Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Мұнай нарығы қалай өзгеруі мүмкін?

Мұнай нарығы қалай өзгеруі мүмкін?

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл екі арада нарықта мұнай бағасы құбылып тұр. Бірер күн бұрын ғана қара алтын 8 пайызға қымбаттаған еді. Бұл маусым айынан бергі рекордтық өсім.

Алайда кейінгі саудада Brent маркасының бағасы сәл ғана, яғни 0,67 пайызға төмендеді. Сөйтіп баррелі 65,5 доллардан сатылған. Ал америкалық WTI 0,7 пайыз арзандап, баррелі 61 долларға саудаланды.

Бұған АҚШ-тың ресейлік «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына санкция жариялауы себеп дейді сарапшылар. Мұнай  бағасы енді қалай қалай өзгеруі мүмкін? Халықаралық шолушымыз Зайнұр Байжігіттен білейік. Зайнұр, қайырлы таң! Қазір жаһан жұрты АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуіне баса назар аударып отыр. Апта аяғында Оңтүстік Кореяда өтетін бұл келіссөз мұнай нарығына қалай әсер етуі мүмкін? Сарапшылар не дейді?

Мұнай нарығы қалай өзгеруі мүмкін?

Әлем экономикасы алпауыттарының, яғни АҚШ пен Қытайдың сауда бойынша текетіресі осымен тоқтаса, жаһандық нарыққа үлкен серпін береді, - дейді сарапшылар. Дональд Трамп пен Си Цзинпинь келісімді ресми бекітсе, Вашингтон Бейжіңге қарсы 100 пайыз тариф енгізбейді. Демек әлемдік сауда қалпына келеді. Өндіріс пен тасымал жанданады. Бұл бір есептен мұнайға сұранысты  арттырады. Яғни оның бағасы да қымбаттайды деген сөз. Алайда қара алтын құны уақытша ғана тұрақталып, қайта төмендеуі мүмкін, - дейді Халықаралық энергетикалық агенттіктің  атқарушы директоры Фатих Бироль.

Фатих Бироль, Халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры:

- АҚШ пен Қытай осы аптада сауда келісімін жасаса, мұнай бағасы қатты өзгермейді. Сәл ғана қымбаттайды. Кейін қайта арзандауы мүмкін. Өйткені қазір нарықта ұсыныс көп. Мәселен, АҚШ, Канада, Бразилия, Гайана және Аргентинада ұсыныс сұраныстан әлдеқайда жоғары. Бағаның тұрақсыздығына Қытайдың іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерден біртіндеп бас тартуы және ОПЕК елдерінің өндірісті ұлғайтуының да әсері бар.

Тақауда Құрама Штаттардың Қаржы министрі Скотт Бессетт АҚШ пен Қытай сауда бойынша алдын ала келісімге келгенін жариялады.  Дональд Трамп пен Си Цзиньпин осы бейсенбі күні, яғни 30 қазанда  Оңтүстік Кореяда Азия-Тынық мұхиты экономикалық серіктестігінің саммиті аясында кездесіп, құжатқа қол қояды деген жоспар бар.

Қытай ресейлік мұнайдан бас тарта ма?

Президент Трамп мүмкіндікті қалт жібермей, Қытай төрағасымен басқосуында Украина мәселесін де талқыламақ. Сондай-ақ Бейжіңнен ресейлік мұнайдан бас тартуын және Мәскеуге ықпал етуін сұрамақшы. Ақ үй басшысы мұны Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатудың қосымша тетігі ретінде қарастырып отыр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Біздің кездесуіміз керемет өтеді деп ойлаймын. Талқылайтын тақырыптың бірі бұл - Украина мен Ресей мәселесі. Бұл жайлы міндетті түрде сөз қозғаймыз. Менің ойымша, Си Цзинпинь де соғыстың аяқталғанын қалайды.

«АҚШ Ресейден энергетикалық шикізат сатып алатын елдерге экономикалық қыспақты күшейтпек. Ал Бейжің - ресейлік мұнайдың ірі тұтынушысы саналады. Кей деректерге қарағанда, биыл 9 айда солтүстіктегі көршіміз өндірілген қара алтынның 39 пайызын дәл осы Қытайға жөнелтті. Егер Бейжің ресейлік мұнайдан бас тартса, өзге мұнайлы елдердің тасы өрге домалары анық. Бұл әлемдегі қара алтын бағасының өсуіне әсер етеді», - дейді сарапшылар.

Дмитрий Жданников, Reuters агенттігінің сарапшысы:

- Әлемдегі мұнай нарығының 10 пайызы Ресейге тиесілі. Егер сол нарықтан Мәскеу толықтай ығыстырылса, баға қымбаттайды әрине. Қазір Ресейден қара алтын экспорты азаюы мүмкін. Бірақ толық тоқтамайды. Делдал компаниялар арқылы саудасын жалғастыра береді.

Трамп пен Цзинпиньнің кездесуінен не күтеміз?

Өткен аптада мұнайдың қымбаттауына АҚШ-тың Ресейлік екі ірі мұнай компаниясы - Роснефть пен Лукойлға санкция жариялауы себеп болды. Осыған дейін мұндай шектеу Газпромнефть пен Сургутнефтегазға енгізілген еді. Бірақ бұл санкциялар Ресейдің мұнай экспортын тежей алған жоқ. Алайда Мәскеу оны арзан сатуға мәжбүр болды. Сөйтіп биыл 9 айда Ресей бюджет кірісінің 20 пайызынан айырылды.

Дмитрий Жданников, Reuters сарапшысы:

- Лукойлдың Еуропада активтері бар. Болгария мен Румынияда мұнай өңдеу зауыттары, Бельгияда үлестік қатысы бар кәсіпорындары шоғырланған. Сондай-ақ компания Венгрия мен Словакияға мұнай жеткізеді. Егер алдағы уақытта оңтайлы шешім  таппаса, экспорт тоқтайды. Яғни Кремльдің бюджет кірісі тағы азаяды. Ал Еуропа елдері отын дағдарысына ұшырауы мүмкін.

Кремль АҚШ-тың санкцияларын достыққа жат қадамға теңеді. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей әрі қарай өз мүддесін ескере отырып шешім қабылдайтынын жеткізді.

«Сөйтіп президент Трамп Қытай төрағасын дегеніне көндіре ала ма? Бейжің Ресей мұнайынан бас тарта ма, жоқ па? Осы аптада мұнай бағасының, яғни нарықтағы жағдайдың қалай өзгеретіні осы мәселеге байланысты болмақ. Өйткені бұл бір есептен әлемдік экономикаға, соның ішінде мұнай экспорттаушы елдердің табысына да әсер етері сөзсіз», - дейді сарапшылар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:243
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары