Бала шақтан болашаққа
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шара елордада өткен автор шығармашылығына арналған апталық аясындағы кездесулердің қорытындысы іспетті.
Алғашқы кездесу Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде өтті. Кездесуден кейін жазушы Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінде қонақта болды. Ал 14 мамыр күні Smart Technological School жекеменшік мектебінің оқушылары да қаламгер шығармашылығымен танысып, тағылымды ой-пікірлерге қанықты.
Жүздесу барысында қаламгер шығарманың жазылу идеясы жайында әңгімелеп, туынды кейіпкерінің тұлғалық қалыптасу кезеңдеріне кеңінен тоқталды.
Туындыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың балалық шағы, отбасылық тәлімі мен азаматтық тұлға ретінде қалыптасу кезеңдері жасөспірімдерге түсінікті, көркем әрі танымдық тілмен өріледі.
Кітапханада өткен жүздесуде Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов онлайн форматта қатысып, кітаптың тәрбиелік маңызына айрықша тоқталып, автор еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар жиын барысында ғалымдар мен ақын-жазушылар сөз алып, қаламгердің шығармашылық ізденісіне ризашылықтарын білдірді.
Таныстырылымға зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым, студенттер, еліміздің көпшілік кітапханаларының басшылары (онлайн), ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 07:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















