Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Азиядан алаулаған жалын

Азиядан алаулаған жалын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Коллаждарды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Сөз басындағы «Қорқыттың сарыны» атты шығармасында мынадай жолдар бар: «Бақсымын жырлап сарнаған,

Денем жоқ әсер бармаған.

Мидағы жыным‚ түгел кел,

Хақиқат iске арнаған!». Бізге өткенде ғана ұшырасқан атаулы туынды бұрыннан көкейге түйген жорамалды байламымызды біржола бекіткендей әсер етті. Осы сұмдық тақырыпты Шәкәрімнен соң Олжас Сүлейменов тіптен жеріне жеткізе жырлап, ғарыштық ғаламатқа ұластырып жібергенін бүкіл қазақ, оның сыртында күллі түркі халықтары мақтанышпен үнемі ай­туға тиіс еді ғой. Бірақ біздің заттан­ған санамыз оған жар бере ме? Сүлей­меновтей адамзаттық ақынды неге сүйе­ді жұрт? Өйткені ол ұлттың баба таны­мына қанат бітіріп, халықтың түп­са­на­сын жаңғыртты. Ұлттық кодты әкелді поэзияға. Мағжаннан, Шәкәрімнен кейін өз заманының мінберінен «Азия алаулары» деп жырлады. Мүмкін ол заманды, ежелгі дәуірлердегі руханияттың асыл өзе­гін арқасымен ұстап тұрған бақсылар болса, Олжас та өз уақытының бақсысы емес пе? Жүзжылдықтар, мыңжылдықтар өткенде бір ұғымдардың орнын екіншісі алмастырады, бір құндылықтарды басқа­сы ауыстырады, қайбір қасиеттердің тек­­ атауы сақталып, қызметтері өзгеріп ке­туі­ бек мүмкін. Бақсы түсінігі де тап сол секілді, ұл­ты­ның бағына туған бақ­шы­­лар (ар­қалы азаматтар) халқының бақ-жұл­дызын жақпай қоймайды. Сол үшін мех­натты жолдан өтіп, азап кешіп, қал­ғы­­ған сананы оя­тып, ұлы рухтарды тіріл­теді. Ғасыр­лардың бетін бүркеген қою тұ­манды ала­пат рухымен түреді. Қайғы әкел­ген қара бұлттарды күн нұ­рын­­дай тіл­гілеп жарық әлемге жол ашады. Ол­жас­тай аруақты ердің, арқалы ақынның аузына сонда Құдай «Азия алау­ларын» салды. Бұл жыр оған дейін тұн­шық­ты­ры­лып келген ұлы рухтың әбден пісіп- же­тіліп, аспанға тік шаншылуы еді. Өйт­кені ақынның өзі жырлағандай, жер бе­тінде шын тұлпарлар бәйгесіне жол қалмағандай, бақсылық сарындарға да бұл жақта кеңістік қалдырмаған еді.

Жер төсінен аспанға тік көтерілген мұн­дай ғаламат рухтың сойы Мағжанның «Пай­ғамбар» өлеңінде көрінген. «Ұзын Орал – күн мен түн шекарасы» жырында ойқастаған. Шәкәрімнің «Қорқыттың сарыны» жырында төбе көрсеткен. Сол алапат рух тасқыны 1964 жылы Олжастың қа­ламынан туғанда, тіл жеткісіз, тек қана түйсікпен сезініп білер мұндай гәпті кеңестік санадағы адамдар түсінбей аң-таң бол­ғанына күмән жоқ. Бәлкім соқырдың күнге қарағанындай құбылыс сонда орна­ған шығар, кім біліпті? Гәп онда да емес, өлеңнің тым алысты көруінде. Олжасты оқысаң, адамзат қай жерден жаза басқаны, кісі баласының күмәнді сапары, күллі игілік үшін тұңғыш от жаққан бақсылар мен жақсылардың ұлы жорығы елес береді.

Ақын бақсылар жаққан отпен әлемді аластап, адамзат баласын негізгі бастау – ізгілік жолына түсіруді көксейді. Ұлы Дешті қыпшақ даласында біздің дәуірімізге дейін таңбаланып қалған күнбасты халықтың қадір-қасиеті сонда ғана ептеп-ептеп елес беріп, сананы түрткілейді. Өлең құдіреті дегеннің бір пұшпағы осында. Біреулер бар өмірін сарп ете жүріп жеткен ғаламатты қиял әлемінде сомдап, көз алдына қоя салады.

«...Бақсылардан – табынғаның от күнге,

Бақсылардан – бидай, тары ектің бе?!

Бақсылардан – күй мен би де әдемі,

Бақсылардан – дәмі піскен еттің де.

Сол бақсылар тас тапқандай бүйректен,

Алмас іздеп сүлделерін сүйреткен.

Сол бақсылар құрбандыққа шалынып,

Өрт ішінде, басқаларды үйреткен.

Сол бақсылар – ой-сезімді түлеткен,

Сол бақсылар – елге өнерді құл еткен.

Кереңдерден Бетховендер тудырып,

Гомерлерді тудырған да түнектен» (Қадыр Мырза Әлидің аудармасы) деп әрі қарай жалғасып кете береді. Әрине, бұл өлеңді тарихи санасы кесіліп, рухани тамырынан ажырап қалғандарға түсіндірудің қажеті жоқ. Көне дәуірлердің рухын тұла бойымен сезіне алмаған адам мұндай тақырыпқа қалам тарта алмайды, арғы түріктер туралы жаза алмас еді ғой. Ал бақсылар жаққан отты Азия алауларына балап, әлемді аластағысы келген түйсіктің күшіне тең келер не бар? Ақылға сыя бермейтін құбылыс. Және соған иландыру... Ол енді біздің түріксарынды Олжас ақын қолынан ғана келді.

Қазақ поэзиясында осы туындының жалғасындай тағы бір туынды Есенғали Раушановта бар. «Бақсы билеп жүр. Жанады жантақ қандай қурап тұрған, Сол отқа жүгіреді ол зулап қырдан» деп басталатын өлеңде де адам сенгісіз қасиеттер қылаң ұрады. Олжекең болса, сөз етіп отырған өлеңді әдемі түйіндейді: «Олар бәрін сіздер үшін тұтынды, апиынды кім ішсе, сол тұтылды», деп бақсылар қасиет үшін жаққан отты енді наша ретінде тұтатып ләззатқа бөленген жұрт туралы сөз етеді. Ақыр соңында: «От-алауды ойлап тапқан бақсыны, түтін үшін өртедіңдер өздерің», деп наша түтіні мен саудасына тұншыққандарға Азиясының көзімен аларып қараған ақынның оқты көзі әлі күнге әлемге сол күйі қадалып тұрғандай.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары