Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

БАЙТАҚ партиясы Экология және адам денсаулығы ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде бекітуді ұсынды

БАЙТАҚ партиясы Экология және адам денсаулығы ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде бекітуді ұсынды

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы өтіп, онда ел дамуының келешегін айқындайтын Конституцияның жаңа жобасы жан-жақты талқыланды. Офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылған жиынға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, сарапшылар мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабралайды Egemen.kz.

Отырысқа төрағалық еткен партия Төрағасы Азаматхан Әміртаев өз баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Конституциялық реформаның саяси негіздеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл реформа заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға, билік тармақтарының дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысының кең қоғамдық қатысумен өтіп жатқанын, e-Otinish платформасы арқылы 1 000-нан астам ұсыныс түскенін атап өтті. 

Партия Төрағасы жаңа Конституция жобасында экология мен адам денсаулығы арасындағы байланыстың тұңғыш рет негізгі заң деңгейінде айқын әрі күшейтілген түрде бекітілуіне ерекше назар аударды. Оның пікірінше, «таза ауа, таза су және қауіпсіз қоршаған орта – азаматтардың өмір сапасын айқындайтын басты факторлар, әрі мемлекеттің болашақ ұрпақ алдындағы тікелей жауапкершілігі». Осыған байланысты «БАЙТАҚ» партиясы Конституцияның 8-бабында «Экология және адам денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде жеке тармақпен бекітуді ұсынды.

Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Кеңейтілген отырыста партияның Атқарушы хатшысы Бекберген Керей «Конституция: экология мен даму арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында баяндама жасап, жаңа Конституция экологияны мемлекеттік саясаттың жекелеген бағыты емес, қоғамдық дамудың құндылықтық негізі ретінде айқындайтынын айтты. Ал Алматы қалалық филиалының төрағасы Алма Қарашқызы «Адамға бағдарланған мемлекет моделі» жөніндегі сөзінде жаңа Конституция жобасында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін атап өтті.

Партия Төрағасының кеңесшісі Мұрат Ташибаев «Қазақстандағы конституциялық реформаның халықаралық-құқықтық аспектілері» тақырыбындағы баяндамасында жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан халқының өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырудың заңды нысаны екенін жеткізді. Оның айтуынша, реформа халықаралық міндеттемелерді орындауға, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Саяси кеңес мүшесі, жас тарихшы Шыңғыс Үсенқұл жастар атынан сөз сөйлеп, Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық мемлекеттілік дәстүріне сілтеме жасалуының маңызын атап өтті. Оның пікірінше, «Ұлы Дала» ұғымы Еуразия кеңістігінде қалыптасқан мемлекеттілік, құқықтық жүйе мен саяси мәдениеттің тарихи сабақтастығын білдіреді.

Қазақ - Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық - Қ.Тоқаев

Бастауыш партия ұйымының басшысы Сергей Качанов жаңа Конституция жобасын толық қолдайтынын білдіріп, партия тарапынан өңірлік және бастауыш деңгейде түсіндіру, ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге дайын екенін айтты. Ол азаматтарды қоғамдық талқылауға кеңінен тартудың маңызын да ерекше атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Конституцияның жаңа жобасын адамға бағдарланған, экологиялық жауапты және институционалдық тұрғыдан негізделген құжат ретінде толық қолдайтынын мәлімдеді. Партия алдағы уақытта да Конституция жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысып, өңірлерде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Ұлы дала – көшпенділер өркениетінің алтын бесігі

Соңғы жаңалықтар

«БАЙТАҚ» партиясы «Экология және адам денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде бекітуді ұсынды

Ата заң • Бүгін, 17:45

Аида Балаева арандатушылық әрекеттерге қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 17:37

Салық берешегі қай межеден асса, есепшот бұғатталады?

Экономика • Бүгін, 17:27

5G трафиктің айтарлықтай бөлігін иеленіп үлгерді

Қоғам • Бүгін, 17:17

Отандық электробустар Пәкістанға жол тартты

Қоғам • Бүгін, 17:08

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 16:45

Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?

Қоғам • Бүгін, 16:37

Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды

Қоғам • Бүгін, 16:28

Нобель көрмесі: Демократияға төнген қатер Венесуэла мысалында көрсетіледі

Әлем • Бүгін, 16:15

«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады

Экономика • Бүгін, 16:03

Алматы облысының «Qonaev Media» телеарнасы несімен ерекшеленеді?

Оқиға • Бүгін, 15:55

Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Оқиға • Бүгін, 15:46

Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған

Оқиға • Бүгін, 15:33

Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды

Ата заң • Бүгін, 15:13

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

Мәдениет • Бүгін, 15:00

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 18:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары