Бағаңды көтеріп беремін деп студенттерден 1 миллион теңгеге дейін ақша алған ер адам сотталды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
2026 жылғы 24 маусымдағы Ақтау қалалық сотының үкімімен азамат Д. алаяқтық (Қылмыстық кодексінің 190-бабы) қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сотта анықталғандай, сотталған адам Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.
Осы сылтаумен ол студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденген. Бірақ уәде еткен міндеттемелерін орындамай, алынған қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының прокуратурасы азаматтарды оқу процесіне заңсыз араласуға байланысты ақылы «көмек» ұсынатын, атап айтқанда, баға қойып беруге, емтиханнан өткізуді немесе өзге де мәселелерді шешіп беруді уәде ететін адамдарға сенбеуге шақырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 16:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















