Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елімізде екпеден бас тарту жағдайлары жылдан жылға артып келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше 2017 жылмен салыстырғанда, биыл екпеден бас тартқандар саны 3,8 есе артқан. Ресми дерекке сәйкес, 2017 жылы шамамен 5,3 мың адам бас тартқан болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20 мыңға жеткен. Бұл мәліметтер барлық екпелерге қатысты. Екпеден бас тартатындар саны неге көбейіп жатыр? Екпенің денсаулыққа зияны бар ма? Шариғатта ол туралы не айтылған? Бұл туралы Egemen.kz тілшісі сараптап көрді.

Екпенің қауіпсіздігіне күмәнданатындар бар

Екпеден (вакцинадан) бас тартудың басты себептері негізінен діни сенімдерге байланысты болып отыр. Дін жолында жүргендер шариғат бойынша екпе алу міндетті еместігін алға тартады. Сондай-ақ вакцинаның қауіпсіздігіне, сапасына сенбейтіндер, жанама әсерінен қорқатындар да бар. Әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпараттардың көбеюі де кері әсерін тигізіп отыр.

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

Балаларына екпе салдырудан бас тартқан аналардың бірі Алия Досқалиева табиғи жолмен қалыптасып келе жатқан баланың иммунитетін жасанды түрде, яғни екпе арқылы қалыптастыруға қарсы екенін айтады.

«Емханаларда екпе жаңа туған сәбиге алдын ала толық әрі терең тексеріс жүргізілместен, арнайы иммунологиялық қан талдауы жасалмастан салынады. Әр баланың ағзасы, генетикалық ерекшелігі, көтеру қабілеті әртүрлі болғандықтан бұл өте маңызды. Екпе алдында ата-анадан екпеден кейін «қандай да бір жағдай болса, дәрігерге кінә артпайтыны» туралы қолхат алу сенімсіздік тудырады. Жоғары білімді дәрігер кеңесімен, рұқсатымен салынып отырған екпе толық қауіпсіз болса, неге мұндай құжат қажет деген сұрақ мазалайды. Баланың тағдыры ойыншық емес. Сондықтан мұндай шешімдер жан-жақты зерттеліп қабылдануы керек деп есептеймін», дейді ол.

 Жасанды иммунитет – екпе арқылы қалыптасады

Ал балалар дәрігері  Асылым Қасенқызы табиғи иммунитетті бала анасынан алатынын, алайда бұл иммунитет шамамен 6 айға дейін ғана сақталатынын айтады.  

«Кейін бала түрлі инфекциялармен ауырып, сол арқылы жүре пайда болған иммунитетті  қалыптастырады. Бірақ кейбір аурулардың асқынуы өте қауіпті болуы мүмкін. Сол үшін де жасанды иммунитет керек. Вакцина алу арқылы сіз балаңызды тек сол аурудың өзінен ғана емес, оның ауыр асқынуларынан да қорғайсыз. Мысалы, 6 айға дейінгі сәби көкжөтел жұқтырса, тыныс алуы тоқтап қалуы мүмкін. Ал қызылша ауруынан кейін 5-7 жылдан соң сирек кездесетін панэнцефалит дамуы ықтимал. Бұл өте ауыр асқыну, бала кома жағдайына түсіп, өліп кетуі мүмкін. Бала 1 жасқа дейін қызылшамен ауырса панэнцефалит кездесу жиілігі 1:609 болса, 5 жасқа дейін кездесу жиілігі 1:1367 болуы мүмкін. Иә, вакцина алған балалар да кей жағдайда сол инфекциямен ауырады. Бірақ ең бастысы – ауру асқынусыз өтеді», дейді бала дәрігері.

Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?

Дәрігердің айтуынша әлемдік зерттеулер вакциналардың қауіпсіз әрі тиімді екенін дәлелдеген. Вакциналар елдерге таратылмас бұрын бірнеше кезеңнен тұратын қатаң клиникалық зерттеулерден өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне көз жеткізгеннен кейін ғана оны қолдануға және елдерге ұсынуға рұқсат береді.

«Неге қолхатқа қол қоямыз? деген сұраққа келсек тек вакцина кезінде ғана емес, кез келген медициналық манипуляция алдында (операция, тіс емдеу, қан алу және т.б.) ақпараттандырылған келісім алынады. Бұл жауапкершілік сіздің мойныңызға жүктеледі деген сөз емес. Бұл – сізге процедура туралы толық ақпарат берілгенін және сіз оны түсінгеніңізді растайтын құжат. Екпе алдында арнайы анализдер тапсырудың қажеті жоқ. Баланы учаскелік дәрігер қарайды: жалпы жағдайын, температурасын, қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын бағалайды. Егер бәрі жақсы болса, вакцинацияға жібереді. Қазіргі бұйрықтарға сәйкес, вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімді (медотвод) тек учаскелік дәрігер береді. Аллерголог, невролог немесе басқа мамандар қорытынды бере алады, бірақ соңғы шешімді баланың жағдайын толық бағалай отырып, учаскелік дәрігер қабылдайды», дейді Асылым Қасенқызы.

 Екпе аутизмге ұшырата ма?

Дәрігер сондай-ақ баласының ауыр дертке шалдыққанын екпеден көретін ата-аналардың уәжіне қатысты да ойын білдірді.

«1998 жылы Эндрю Уэйкфилд екпе мен аутизм арасында байланыс бар деп жалған зерттеу жариялаған. Кейін бұл зерттеу толықтай жоққа шығарылып, мақала The Lancet журналынан алынып тасталды, ал автор лицензиясынан айырылды. Содан бері миллиондаған ірі зерттеулер жүргізілді. Екпе мен аутизм арасында ешқандай байланыс табылған жоқ. Яғни екпенің аутизмге қатысы жоқтығы дәлелденді», дейді дәрігер.

Неге адамдар аутизм мен екпені байланыстырады?  

«Аутизм белгілері көбіне 1-2 жас аралығында байқала бастайды. Ал дәл осы кезеңде бала жоспарлы екпелерді алады. Яғни бұл – себеп-салдар емес, тек уақыт бойынша сәйкес келетін параллельді жағдай», дейді Асылым Қасенқызы.

Ислам дінінде екпеге тыйым салынған ба?

Жоғарыда екпеден бас тартатындар негізінен діни сенімдегі адамдар екенін айтып өттік. Осыған орай шариғатта екпе туралы не айтылғанын анықтау үшін ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлына хабарластық.

Дін маманының мәлімдеуінше ислам дінінде екпе жасауға тыйым салынбайды.

«Оған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисі дәлел: «Кімде-кім таңертең әжуа құрмасының жеті данасын жейтін болса, сол күні оған сиқырдың және удың зияны тимейді» (Бұхари). Сондай-ақ ғалымдар жаңа туған нәрестеге тахник жасауды мұстахаб деп санаған. Яғни өз әкесі немесе үлкен (құрметті) кісілер өзі шайнаған құрманың сөлін баланың таңдайына жаққан (Имам ән-Нәуауи, «Шарху сахих Мүслим», 14/122-123). Осы себепті жасанды түрде (қолдан) сәбидің жаман ауруларға қарсы иммунитеті күшейтілген», дейді Елбек Тасболатұлы.

Ислам діні әрбір адамға өз өмірі мен денсаулығына дұрыс күтім жасауға және ауру-сырқаттан емделудің алдын алу жолдарын іздеуге міндеттейді.

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген кісі зиян көрмейтіні анық. Вакциналау заңды түрде әрі кәсіби мамандардың нұсқауымен жүзеге асу керек. Бұл мәселе медицинаға қатысты болғандықтан, сол саланың мамандары оны жан-жақты зерттеп, адамның денсаулығына пайдалы немесе зиянды тұстарын анықтап, оны қолдану туралы нақты шешім қабылдауы тиіс. Өйткені Алла Тағала Құранда: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» («Нахыл» сүресі, 43-аят)» деген», дейді дін маманы.

Оның айтуынша вакцина құрамында шариғатта тыйым салынған заттар болмауы тиіс. Себебі шариғатта кез келген харам және нәжіс затпен емделуге рұқсат жоқ. Бірақ зәрулік жағдайларда, яғни екпе қолданбаған жағдайда өміріне қауіп төнетін болса және одан басқа халал түрі табылмаса, бар екпені қолдануға рұқсат етіледі. Өйткені Алла Тағала: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар» («Бақара» сүресі, 195-аят) деп бұйырған.

«Екпе адамның денсаулығына зиян келтіріп, оның ауруын асқындырып немесе мүгедек етіп қоймауы тиіс. Ислам діні әрқашан зиянды нәрседен аулақ болуға шақырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіңе де, өзгеге де зиян беруге болмайды» (Ахмад ибн Ханбал), деп айтқан. Сондықтан вакциналау денсаулыққа зиянды болса немесе пайдасынан зияны көбірек болса, онда емделудің басқа жолын қарастыру қажет», дейді Елбек Тасболатұлы.

Соңғы жаңалықтар

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:55

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:52

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42

Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 16:30

Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Хоккей • Бүгін, 16:25

Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды

Экономика • Бүгін, 16:11

«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?

Спорт • Бүгін, 16:10

Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді

Спорт • Бүгін, 16:01

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 15:47

Таразда жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы салдарынан жүргізушілерге 345 млн теңге айыппұл заңсыз салынған

Қоғам • Бүгін, 15:40

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Ауыл • Бүгін, 15:30

Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 15:23

LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?

Қоғам • Бүгін, 15:18

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Президент • Бүгін, 15:08

Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады

Президент • Бүгін, 15:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 16:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see134

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see119

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары