқарудың жалпы беделіне қауіп. Сондықтан бақылау, қауіпсіздік және жауапкершілік ұғымдары қағазда ғана емес, нақты іске асуға тиіс. Егер бұл мәселе уақытылы шешілмесе, онда мұндай жағдайлар басқа аймақтарда да қайталануы әбден мүмкін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қараша 2025 16:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары