Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Азиядан 6 алтын медаль!

Азиядан 6 алтын медаль!

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында ересектер арасында бокс­тан Азия чемпионаты аяқталды. Екі аптаға ұласқан бәсекеде боксшылар құрлық үздігі атануға барын салып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатынан 3 қола, 1 күміс, 4 алтын медаль олжалады.

Әлқисса, бұл Азия чемпиона­ты­ның өзіндік мәні зор, ерекшелігі де ба­сым. Олай болатыны Дүниежүзілік бокс ұйымы (World Boxing) құрылған үш жылдың ішінде құрлық додасын өзі бас болып алғаш рет ұйым­дас­тырды. Азияның о шеті мен бұ ше­тіндегі барлық елге сауын айтылған. Ұзын-ырғасы 21 елден боксшы додаға түсті.

Жылқы жылындағы дақпырты басым, даңқы жоғары додалардың бірегейі саналатын құрлық чемпионатына ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов кіл жүйрігін бәйге­ге салды. Жаттықтырушылар ұжымы кеңесе келе әр салмақ дәрежесін­де тегеурінді саңлақтарға сенім артты. Сенім қаншалықты ақталғанына тоқталсақ.

50 кг салмақ дәрежесінде әлемнің екі дүркін  чемпионы Санжар Тәш­кенбай күтпеген жерден үндіс­тандық Вишванаш Сурешке есе жіберді. Жеңілгенде де төрешілер қарсыласының айқын басым түскенін бағалап, 0:5 есебі тіркелді.  Санжар 2021 жылы Азия чемпионы атанып, 2024 жылы күміс медаль еншілеген еді. Әлі де бір қайнауы кемшін екені көзге ұрып тұрды. Құрлық біріншілігінен  Ерасыл  Жақпековке (80 кг) де жүлде бұйырмады. Ширек финалдық айқаста Өзбекстан боксшысы әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоевке есе жіберді. 2024 жылы Азия чемпионатының күмісін еншілеген жерлесіміз тегеурінді қарсыласының шеңгелінен шыға алмады.

Моңғолия төрінде кімдерге жүлде бұйырды? Әлемнің екі дүркін чемпио­ны Махмұд Сабырхан (55 кг) Азия чемпионатының қола медалін еншіледі.  Ширек финалда сыралғы қарсыласы өзбекстандық Шахзод Мұзафаровты ығыстырып, жартылай финалға жеткен еді. Моңғолия боксшысы Билгуунсайхан Хархууге есе жіберді. Моңғол боксшы­сының бұған дейін шыққан биігі – әлем чемпионатының ширек финалы. Ал Махмұд 2024 жылы Азия чемпионы атанды, 2022 жылы финалда сүрініп, күміс жүлде еншіледі. Жерлесіміздің әлемдік додаларды даралана қоймаған қарсыласына есе жіберуі біраз жайтты аңғартса керек. Ертуған Зейнуллинов (65 кг) Азия чемпионатына алғаш рет қатысып, қола жүлде бұйырды. Алдымен тай­пейлік Ю.Линді жеңіп, ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровты сүріндірген. Жартылай финалда таиландтық Бунджонг Синсриге есе жіберді. Қоржынға үшінші қола медальды Сағындық Тоғамбай (90 кг) салды. Ширек финалда қытайлық Хан Хуеженнен басым түскенімен, жартфылай финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Халимжон Мамосалиевке есе жіберді. 2024 жылы Азия чемпионы атанған саңлақ сол биігіне екінші рет ат байлауға аттанып еді, бұйырғаны қола медаль болды.

Азия чемпионатының финалдық сынына бес боксшымыз шыққан. Төрехан Сабырхан (70 кг) ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпиона­тының финалдық бәсекесінде сүрініп, күміс медальды місе тұтты. Алтын  жүлде жолындағы тартыста алдымен тәжікстандық  Шамшиер Саидовты жеңді, жартылай финалда қытайлық Пейченг Уангты ығыстырды. Ал  финал­дық тартыста иорданиялық Зейад Ишаишті еңсере алмады.

Оразбек Асылқұлов (60 кг) екі жыл бұрын Азия чемпионатының күмісін қанағат тұтып еді. Бұл жолы Ұлан-Батыр рингінде дауыл тұрғызды. Әлем чемпио­ны Оразбек алдымен Филиппин елінің боксшысы Пол Джулифер Басконды бет қаратпай жеңді. Ширек  финалдағы қарсыласы  жапон Шунсуке Китамото жарақатын желеу етіп, айқастан бас тартты. Ал жартылай финалдық сайыста өзбекстандық Абдурахман Махмуджановты 3:2 ұпайымен еңсерді. Алтынды қанжығасына бөктерер жекпе-жекте үндістандық Сачин Сачинді сілелетіп жеңісті жұлып алды. Қазақ боксының тарихында Оразбекке дейін 60 кг салмақта Нұржан Кәрімжанов (1999), Айдар Әмірзақов (2011), Берік Әбдірахманов (2013) топ жарған еді.

Қанжығамызға екінші алтын медалды Сабыржан Аққалықов (75 кг) бөктерді. Жастардан ересектер сапына енді ауысып, бой үйретіп алған бокс­шы  тегеурінді қарсыластарын бұйым құрлы көрген жоқ. Тіпті бір-екеуін зілдей соққысымен сұлатып салып, нокдаунға да түсірді. Ширек финалда жапон Тайга Ягиді ығыстырса, жартылай финалда Моңғолия боксшысы Далай Ганзоригті 1-раундтың өзінде екі рет нокдаунға түсірді. 2-раундта рефери жекпе-жекті тоқтатты. Финалдық тартыста өзбекстандық Жавохир Абдурахимовты айқын жеңіп, алтын медаль еншіледі. Сабыржан 2022 жылы жастар арасында Азияның үздігі атанған еді, енді ересектер қатарында да қара үзіп отыр. Бұл салмақта 1994 жылы Аркадий Топаев, 2004 жылы Генадий Головкин, 2013 жылы Жәнібек Әлімханұлы, 2019 жылы Тұрсынбай Құлахмет  Азия чемпионатының алтынын олжалады.

Әлем чемпионы, Париж Олим­пиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға бұйырмай келген бәйгенің бірі Азия чемпионатының алтын медалі еді. Кемшін соққан тұсын саңлақ Ұлан-Батырда бүтіндеді. Жеребе оңтайлы түсіп, айқасты бірден жартылай финал кезеңінен бастаған жерлесіміз  моңғол боксшысы  Бариахаан Доржды сүріндіріп, финалдық тартыста өзбекстандық Жасурбек Юлдошевты жеңді. 85 кг салмақта 2024 жылы Бекзад Нұрдәулетов Азия чемпионы атанған еді.

Нұрбектің сыңары Айбек Орал­бай аса ауыр салмақта (+90 кг) Азия құр­лығының үш дүркін чемпионы атанды. 2022, 2024 жылдары өзінің теңдессіз екенін көрсеткен оғлан биыл да бабында жүргенін аңдатты. Ұлан-Батыр рингінде Айбек ширек финалда өзбекстандық Арман Махановты, жартылай финалдық тартыста түрік­менстандық Довлет Исламовты жеңсе, финалдық сайыс­та Қытай елінің сенімін арқалаған Данабек Байқоныстан  басым түсті. Қазақ боксшыларының арасында Азия чемпионатында үш мәрте топ жарған тек Василий Левит еді, Айбек те сол межеден көрінді. Осы Азия чемпионатында аса ауыр салмақта төрт бірдей қазақ боксшысы тартысқа түсті. Арман мен Данабектен өзге Моңғолия ұлттық құрамасының сапында Бекнұр Қали  бағын сынады.

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия чемпионатынан 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншілесе, жігіттер 4 алтын, 1 күміс, 3 қоламен жүлдені бөктерді. Жалпы командалық есепте 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен көш бастадық. Үндістан боксшылары 5 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алып екінші сатыға ор­нықса, Өзбекстан спортшылары 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль еншілеп үштікті түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55

«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»

Сұхбат • Бүгін, 08:50

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

Руханият • Бүгін, 08:45

Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология

Ғылым • Бүгін, 08:40

Қаныштың Қытайға сапары

Тарих • Бүгін, 08:35

Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі

Ғылым • Бүгін, 08:30

Өндіріске серпін берген өнертабыстар

Ғылым • Бүгін, 08:25

Ғылыми әлеует – мемлекет дамуының стратегиялық тірегі

Пікір • Бүгін, 08:20

Ел өркендеуінің айтулы кезеңі

Ата заң • Бүгін, 08:15

Қоғамдық көлік жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір

Саясат • Бүгін, 08:05

Экология заңдарын жетілдіру маңызды

Саясат • Бүгін, 08:02

Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды

Саясат • Бүгін, 08:00

Экономикалық әріптестік нығая береді

Саясат • Бүгін, 07:58

Көп жылғы ізденіс нәтижесі

Пікір • Бүгін, 07:55

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары