Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Балуан тастар сөйлесін...

Балуан тастар сөйлесін...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ежелгі ғасырлардан сыр шертетін киелі Түркістан өңірінің әр тасы тарихқа толы, шежіреге бай. Мыңжылдықтардың куәсі болған көне қала топырағын аяғыңмен басып, тарихи орындарын көзбен көрудің әсері, әрине, тым бөлек. Жуырда «Балуан тас сапары» экспедициясымен елорда әуежайынан он бір адам бортқа отырып, Шымкент шаһарына бет алдық. Қазақ халқының айрықша күш туралы дәстүрлі түсінігін жаңаша зерделеуге бағытталған жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ күшінің картасы» аясында жүзеге асып отыр. Бірнеше күнге созылған сапар барысында Сайрам, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сауран аудандарын аралап, тарихи нүктелерге табан тіредік.

Күш атасы

Экспедиция барысында қа­ты­­сушылар тарихи балуан тас­тар­ға куә болып, олардың мән-маңызына бойлады. Кезінде батырлар көтерген бұл тастар тек физикалық күштің емес, ерлік, намыс пен рухани беріктіктің рәмізі саналады. Жоба жетекшісі Абылайхан Калназар бастаған топ сапарын Сайрам қаласынан бастады. Қасиетті орындар – Ибрагим ата, Қарашаш ана, Бибіғияс ана кесенелеріне бас сұғып, Нанжеместің көтерген рәміздік балуан тасын зерттеуге ұласты. Иә, алғашқы нүктенің Сайрам болуы да тегін емес: көне шаһар ежелден рухани және мәдени орталық танылған.

Одан әрі Ордабасы ауданын­дағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы кесенесіне зиярат етіп, палуан бабаның қара шаңырағындағы жәдігерлермен таныстық. Атап айтқанда, палуан арбасының бел темірі, ожауы, су құяр ыды­сы, сырнайы мен шабаданын, табалдырығын таңдана тама­шаладық, толқи қол тигіздік. Батыр тұлға өмірінен естеліктерге қанықтық.

Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде күш атасының үлкенді-кішілі сегіз балуан тасы сақталған. Топ мүшелері мұражайға арнайы ат басын бұрып, батыр бабаның көтерген тастар тарихымен танысты.

«Мұнда қара күш иесі Қажымұқан атамыздың арнайы көтер­ген тастары, жаттығуда пай­даланған және ел аралап өнер көрсеткенде білегінде ойнатқан түрлі алып тастар, сондай-ақ кеудесіне қойып, балтамен ұрып сындырған тастардың бөліктері сақталған. Музей қорында ең төмені 32 килодан 600 килоға дейінгі кір тас­тары мен таудың тығыз тастары бар», дейді музейдің бөлім басшысы, балуанның шөбересі Меруерт Ескермес.

Қажымұқанның жаттығу жаса­ған кір тастары – музей қорындағы ең алғашқы тіркелген жәдігерлердің бірі екен. Екі дана кір тасының бірі – кәдімгі қалыпты үлгідегі, палуанның жастық шағында пайдаланған, салмағы 32 килолық тас. Тастың бір бетіне бедерлі «1895 ж.» деген жазу қашалған. Ал екінші кір тас – салмағы 48 кило. Ол кәдімгі тау тасынан қашалып, қажетті деңгейдегі салмақта арнайы жасалған. Бұл тасты палуан қартайған шағында жаттығу мен өнер көрсету кезінде пайдаланған.

Мұражай сөресіндегі бөлшек тасқа да көзіміз түсті. Қажымұқан палуан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ел аралап өнер көрсеткенде шалқасынан жатып, көкірегіне шамамен 180-200 кило тартатын ауыр тастарды қойып, ұсталардың үлкен кувалдаларымен ұрып сындырған. Сол тастардың ұшып түскен бір бөлшегі бүгінге жеткен. Бөлшек тастың салмағы шамамен 25-30 кило. Ал мынау 350 килолық томбы тасты 1946 жылы көтерген. Түлкібас ауданы Ұрбұлақ ауылындағы Әлімқұл Бердіқұл қарияның үйінен алынған. 550 килолық қызыл диірмен тас­ты да Қызыл-Сеңгір ауылында өзі көтерген. 630 килолық ақ диірмен тасты да 1944–1946 жылдары Бөржар ауылында өнер көрсеткен кезде көтерілген. Кейін сол ауылдағы Жолдыбай қарияның ауласында сақталған.

Мұражай алдындағы 480 килолық Баянауылдан келген тас­ты 2018 жылдың тамыз айында Ордабасы ауданының тумасы, Баянауыл өңірінде мемлекеттік қызметте жүрген Қуанышбек Әбдуғаппарұлы «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында Қажымұқан музейінен алып келген. 1921 жылы палуанның ұста досы Сүбектің өтінішімен Қажымұқан ауыл сыртындағы ауыр тасты көтеріп, досының үйінің ауласына жеткізіп берген. Кейін Сүбек ұста оның салмағын өлшеп, бетіне өлең жолдары мен жылын қашап жазып, естелікке қалдырған. Қуаныш Әбдуғаппарұлының айтуынша, бұл тас – сол түпнұсқа жәдігер.

Осы ретте жолда естіген бір әңгіме ойға оралып отыр.

Ілгеріде Шаян өңірінің партия комитетінде қызмет атқарған Мырзахмет Сүлейменов деген азамат болыпты. 1940 жылдары Шәуілдірде алып Қажымұқанмен етене араласыпты. Оның үйінің алдында сандықтай ғана болса да орнынан қозғау қиын, аса ауыр бір арыстан тас бар екен деседі. Ауылдың он шақты жігіті жабылса да әлгі тасты қозғалта алмайды. Бірде ойда-жоқта Қажымұқан сол үйге келе қалады. Мырзахмет балуанның мінезін білсе де, қалжыңдап, әрі намысын қамшылап:

– Құдай маған осы тасты алып тастайтын Рүстемдей бір дәуді бермеді? – дейді.

Ым астарын түсінген Қажы­мұ­қан көзінің қиығымен қарай:

– Рүстем ауылыңда жүргенде неден састың? – деп бұл да әзілге басып, бір күліп алады. Содан әлгі тасқа жақындап, еш қиналмастан жерден жұлып алып, сәл шайқай, бірнеше қадам жерге лақтырып жібереді. Шад-шадыман болған досы бұны мәртебе көріп, ерлікті ел-жұртқа жаяды. Болжам бойынша, ол тастың салмағы 30-40 пұттай болған. Бұл балуанның жетпіске келген шағынан аңыз боп қалған оқиға екен. Әлқисса. 

Тас пен рух

Экспедиция аясында «Күш лекциясы» ұйымдастырылып, онда күш ұғымының тек физикалық емес, рухани мәні де кеңінен талқы­лан­ды. Жоба жетекшісі Абылайхан Қалназардың айтуынша, сапардың басты мақсаты – балуан тастарды тек материалдық мұра ретінде емес, ұлттық рух пен тарихи сана­ның көрінісі ретінде зерделеу.

«Балуандық тек қана қара күшпен өлшенбейді. Оның рухани және қайраткерлік қабаттары бар. Балуан тас та тек қана физикалық түрде көтерілмейді. Ол да тұтас бір философия болғандықтан, басқа да салаларда рәміздік  тұрғыда көтеріле береді», дейді ол.

Айта кетейік, экспедиция құра­мында арнайы жасақталған «Балуан тас» журналистер мен бло­герлер пулының тұрақты өкіл­дері, ғалымдар мен спортшылар бар. Мәселен, Зейін Әліпбек бастаған журналистер мен блогерлер қосыны, Серік Ерғали бастаған ғалымдар шоғырын атап өтеміз. Спортшыларды балуан Арман Сүлеймен бастап жүрді.

Ғалым Серік Ерғали экспеди­ция­­ның ғылыми маңызын атап өтті.

«Бұл жолғы сапар жоғары деңгейде өтті. Ғылыми жаңалықтар да аз емес. Мәселен, «балуан тас» ұғымының «зілтас» атауымен са­бақтас екені нақтыланды», деді ол.

Сапардың ең әсерлі сәті Отырар ауданында өткенін ерекшелеп айтамыз. Мұнда ұзақ жылдардан кейін балуан тас көтеру дәстүрі қайта жаңғыртылды. Наурыз то­йында салмағы 200 килоға  жуық тасты экспедиция мүшесі, палуан Арман Сүлеймен көтеріп, жиналған жұртты таңғалдырды.

Экспедиция аясында Академия­ның алда жоспарланған «Пілмен күрескен қазақтың жеті палуаны», «Ұлы даланың балуан тастары», «Көкпар қайдан шыққан? Генезис, этимология, сыр-құпиялары», басқа да кітаптарға түрлі матер­иал жиналды. Мәселен, Арыстанбаб кесенесі маңындағы зиратта жерленген Ошақты руының Тасжүрек атасынан тарайтын және Жоңғар шапқыншылығы заманындағы атақты қолбасшы Саңырық батырдың жақын туысы Итемген ердің естелігіне айрықша тоқталды. Оның «пілді жеңген» деген дақпырты мен тағы да басқа күштік ерліктері жазып алынды.

Топ мүшелерінің кей аудандарда аумақтық өндіріс орындарына да шақырылғанын айта кетейік. Мәселен, Сауран ауданы солардың ішінде ауқымдылығымен ерекшеленеді. Бүгінде онда инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Өндірістік парктің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде үш қатардан тұратын 40 ғимараттың құрылысы аяқталып, 32 жобаның іске асқанына куә болдық. Атап айтсақ, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын, ауылшаруашылық тракторларды өндіретін және сэндвич панельдер, мектепке арналған жиһаздар мен медициналық, кеңсеге арналған жиһаздар, тоңазытқыш өндіретін, ішкі есіктер және дрон өндірісі тағы басқалар бар. Сайрамдағы Орталық Азия жұртына таңсық банан плантациялары мен Отырардағы тоқыма өнеркәсібі, шланг шы­ғару зауыты, сондай-ақ мақта зауытының жұмысы назар аудартты. Ордабасының Бадамындағы индустриялық аймақ, Бәйдібектегі су қойма құрылысы, Созақтағы газ желісі де қызығушылық туғызды. 

Бабатаға барғанда...

Бәйдібек ата, Домалақ ана, Ыс­­қақ баб, Баба Түкті Шашты Әзиз, Арыстанбаб кесенелері мен Ақмешіт әулие үңгірі... Халық қа­дір тұтқан киелі мекендердің қай-қайсысы да өз дәуірінен, өз та­рихынан үн қатады. Бас-аяғы төрт күнде облыс аумағында ­­1 ­ 000 шақырымға жуық жол жүріп, он шақты әулие басына зиярат етіп, балуан тастары бар үш музей жәдігерлерімен танысыппыз. Сатыбалды Нарымбетовтің Ащысайын да көріп, көңіл толқығаны бар («Созақтан шыққан Гамлетін» осы ауылда түсірген). Іссапар деген тосын оқиғаларымен қызық емес пе? Бабата ауылына Ысқақ бабтың кесенесіне бет алғанда сол маңдағы зиратта жазушы Тәкен Әлімқұловтың «жатқанын» естіп, жүрек өрекпіп сала берді. Өзі тірідей күтіп отырғандай бір күй кештік.  Әрине, сүйікті жазушымыздың басына барып, Құран бағыштауға асықтық. Міне, бәріміз шырақшының соңынан еріп, қалың тікен арасымен Тәкенді «іздеп» келеміз. Иә, қаламгердің сүйегі өз өтінішімен Қаратаудың етегіндегі өзі туған Бабата ауылына жерленген еді. Кетерде шырақшыға осында Тәкен Әлімқұлов деген жазушының зираты барын келген жұртқа ұмытпай айтып жүруін «тапсырып» кеттік. Жаңағы өрекпіген жүрек енді тыныш тапқандай болды.

Сонымен, топ жетекшісі Абылайхан Қалназардың айтуын­ша, «Түркістан облысына балуан тас сапары» қорытындысы бо­йынша «Қазақ күшінің картасына» екі рәміздік балуан тас, 13 заттық балуан тас жеке-жеке нысандар ретінде енгізіліп, толық мәліметі ақпараттар базасына тіркелді. Ал төрт заттық балуан тас нақтылауды қажет ететіндіктен, кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәде­ние­ті академиясының «Қазақ күшінің картасы» жобасы былтыр Бас редакторлар клубы құрамының қа­тысуымен таныстырылған еді. Бұған дейін жоба аясында Ақтөбе, Павлодар облыстарына экспе­ди­циялар ұйымдастырылып, алғашқы ғылыми-мәдени деректер жинақталды. Ал бұл жолғы сапар Наурыз мейрамы мен Түркістанда өтетін Көкпардан әлем чемпио­наты, сондай-ақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Аталған жоба қазақтың дәс­түрлі күш мәдениетін зерттеу, балуан тастарды ұлттық мұра ретінде жүйелеу, оларды заманауи мәдени айналымға енгізу, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті нығайту мақсатын көздейді. Осы орайда экспедиция құрамы алдағы уақытта да балуан тастардың ізімен бірнеше бағытқа сапар жоспарлап отыр.

АСТАНА – ШЫМКЕНТ – АСТАНА 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Оқиға • Кеше

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Қоғам • Кеше

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді

Ата заң • Кеше

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

Жануарлар • Кеше

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Оқиға • Кеше

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

Футбол • Кеше

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

Оқиға • Кеше

Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды

Оқиға • Кеше

ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады

Көрме • Кеше

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты

Қоғам • Кеше

«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды

Елорда • Кеше

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 09:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары