Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАД тың бәрі саулық сыйламайды

БАД тың бәрі саулық сыйламайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ол шамамен 2 ай ауырғанда, медициналық көмекке жүгінбей, өз бетінше дәстүрлі емес әдістермен емделген. Дәлірек айтқанда, бірнеше ай түрлі ББҚ өнімін (биологиялық белсенді қоспа) алып ішіп, тіпті онысын жақындарынан жасырып, кредитке де алған. Нәтижесінде, ісік бірнеше есе жылдам өсіп, жағдайы күрт нашарлайды. Кейін Алматыдағы онкология орталығына барып, мамандар шұғыл отаға кірісіп, науқастың өмірін сақтап қалды. Қазір ол химиотерапиядан өтіп жатыр, мамандардың ұдайы бақылауында. Жұрт «БАД» деп атап кеткен өнімдерге қатысты қауіпті жағдай жиілегенімен, жұрттың сенімсіз өнімдерге құмарлығы басылмай тұр.

Былтыр елімізде 1,5 мыңнан аса адам биологиялық қоспаны заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тар­тылған, яғни олар халыққа мемлекеттік тіркеуден өтпеген қауіпті өнімдерді сатып келген. Ал 2024 жылы 107 биоло­гиялық қоспаның 28-сі техникалық рег­ламент талабына сәйкес келмей, сатудан алынды. Дегенмен дәріхана мен дүкен сөрелерінде кеселге әкеп соқты­ратын тауарлар әлі де бар. Себебі Санитарлық-эпидемиоло­гиялық бақылау комитеті шағым түссе немесе жоспарлы түрде ғана кей өнімдерді зерттеуден өткізеді. Комитеттің бас сарап­шысы Гүлбану Есдәулетова ең алдымен өнімнің құжатына зер салу керек екенін мәлімдеген еді.

– Байқасаңыздар, қазір жарнама таратушылар әлеуметтік желілерде ББҚ-ның сертификаты бар деп айтып жатады. Биологиялық белсенді қоспалардың қау­іп­сіздігін растайтын бір ғана құжат бар, ол – мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлік, – дейді маман. 

Халық көз сүрінетін жарнаманың құдіретіне сенгені сонша, ББҚ-ны он екі мүшені түгелдей емдеп жазатын кере­меттің біріндей көреді. Мамандардың айтуынша, бұл керемет өткен ғасырдың бірінші жар­ты­сында ғана пайда болған, ғылыми тұр­ғыдан толық зерттелмеген. XX ғасырда америкалық химик Карл Ренборг Қытай түрмесінде жатқанда, аштан өлмеу үшін түрлі шөптесін өсім­діктерді жинап, осы өнімді жасайды екен. Түрмеден шыққан соң бұл істі ермек етіп, тәжірибесін дамыта түседі, алғашқы өнімін достарына тегін таратып та көреді. Жақындары тегін дүниеге күмәнмен қара­ғандықтан, әлемдегі алғашқы дис­трибьюторлық желіні ойлап тапты. Желілік маркетинг осылайша өмірге келген екен. Өткен ғасырдан бастау алған бұл өнімнің пайдасы мен зияны жөнінде Астана медицина университеті, академик Е.Даленов атындағы профилак­тикалық медицина ғылыми-зерттеу инс­титутының жетекші ғылыми қызметкері, нутрицио­логия магистрі Жанна Нұрбер­геннен сұрап білген едік. 

– Дәрігерлердің қатары да екіге бөлінді, біреуі биологиялық қоспаны ішу керек десе, енді бірі одан аулақ болу керек дейді. ББҚ-ны ішу керек, бірақ сапалы, дұрыс өнімді таңдап-талғап алу маңызды. Еш жерде тіркелмеген желілік маркетингтердің өнімі, құрамы түсініксіз қоспалар қазір көптеп сатылып жатыр. Одан бөлек, шет­­елдік сайттардан тапсырыс беріп, ББҚ ішетін халықтың да саны артты. Туысқаным ішті, жеңгеме көмектесті, мына әнші жақсы деп айтты, тағы сондай жарнамаға еріп ішетін жұрт көп. ББҚ-ны таңдаған кезде сауатты, білікті маманнан, интегративті дәрігерден міндетті түрде кеңес алу керек. Кез келген өнімді тек дәрігердің нұсқауымен ішкен дұрыс. «Дәр­умен ішу керек екен, ББҚ-ның за­маны» деп біреудің айтқанына сеніп жүре беруге болмайды, – дейді ғалым.  

Маманның айтуынша, асқынған ауруы бар науқастарға ББҚ ішуге мүлдем болмайды, ББҚ ауруды қоздырып, асқазан жарасының пайда болуына әкеледі. Адам ағзасында қатерлі ісік болған жағдайда ББҚ-лар рак клетка­ларының көбеюіне әсер ететінін ғалымдар да дәлелдеп отыр. 

– Адам ағзасында қандай да бір ақау, әсіресе ас қорыту жүйесінің аурулары кез­інде ББҚ ішуге мүлдем кеңес бермейміз. Ас қорыту жүйесі сау болмаса, ББҚ ағзаға сіңбейді. Екіншіден, жарасы бар жерді ушықтырып, жараны тітіркен­діріп, үл­кейтіп жіберуі мүмкін. Қапта­масында құрамы, сақтау мерзімі, жасалған орны жазылмаған, беймәлім өнімдер де сатылып жатыр. Медициналық сауаты жоқ адамдар сондай өнімге ұрынады да, ауыр жағдайға тап болады. Бұл өнімдерде синтетикалық, химиялық қоспалар көп болады. Олар адамға ауыр зардап тигізіп, канцерогенді әсер етіп, түрлі онкология­лық аурудың пайда болуына себеп болып отыр. Алдымен ас қорыту жүйесіне кері әсер етіп, ішек микрофлорасын бүлдіреді. Микрофлора бұзылған жерде басқа да ауру пайда бола бастайды, – дейді Жанна Нұрберген. 

Әр адамның ағзасы әртүрлі, егер адам­­ның генетикасы мықты болса, ББҚ ағзаға жеңіл сіңіп, зиян тигізбей шығып кетуі де мүмкін. ББҚ генетикасы әлсіз, ауру­ға бейім адамға бірден кері әсерін тигізеді. Ал халық ББҚ-ны дәрімен қатар, дәру­мен ретінде де қолданып жүр. Әрине, кез келген биологиялық қоспа дәрумен жиын­тығына ұқсауы мүмкін. Дәрі, дәрумен мен ББҚ-ның үшеуі – үш түрлі ұғым. ББҚ – азық болса, дәрумен де – дәрі. Дәруменге түрлі зерттеу мен сынақ жүргізеді және фармацевтикалық сертификат беріледі, бірақ ББҚ дәрумен­нің орнын толық баса алмайды, адамға емдік әсер бермейді. Сонда ББҚ-ны қандай жағдайда ішу керек? Жанна ханым өнім табиғи күйінде әрі талаптарға сай келсе, дәрігердің кеңесін алып ішуге болатынын айтады. 

– ББҚ – қандай да бір шөптерден, жеміс-жидектерден, балықтан, балдыр­лардан алынған табиғи өнім болса, тағамға қосымша ретінде қолдануға болады. Адам ағзасында қандай да бір жетіспеушілік болса, әсіресе әйел адам­дарда дәрумен тап­шылығы туса, дәру­мендерді жеке-жеке алып ішуге болады. D3 дәруменін, темірді сатып алып, ББҚ ретінде іше аламыз. Құрамында 20 түрлі дәрумен бар, 100 түрлі минерал бар деген ББҚ-лар – барып тұрған жалған өнімдер. Ондай өнімдердің құрамында дәрумен болса да, өте аз мөлшерде кездеседі, қалғаны – толған синтетика, – дейді Ж.Нұрберген.

Демек, мемлекеттік тіркеуден өткен, құрамында бөгде қоспасы жоқ сенімді дәрумендерді қолдануға болады. Мысалы, С дәрумені табиғи күйде болса, им­мунитетті көтеру үшін балаларға да, ересектерге де ішуге болады, алайда маман ББҚ түгілі, дәріханадағы өнімдерге күмәнмен қарау керек дейді.   

– Рак ауруын шақыратын зиянды ББҚ-ның бірі – дәріханада сатылатын қарапайым аскорбин қышқылы десем, қателеспеймін. Аскорбин қышқылын С дәрумені деп ойлаймыз ғой. Табиғи цитрус өсімдіктерден, итмұрыннан бөлініп алынатын С дәрумені аскорбин қышқылы секілді 200-300 теңге тұрмайды. Цитрустан С дәруменін бөліп алу – ұзақ әрі қымбат процесс, олар нарықта аскорбат түрінде кездеседі. Дәріханадағы дәрумендердің өзінде де көп жағдайда синтетикалық қоспа бар. Табиғатта кездеспейтін, химия­лық жолмен  жаса­латын нәрселер қай кезде де ағзамызға зиян. Аскорбин қыш­қылын ұзақ уақыт ішетін болсаңыз, тас болып жиналу қаупі жоғары және канцер­о­генді әсер етеді, – дейді маман. 

Ж.Нұрбергеннің сөзінше, синтетика­лық құрамды дәрілердің қаптамасына зер салсаңыз, 7 күннен артық ішуге болмайды деген ескертпе жазылып тұрады. ББҚ-ның құрамында синтетика болса да, мұн­дай ескертпенің бірін көрмейсіз, тіпті қауіпті қоспалардың барын да жазып көр­сетпейді. Өкініштісі, ата-аналар бала­сына да бұл қауіпті өнімдерді беріп жүр.

– Аурудың асқынуына жеткізбей, табиғи жолмен, ешқандай дәрі-дәрмексіз емделуге болады. Ауру асқынған жағдайда ғана химиялық жолмен емделуге тура ке­леді, өкінішке қарай. Ата-аналар бала тұмауратып қалса да, антибиотикті өз беті­мен бере береді, бұл – ең қауіпті син­тетитикалық дәрі. Егер тұмауратып қалса, зиянды дәрілерге, басқа өнімдерге жүгір­мей, лимон, итмұрын қосылған жылы су, ыстық шайды көбірек ішу керек. Ит­мұрын қайнатпасын көп ішсеңіз, С дәру­мені ағзаға жоғары дозада түседі, бірақ халық дәріханаға әбден үйреніп алған, – дейді Ж.Нұрберген.

Ал бірінші санаттағы жалпы тәжіри­белік дәрігер, медициналық сарапшы Жазира Сматқызы болса, ауруханаға келетін науқастардың көбі ББҚ, коллаген ішетінін қан анализдеріне қарап байқай­мын дейді. 

– Пациенттерім биологиялық анализ­дерді тапсырғанда, бауырға қатысты көр­сеткіштері көңіл көншітпейді. Пац­и­енттен сұрасам, ешқандай дәрі ішпедім, тек ББҚ ішемін деп жауап береді. ББҚ-ның ішкі ағзаға, бауырға зиянын тек ана­лиз арқылы біле аламыз. Жақында бір пациентімнің анализіне қарап, B12 дәру­менінің тым жоғарылап кеткенін көрдік. Бұл – бауыр жұмысына жауап беретін дәрумен. Бауырда нерв талшықтары болмағандықтан, оның қызметі бұзылса да, адам ешқандай симптом байқамауы мүм­кін. Пациенттер сол себепті ұзақ жүр­іп қалады. Басқа шағымдармен келген адамдардың негізгі мәселесін осылай біліп жатамыз, – дейді терапевт.

Оның айтуынша, ББҚ-ға жарнама жасайтындар қандай да бір ауруға осы өнімді ішсең болады деп кеңес айтқаны­мен, қарсы көрсеткіштері туралы тіс жармайды. Бұл қателік тұтас қоғамның ойын өзгертті. Ағзада сау тін де, зақым­далған тін де, бак­терия мен вирус та болуы мүмкін. ББҚ сол бактерия мен вирус­тарға қоректік зат болып есептеліп, жайлы жағдай жа­сайды. ББҚ онколо­гиялық ауру кезінде химиялық әсер ет­іп, зақымдалған жасушаны одан сайын өршітеді. Сол себепті бұл бағытта әлі талай зерттеулер қажет, ал адам баласы кез келген өнімге сын көзбен қарағаны игі...

Айсұлу СЪЕЗХАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 06:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары