Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Орталық Азиядан Күншығысқа: келешекке жол ашқан келісімдер

Орталық Азиядан Күншығысқа: келешекке жол ашқан келісімдер

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл жолғы жиында да тараптар жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді. Осы орайда халықаралық диалог қалай қорытындыланып, Орталық Азия елдері көшбасшыларының Күншығыс жұртына сапары қандай нәтижелер бергенін талдап көрдік.

Бейбітшіліктен бастау алған байланыс

Орталық Азия аймағының Күншығыс елімен байланысы бүгін басталған жоқ, сонау 1990-жылдардан бері түрлі салада күш біріктіруге көшті. Мысал ретінде Қа­зақ­стан мен Жапонияның халықаралық саяси ареналарда ядролық қаруларды шек­теуге үндейтін бейбітшілік бастама­ларын айта аламыз. Тіпті, біз сөз еткелі отырған «Орталық Азия – Жапония» сам­миті алғаш рет 21 жыл бұрын өткізілген еді. Сон­дықтан Күншығыс елі бізге таңсық емес. 

– «Орталық Азия – Жапония» фор­ма­тының 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқаны Жапонияның аймаққа деген ұзақ­мерзімді стратегиялық қызығушы­лығын және өзара қарым-қатынастың эво­люциялық түрде дамығанын көрсетеді. Токио мен Қазақстан арасындағы қа­тынас­тарда бастапқы кезеңнен-ақ «жұм­сақ күш» саясатына, сенімге негізделген серіктестік қалыптастыруға басымдық берілді. Қазір бұл тәсіл аймақта Жа­понияға деген оң имидж­дің орнығуына, сондай-ақ саяси элиталар деңгейінде өзара түсіністіктің нығаюына ықпал етті деуге болады. Нәти­же­сінде, ынтымақ­тастықты одан әрі терең­деткен берік институционалдық негіз қал­ып­тасты, – дейді саясаттанушы Жанерке Қай­ратқызы.

Осы тұста біз Қазақстан Орталық Азия­дағы көшбасшы позициясын ны­ғайта түскенін аңғарамыз. Бұның бір мысалы – аймақ пен Жапонияның тауар айналымы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барға­нын­да Қазақстан мен Күншығыс елінің ара­сындағы алыс-беріс былтыр 2 млрд долларға жеткенін, бұл – Жапония мен Орталық Азия арасындағы сауданың 70 пайызы екенін айтты. Сонда екі тараптың жалпы тауар айналымы шамамен 2,85 млрд долларды құрайды. 

Биылғы 9 айдың өзінде екі ел арасын­дағы сауда 1,3 млрд долларға жетті. Қазақ­стан тарапы жапондықтарға шикізатымен маңызды болса, еліміз олардың жаңа тех­нологиясы мен көліктеріне қызығады.

Экономикалық тұрғыда инвестиция­лардың да мәні орасан. Орталық Азияны қолдауда Күншығыс елі басқалардан кем емес. Қазақстанның сыртқы сауда палата­сының дерегінше, осы уақытқа дейін жапон инвестицияларының көлемі 8 млрд доллар болған. Ал Өзбекстанға 2017-2024 жыл­дар аралығында 184 млн доллар инвес­тиция құйса, Тәжікстанға 2023-2024 жыл­дары шамамен 42,5 млн доллар қаржы салған. Қырғызстан мен Түрікмен­станның инфрақұрылым, ауыл шаруашы­лығы бағы­тындағы жобаларына да жапондықтар қол­дау көрсетіп келеді. 

– Жапония сөзсіз әлемнің алпауыт мемлекеттерінің бірі екенін АҚШ-тың өзі мойындайды. Бұл ел озық технологиялары, экономикасымен ғана емес, мәдениетімен де өзгелерге үлгі. Жаһандық тәртіп пен сая­сат өзгеріп жатқан тұста жапондар өз мүд­десі мен орны барын анық білдіріп отыр. Сондықтан Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азиядағы көршілерімізге де Күн­шығыс елімен саяси қарым-қатынас орнату, жапондық компания­лардың үлесін арттыру маңызды, – деп топшылады Қаз­бек Бейсебаев.

Компания дегеннен шығады, қазір Қазақстанда 60-тан астам жапон кәсіп­орны табысты жұмыс істеп жатыр. Sumitomo, Marubeni, Toshiba, Mitsui секілді алыптар отандық нарықта орнығып үлгерген. Мұны­мен шектелмей, саммит­тен кейін жапондық инвесторлар еліміз­дегі шағын және орта бизнесті қолдауға ниеттеніп отырғандарын жеткізген көрінеді. 

– Кейінгі жылдары болған геосаяси және геоэкономикалық өзгерістер Орта­лық Азияның маңызын айтарлықтай арт­тырды. Аймақтың табиғи ресурстық әлеу­еті, стратегиялық көлік дәліздері және өсіп келе жатқан нарығы Жапония­ны ынты­мақ­тастықты одан әрі тереңде­тіп, оны нақты практикалық шешімдер дең­гейіне көшіруге серпін берді. Осы тұрғыда Токио декларациясының қабыл­дануын аталған үдерістің логикалық әрі заңды нәтижесі ретінде бағалауға бола­ды. Сам­мит мазмұны декларативті мә­лім­деме­лер­мен шектел­мей, инновация­лық жобалар­ды, техноло­гия трансфері, энер­гетика және адами капиталды дамы­ту мәселесін қамтыды. 150-ден астам ынты­мақтастық құжатына қол қой­ылуы кезде­судің тек фор­малды сипатт­а өтпе­генін аңғартады, – деді сая­саттанушы Жанерке Қайратқызы.

Мүдделердің маңызы

Жалпы, саяси диалогтарда бірінші кезекте әр тараптың мүддесі ескерілетіні даусыз. Мәселен, АҚШ Орталық Азия­ның сирек металдарына қызықса, аймақ елдері ірі державаның технология­лық мүмкін­діктеріне қол жеткізуге тыры­сады. Қытай аймақты Еуропа нары­ғына шыға­тын көпір санаса, бес ел ол ұсыныс­ты ескеріп, көлік-логистика желісінің ин­фрақұрылымына инвестициялар тар­ту­ды көздейді. Бұндай мысалдар толып жатыр. Ал Орталық Азия Жапонияға не бере алады, өтеміне не алады? 

Бұны білу үшін алдымен саммит қоры­­тындысы бойынша қабылданған келісім­дерді шолып көреміз. Өткен аптада Орта­лық Азия елдері мен Жапония ара­сындағы жаңа ынты­мақтастық баста­малары жария­ланды, онда алдағы 5 жылда сауда мен ин­вестицияны арт­тыруға ба­ғыт­талған биз­нес жобалар көл­емі 19 млрд долларды құрағаны жазылған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиында Жапония үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетіл­діруге атсалысқысы келіп отырғанын, бұл шешімді толық құптайтынын жеткізді. Яғни, Күншы­ғыс елі аймақтың транзиттік әлеуетін жақ­сар­туға мүдделі. Орталық Азияның Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасын­дағы негізгі сауда жол­дарын тоғыстыратын арна ретіндегі рөлі жапондықтар үшін тың мүмкіндік бермек. Азия мен Еуропа бағы­тында құрлық жолы­мен тасымалданатын жүктің 80 пайыздан астамы Қазақстан арқы­лы өтетінін шет­ел­діктер түсініп отыр. 

– «Орталық Азия +» форматындағы сам­миттің маңызы айрықша артты. АҚШ-пен, Еуропаның ірі елдерімен, Қытай және Ресей­мен, енді міне Жап­ония­мен ауқымды жоба­ларды бірге атқа­ра­мыз. Алпауыттар үшін аймақтың қызығар тұсы көп, біз де соған орай құр қалмауымыз керек. Табиғи ресурс­тарға, шикізатқа бай екеніміз жасырын емес. Саясат құбылып тұрған шақта өз мүдде­мізді орнықтырып алған жөн. Жақында АҚШ бас­шысы Дональд Трамптың өзі Қазақстан Пре­зидентіне ерекше ілтипа­т­ын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс бағыт таңдап отыр, маңызды әрі пайдалы келісімдерге қол жеткізіп жат­қан­ымызды бағалау қажет, – дейді сарапшы Қазбек Бейсебаев. 

Келісімдер тізімі бұнымен шек­тел­мейді. «Таза» энергетиканы дамытудың ұзақмер­зімді стратегиясы, жаңа энерге­ти­калық жүйеге көшуге қажетті ресурс саналатын сирек минералдарды игеру бастамалары бар. Сондықтан Қазақстан тарапы Жа­пония­мен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылу­ын құптады. 

Саясаттанушы Жанерке Қайратқызы­ның сөзінше, Орталық Азия елдері табиғи рес­урстар мен өндірістік әлеует ұсынса, Жа­пония аймаққа технология, инвестиция және басқару тәжірибесін әкелуге дайын. Бұл барлық тарап үшін де ұтымды, ұзақ­мерзімді серіктестік моделі. Бұрын аймақ мемлекеттері ресурстарын кез келген шарт­пен сатуға дайын болса, қазір ол артта қал­ды. Орталық Азия мемлекеттерінің әлем­дегі беделі, соның ішінде аймақ ретін­де ұжым­дық мүдделерін қорғауының күш­еюі келіссөз­дердегі пози­циясын нығайтып отыр. 

– Мысалы, Жапония уранды толықтай сырттан импорттайды. Алайда атом энер­гетикасы елдің энергетикалық қауіпсіз­дігін қамтамасыз етудегі маңызды тетік. Соны­мен қатар Күншығыс елі үшін жо­ғары тех­нологиялық және өндірістік бәсе­кеге қабілеттілікті сақтау мақсатында сирек кездесетін металдар да стратегиялық маңызға ие. Электроника, жартылай өт­кізгіштер, жасыл энергетика және авто­көлік өнеркәсібі осы ресурстарға тікелей тәуелді. Жапония бұл салада импорт көздерін әртараптандырғысы келеді. Токио бір ғана жеткізушіге байланбау үшін баламалы серіктестер мен жаңа нарық­тарды іздеуде. Осы тұрғыда Орта­лық Азия, соның ішінде Қазақстан Жапония үшін маңызды бағыттардың біріне айналды, – деп атап өтті сарапшы Ж.Қайратқызы.

Саммитте Қазақстан Президенті Орта­лық Азияда қуатты агроөнеркәсіп кешені барын еске салды. Сондықтан аймақ жа­һан­дық азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету ісінде маңызды рөл атқара алады. Қазақстан Жапонияның ресурс үнемдеу технологиясына, шөлге төзімді дақылдар селекциясына, «ақылды» фер­ма­ларды дамы­ту тәжірибесіне қызыққан. Енді та­раптар ғалымдардың да басқосуын өткізуі мүмкін.

Орталық Азияның жайын сөз еткенде су тапшылығы мәселесін айналып өту мүмкін емес. Жыл басынан бері Қазақстан тарапы проблеманы жаһандық мінбер­лерде бірнеше мәрте көтергенін талай айттық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін­ше, аймақ қазірдің өзінде су тапшылығын сезінді. Кейінгі 20 жылда өңірде жан басына шақ­қанда сумен қамту көлемі шамамен 30 пайызға төмендеді. Оның үстіне, су ресурс­тарының 70 пайызға жуы­ғы – трансшек­аралық. Каспий теңізінің тартылуы алаң­даушылық туғызады, ал Арал экологиялық апаты су ресурстарын ретсіз пайдаланудың салдары қандай қайғылы болатынын көр­сетті. Сондықтан Президент Жапонияның су саласын автоматтандыру және цифр­ландыру тә­жірибесіне ерекше қызығушы­лық таны­татынын ашық айтты.

Сол арқылы су үнемдеудің озық тех­но­логияларын алмасу, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және Жерді қашықтан зондтау секілді Бірлескен су шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуге болады. 

Маңызды келіссөздердің ішінде Токио­­ның Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасы бар. Бұған қоса, алдағы уақытта Орталық Азия елдер­інде жапон университеттерінің бөлім­шелері ашылуы мүмкін. Яғни, серіктестік білім саласында да нығаймақ. 

Бұл аталғандар саммит қорытын­ды­сының  бір бөлігі ғана іспетті. Әйтпесе, әр құжатқа жеке тоқталар болсақ, эконо­ми­каға дем беретін жобалардың өте көп екенін көрер едік. Қалай алғанда да, Орта­лық Азия елдері көшбасшыларының Күншығыс еліне сапары сәтті өткені анық.

Мадияр ТӨЛЕУ 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see194

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see168

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see167

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see162

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see156

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see147

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see145

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see141

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see135

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see133

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see132

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see127

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see126

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see118

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see118

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see114

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see108

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see107

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see106

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары