Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам экологиялық білім беруде бірігеді

Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам экологиялық білім беруде бірігеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Таяуда елордада Азаматтық форум өтті. Ілкімді іс-шара аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan компаниясы мен ««Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы» ЗТБ арасында «ReStart» бірлескен жобасын іске асыру жөніндегі  жоспарға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоспар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көрсетілгендей ауқымды экологиялық апат қаупіне алаң көңілмен қарап, студент жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен айналмалы экономиканы дамытуға тарту бағытында, сондай-ақ «Білім туралы» Заңға сәйкес әзірленді. Қол қойылған жоспардың мақсаты – экология, тұрақты даму мен экологиялық білім беру саласындағы бастамаларды іске асыруға мемлекеттің, азаматтық қоғамның және бизнестің өзара іс-қимылының нақты платформасын құру.

Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге әрі «жасыл экономика» негіздерін елдің жоғары білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған. Жоспардың негізгі міндеттерінің қатарында экологиялық білім беру мен тәрбие саласындағы Жастар бастамаларын дамытуға жәрдемдесу, ЖОО базасында студенттік эко-клубтар мен ғылыми қауымдастықтарды дамыту, әр қалдықты бөлек жинау мен «жасыл кампустарды» дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ «жасыл» жобаларды ілгерілету және серіктестер мен инвесторларды тарту бар.

Жоспар CCI Kazakhstan компаниясының он жылдық тәжірибесі мен табысты «3.2.1. Start!» жобасының жетістіктеріне негізделген, және де ол жоба биылғы жылы «ReStart» деп аталатын жаңа форматқа көшіп, тұрақты даму мен эко-ағартуға назар аудара отырып, пластикті бөлек жинау әрі қайта өңдеу мәдениетін дамытудың ең ірі экоплатформасына айналды. Тек қана 2024 жылдың өзінде жоғары оқу орындарының студенттері – ҚазМАУ, ҚБТУ, Satbayev University, ҚазҰАЗУ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ және басқалар -17 тоннадан астам пластикалық қалдықтарды жинап, оларды жаңа бұйымдарға айналдырған.

Биыл жобаның тоғызыншы маусымында студенттердің жалпы саны 100 мыңнан асатын 14 ЖОО қатысты. Бір жыл ішінде студенттер 35 тоннадан астам пластик жинады, бұл өткен маусымның көрсеткіштерінен асып түсті және жоба бүкіл ел бойынша 15 сенбілік өткізді. CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік және реттеуші қатынастар жөніндегі директоры Әлима Исембаева жоспарға қол қою рәсімінде сөз сөйледі.

«Биыл жоба өзінің онжылдығын атап өтуде, ол дамудың жаңа кезеңімен – «ReStart» жаңартылған атауымен және ауқымды миссиясымен, студенттердің күнделікті өміріне қалдықтарды жүйелі түрде бөлек жинауды әрі орнықты даму қағидатын енгізе отырып, елдің одан да көп университеттерін қамту сынды мәселемен сай келіп отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жұмыс істеу-азаматтық қоғамның, мемлекеттің және бизнестің тиімді серіктестігі нақты нәтижеге қалай қол жеткізетінін әрі экологиялық жауапты ұрпақты қалыптастыра алатынын көрсететін маңызды қадам», деді ол.

Жобаны іске асыру жылдарында ондаған студенттік эко-клубтар құрылды, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеу бойынша көптеген бастамалар әзірленді, олардың көпшілігі университеттердің тұрақты тәжірибесіне айналды. Атап айтқанда, Satbayev University-де пластикалық қақпақтарды жинау және оларды шағын сәулет нысандарының элементтеріне қайта өңдеу жүйесі енгізілді, ҚазҰАЗУ-да «Жасыл кампус» жобасы іске асырылды, ал М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да студенттер қайта өңделген пластиктен жасалған кәдесый желісін дамытуда.

«ReStart» – тың жарқын түлектерінің қатарына Rocket Plastic, Recycle Birge және EcoCashback – тұрақты инфрақұрылымдар мен дамуды жалғастыратын әлеуметтік кәсіпорындарға айналған стартаптар кіреді. «ReStart» бастамасы – тұрақты дамудың жаңа кезеңі әрі Қазақстанның 2030 – күн тәртібін іске асыруға қосқан үлесі болмақ. «Біз мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуі үшін берік негіз құратынына сенімдіміз», деді Коалицияның Басқарма төрағасы Әлия Рахымбекова.

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы» ЗТБ құрылған сәттен бастап елімізде тұрақты даму мен климаттық ағарту идеяларын ілгерілетудің сараптамалық, әдістемелік және қоғамдық орталығы саналады. Құжатқа Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ведомствоның Аппарат басшысы Мадияр Қожахмет қол қойып, игі шара экологиялық білім беру мен жастар тәрбиесін дамытудағы маңызды қадам екенін айтты.

«ReStart» жобасы-жастардың экологиялық ойлауы мен табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін бірлесіп қалыптастырудың жарқын мысалы. Жоспарды іске асыру айтарлықтай нәтиже беретініне әрі еліміздің тұрақты болашағын дамытуға үлес қосатынына сенемін», деді Мадияр Қожахмет.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 16:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары