Байқоңырда Халықтар достығы фестивалі өтті
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті.
Дәстүр бойынша, фестиваль "Достық шеруімен" басталды. Мерекелік шеруде түрлі ұлттардың киімдерін киген жиырма бір команда орталық алаң арқылы салтанатты түрде жүріп өтті.
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города БайконураБайқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города Байконура
"Міне, тоғызыншы жыл қатарынан біз ортақ адамзат тарихымыздың қаншалықты бай екенін бір-бірімізге және өзімізге көрсету үшін осы алаңға жиналып отырмыз. Бүгін Мексика, Үндістан және Жапонияның алғаш рет қатысып жатқанын көріп тұрмын. Бұл біз үшін шынымен де қуанышты әрі қызықты жайт. Баршамызға, әсіресе жас буынға осы халықтардың тарихы мен мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді", — деді Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин.
Фестивальге қатысушылар қол ұстасып, әлем халықтарының бірлігін, өзара түсіністігін және тату көршілік қарым-қатынасын бейнелейтін "Достық шеңберіне" қосылды.
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города БайконураБайқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города Байконура
Ресми ашылу рәсімінен кейін фестивальдің байқау бағдарламасы басталды. Басты сахнада командалар "Халықтық киім поэзиясы" және "Біз әртүрліміз, бірақ біртұтаспыз!" байқаулары аясында ұлттық киімдерін көрсетіп, өздерін таныстырды.
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города БайконураБайқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города Байконура
Олар музыка, би және сахналық бейнелер арқылы көрермендерді түрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстырды.
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города БайконураБайқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города Байконура
Көрермендер мен қазылар алқасының мүшелері грузин, корей, үнді, мексикалық, түрік, өзбек, орыс, қазақ және басқа да ұлттық асханалардың дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Қатысушылар өз тағамдарын таныстыру барысында оларды дайындау тәсілдері, сондай-ақ оларға қатысты салт-дәстүрлер мен тарих туралы әңгімеледі.
Тағамдардың әсем безендірілуі мен мерекелік үлгіде жабдықталған дастархандар ерекше назар аудартты.Мерекеде жұртшылық тағамдардың дәмін татып көрді.
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города БайконураБайқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті

Байқоңырда "Халықтар достығы" фестивалі өтті
© Photo : Отдел по связям со СМИ администрации города Байконура
Фестиваль бағдарламасы "Менің халқымның қуыршағы" атты сәндік-қолданбалы өнер байқау-көрмесімен және "Менің халқымның натюрморты" атты бейнелеу өнері байқауымен толықтырылды.
"Халықтар достығы" фестиваліндегі арнайы аймақтардың бірі "Халықтық ойындар" сайысы мен ойын-сауық бағдарламасы өтетін орынға айналды. Онда көтеріңкі көңіл-күй мен белсенді атмосфера орнады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 13:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















