Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Азаматтық қоғам ел дамуындағы елеулі күш

Азаматтық қоғам ел дамуындағы елеулі күш

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» тақырыбында елордада өткен ХІІ Азаматтық форумда сарапшылар маңызды мәселелерді талқылады. Мәселен, сарапшылардың айтуынша, азаматтық қоғам Президент алға қойған парламенттік реформаның қалыптасуына белсенді қатысуы қажет. Сондай-ақ жалпыұлттық мәселеде бұл қоғамның рөлі ерекше. Осы орайда форум елімізде АЭС салу, экология, цифрлық даму, инклюзия, жастардың бастамаларын қолдау секілді мәселелерді ортаға салды.

Бану НҰРҒАЗИЕВА,

Қазақстан Азаматтық альянсының президенті:

– Мемлекет басшысы жарияла­ған Әді­летті Қазақ­стан тұжы­­рымдамасы аза­маттық сектор негізгі рөл ат­қара­тын жаңа әлеу­меттік келісімшартты біл­­діреді. Кейінгі жыл­дары елімізде болып жатқан реформалар арқылы қоғамдық сананы өзгерту жүріп жатыр. Бұған қоғамдық кеңес­тер, онлайн платформалар, омбудсмен институты, цифрлық платформалар, қоғамдық бақылау құралдары секілді диалогтің жаңа тетіктері әсер етіп отыр. Қазір үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мемлекеттің дамуына нақты үлес қосып келеді. Мәселен, олар жұмыс орындарын құрып, экологиялық және әлеуметтік инновацияларды енгізуге атсалысып, инвес­тиция тартуға да ықпал етеді. Еуропа ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, коммерциялық емес сектордағы ақылы немесе ерікті жұмыспен қамту құрылыс индустриясымен салыстыруға болатын халықтың шамамен 6 пайызын құрайды. Сондықтан ҮЕҰ-ны қолдауға бағытталған барлық күш-жігер жаңа қызметтер, жұмыс орындары, азаматтардың сенімі мен бел­сенділігін арттыру түрінде қайтарылады.

Мемлекет ҮЕҰ-ға әлеуметтік келісім­шарттарды жүзеге асырушы ретінде ғана емес, сонымен қатар идеялардың, ин­новациялардың көзі және жаңа ше­шімдердің драйвері ретінде қарағаны жөн.

Саранго РАДНААРАГЧА,

Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі:

– Азаматтық қоғам – ел мен қо­ғам­­ның даму мақ­сат­­тары мен мін­дет­­теріне қол жет­­кізу­де, мұқият тал­дан­ған идея­лар мен тәжірибелерді ірік­теп, әлеу­меттік күш­­тер­ді біріктіретін елеулі күш. Сон­дай-ақ азаматтық қоғам мәсе­лені шешу­дің алдыңғы қатарында, бірінші болып әрекет жасап, «жұмыс кеңістігінен» соңғы болып шығады. Біріккен Ұлттар Ұйымы өз тарапынан азаматтық қоғамның инклюзивті, ашық әрі мазмұнды әрекет етуін қамтамасыз етуге ұмтылады.

Қазақстанда БҰҰ мен азаматтық қоғам арасындағы серіктестік адам құқықтарын дамыту, гендерлік теңдікті қолдау, инклюзивті білім беру мен ерек­ше қажеттіліктері бар адам­дарға қамқорлық көрсету, босқын­дар­ды қорғау сияқты көптеген сала­да тұрақты түрде нығая түсті.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Үкіметтің азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуін нығайтуға бағытталған. Қазақстан Үкіметі тұрақты, инклюзивті қоғам құруға ҮЕҰ-ның үздіксіз белсенді қатысуын ынталандыратын бастамаларды қолдайды.

Алматыдағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттарының аймақтық орталығы азаматтық қоғам үшін аймақтық проб­лемалар мен шешімдерді жинау және талқылауға қосымша алаң бола алады. Азаматтық қоғам жай ғана серіктес емес, бұл прогрестің қуатты құрамдас бөлігі, онымен ынтымақтастықта біз барлығына тең мүмкіндіктерге негізделген лайықты болашақты құра аламыз.

Кирилл ОСИН,

«Эко-Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының директоры:

– Еліміз үшін Каспий теңізі жай ғана табиғи ресурс емес, ол орасан зор тарихи және эконо­ми­калық мәнге ие. Оны сақтау – ұлт­тық қауіпсіздік, денсаулық, өмір сапасының мәселесі. Мұны елеусіз қалдыруға болмайды. Бірақ дәл осындай сын-қатерлер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мәселен, Қазақстан Каспий маңы елдерімен одақтастықта шешімдер іздеуде көшбасшылық рөл атқара алады және атқаруға міндетті. Экологиялық қоғамдастық Каспий теңізін сақтаудың халықаралық бағдарламасын әзірлеу бас­тамасын құптайды, оны жүзеге асыруға Каспий маңы мемлекеттерін жұ­мыл­дыру қажет. Бұл өз кезегінде Үкіметтің, ғылымның, бизнестің және азаматтық қоғамның күш-жігерін бірік­тіреді.

Ал атом энергетикасына қатысты қоғам ашық диалог пен қоршаған орта мен болашақтың энергиясы арасында лайықты ымыраға келуді күтеді. «Таза Қазақстан» да жүйелі бағдарлама ретінде әзірленіп, ұзақмерзімді ұлттық идея ретінде нығаюы қажет. Үкіметтік емес ұйымдар мен экологиялық қозға­лыстардың белсенді қатысуынсыз еліміз­дегі эко­логиялық күн тәртібін жүзеге асы­ру мүмкін болмайтынын ескеру қажет.

Захира БЕГАЛИЕВА,

«ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры:

– Алдымен 2027 жылды Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеу­­меттік теңдік жы­лы ету туралы ұсы­­­нысымды білді­ре­­мін. Бұл бас­та­ма елді ортақ мақ­сат – теңдік ерек­шелік емес, тә­жі­рибеге айналатын қоғам құру төңі­р­е­гінде біріктіре алады деп есеп­теймін. Қазақ­станда әрбіріміз «Мен өзімді дәлел­деудің қажеті жоқ, бұл қоғамда менің орным бар» деп айта алатын елге айналуға қабілеттіміз. Мен азаматтық қоғамда 20 жылдан аса жұмыс істеп келемін, олар жүйенің өзгеруін күтпей-ақ, оны өздері өзгертеді.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде 742 мыңнан аса мүгедектігі бар жан тұрады. Осы уақытқа дейін еліміз көп нәрсеге қол жеткізді, мүгедектердің құқық­тары туралы конвенцияны ратификациялады, Әлеуметтік кодексті бекітті. Бірақ бұл тек нұсқаулар, мүгедектігі бар  адам мекемелерге оңай кіріп, онлайн қызметтерді ала алатын кезде ғана нақты өзгеріс болды деп айта аламыз.

Абылайхан ӘБДІРАШ,

Қазақстан «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Қазақстан жас­тары ел іргесін нығай­тып, бір­тұтас ету мақсатын еңбектері мен ұмтылыстары ар­қылы көрсетіп келеді. Біз, жастар, ортақ үйіміздің болашағы үшін жауаптымыз. Қазақстанның «Медицина жастары» – белсенді азаматтардың оң өзгерістердің қозғаушы күшіне айналуының жарқын мысалы.­ Мемлекеттің шынайы күші – әр­бір ­азаматтың жауапкершілігінде.

Мемлекет басшысы атап өткендай, жастар – идеяның, күш-қуаттың, жаңарудың қайнар көзі. Еліміздегі орын алып жатқан реформаларға үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз.

Ирина СУЛИМЕНКО,

Қазақстандық ақпараттық технологиялар және инновациялар қауымдастығының президенті:

– Елімізді жо­ғары техно­логия­лық елге айнал­ды­ру әрбір отан­да­сы­мызды тол­ған­­­дыратынына се­­­німдімін. Біз қа­зір­дің өзін­де цифр­лық экожүйе­де өмір сүріп жатырмыз және оның шын мәнін­де азаматтық – ашық, жауапты әрі қоғамдық игілікке бағытталған болуы маңызды.

Бүгінде еліміз цифрландырудың ең жоғары деңгейлерінің біріне ие. Бірақ бастысы – іске асыру жылдамдығы емес, пайдалану мәдениеті. Технология адамдар оған сенгенде ғана жұмыс істейді. Жасанды интеллектінің әлеуеті зор, әрине, егер біз оны адамның бастамасын ауыстырмай, күшейтетін салаларға бағыттасақ, әлеуметтік бақылау мен ынтымақтастық құралына айналуы мүмкін. Азаматтық қоғам саналы түрде жасанды интеллектіні қабылдаса, цифр­ландыру реформасы дамуға бағытталған қозғалысқа айналады.

Дайындаған –

Гүлнар ЖОЛЖАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 13:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары