Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Балалар демалысы 2026: Лагерьлер нарығы қалай сүзгіден өтеді

Балалар демалысы 2026: Лагерьлер нарығы қалай сүзгіден өтеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Лицензиялау: 2026 жылдан бастап не өзгереді?

Бұған дейін балалар лагерьлерінің қызметі лицензиялауды талап етпеген еді. Алайда 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл салаға қатаң мемлекеттік бақылау енгізіледі.

Жаңа ережеге сәйкес, лицензия 5 жыл мерзімге беріледі. Оқу-ағарту министрлігі бұл қадам нарықтағы сапасыз және жасырын жұмыс істейтін нысандарды толықтай аластататынына сенімді.

– Лицензиялауды енгізу арқылы біз балалар сауықтыру орталықтарының қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етеміз. Лицензия алу үшін лагерьлер инфрақұрылымдық, кадрлық және медициналық талаптарға толық сай болуы тиіс, - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Фото: freepik.com

Лицензия алу үшін қойылатын басты талаптар:

Жеке ғимараттың болуы немесе кемінде 10 жылға жалға алу келісімшарты; Бейнебақылау жүйесі, дабыл түймесі және кәсіби күзет қызметінің болуы міндетті; Лагерь базасында лицензиясы бар медициналық пункт жұмыс істеуі тиіс; Педагогтер мен басшы құрамның біліктілігіне қойылатын арнайы талаптар; Балаларды тасымалдауға арналған меншікті автокөліктің болуы.

Бұл талаптардың сақталуы лицензия беру кезінде ғана емес, жұмыс барысында да қатаң қадағаланады. Лицензиясыз қызмет көрсеткен немесе талаптарды бұзған лагерьлерге ірі көлемде айыппұл салынып, қызметі тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар барлық дерек Ұлттық білім беру деректер базасына (ҰБДБ) енгізіліп, цифрлық бақылау орнатылады.

ҚР заңнамасына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында айыппұл мөлшерлерімен белгіленген.

– Егер заң бұзушылық болып, бірақ адам денсаулығына тікелей зиян келмесе жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұл 160 АЕК-ті құрайды. Орта кәсіпкерлік өкілдері үшін бұл сома 210 АЕК болса, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 600 АЕК-ке дейін жетеді, Егер заң бұзушылық адам денсаулығына зиян келтірсе, жаза айтарлықтай қатаяды. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл 200 АЕК-ке дейін өседі. Лауазымды тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне 460 АЕК, орта бизнеске 620 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 2 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар қосымша шара ретінде өнімдерді тәркілеу немесе мекеменің қызметін тоқтата тұру жазасы қолданылуы мүмкін, - деп ескертеді СЭС мамандары.

СЭС талаптары – Темірдей тәртіп

Астана қалалық және республикалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері биылғы маусымға қойылатын талаптарды бекітті. Олардың орындалуы жарты жылда бір рет тексеріліп тұрады.

Фото: freepik.com

– Балалар күніне кемінде 5 рет тамақтануы тиіс. Ас мәзіріне міндетті түрде қымыз немесе қышқыл сүт өнімдері қосылады. Флотша макарон сияқты тез бұзылатын тағамдарға қатаң тыйым салынған. Сондай-ақ әр балаға кемінде 4 шаршы метр орын тиесілі болуы керек. Ал персонал арнайы киіммен қамтамасыз етіліп, ол күн сайын ауыстырылуы қажет. Егер қолында іріңді жарасы немесе күйігі бар қызметкер де жұмысқа жіберілмейді, - деп толықтырды ведомство.

Цифрлар сөйлейді: 2026 жылғы жоспар

2026 жылы республика бойынша балалардың демалысын қамту көрсеткіші – 3,2 миллион. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шаралары аясында осал санаттағы 500 мың бала мемлекет қамқорлығына алынса, тағы 50 мың жеткіншек «Қазақстан халқына» қорының тікелей демеушілігімен тегін жолдамалармен қамтамасыз етіледі.

Инфрақұрылымдық даму тұрғысынан алғанда, биыл ел аумағында 10 000 мектеп жанындағы лагерь мен 512 шатырлы қалашық толыққанды жұмыс істейді. Бұған қоса бекітілген Жол картасына сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 50 жаңа сауықтыру орталығы пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда нарықтағы жолдамалардың орташа құны 150 000 – 220 000 теңге аралығында қалыптасқан.

Ата-аналарға кеңес: Балаңыздың демалысы қауіпсіз болсын!

Өткен жылы рұқсат қағазынсыз жұмыс істеген бірнеше лагерьдің анықталып, сотқа берілуі бақылаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Сондықтан мамандар ата-аналарға балаларын тек ресми рұқсат қағазы бар, Комитет сайтындағы сенімді тізімге енген лагерьлерге ғана жіберуге кеңес береді. 

Баланы демалысқа аттандырар алдында оған жеке бас гигиенасын сақтауды, өзгелердің затын пайдаланбауды түсіндіріп, денсаулығын дәрігерге көрсетіп алған абзал. Сөмкеге ауа райына сай жылы киімдер мен ыңғайлы аяқ киім салып, жол азығына тез бұзылатын ет, балық немесе тәтті кондитерлік өнімдерді қоспау қажет. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар мен ата-ананың мұқияттылығы біріккенде ғана біз балаларымыздың сапалы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ете аламыз.

Айта кетейік, бұған дейін балалар лагерьлерін лицензиялауды 2026 жылдың жазына дейін толық енгізу қажеттігі мәселесін депутат Нұргүл Тау көтерген болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Сәуір 2026 18:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары