Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Банктердің қаржылық тұрақтылығы жаңа тәртіппен бағаланады

Банктердің қаржылық тұрақтылығы жаңа тәртіппен бағаланады

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Енді осы ережелер бойынша банктің қаржылық жағдайы қаншалықты тұрақты екені, банкке қатысты қандай тәуекелдер бар екені және оның қиындықтары бүкіл банк жүйесіне қаншалықты әсер етуі мүмкін екені бағаланады.

Сонымен қатар, банкке шығын келтіруі мүмкін нарықтық емес шарттармен жасалған мәмілелердің түрлері белгіленді. Банктің жағдайын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалайды. Қажет болған жағдайда бағалауға аудиторлар мен басқа да мамандандырылған ұйымдар тартылады.

Бағалау жүргізуге мынадай жағдайлар негіз болады:

банктің өз қаржысы немесе қорындағы тез пайдалануға болатын ақшасы заңда белгіленген ең төменгі деңгейден азайса;егер банктің ақшасы жетпей, ол салымшылар мен басқа кредиторларға тиесілі ақшаны 7 жұмыс күні ішінде төлей алмаса;егер банктің ақша қаражаты жетіспей, ақша аударымдары бойынша өз міндеттемелерін 12 ай ішінде үш рет немесе одан да көп рет дұрыс орындай алмаса;банктің басқару жүйесінде, тәуекелдерді бақылауында немесе ішкі тексеру жүйесінде елеулі проблемалар болып, олар банктің қаржылық жағдайына қатты кері әсер етсе;банк өзінің қаржылық немесе реттеуші есептерінде шынайы жағдайды дұрыс көрсетпесе,уәкілетті орган банктің жағдайына қатысты кейіннен елеулі проблемаға әкелуі мүмкін қауіпті белгілерді анықтаса;қаржылық жағдайды жақсарту және/немесе тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралардың немесе қадағалау ден қоюының мәжбүрлеу шараларының орындалмауы;банкке қаржылық жағдайын жақсарту немесе тәуекелдерін азайту үшін белгілі бір шараларды орындау тапсырылса;банк қаржылық жағдайын жақсарту үшін жасаған жоспарын орындамаса немесе жоспар күткендей нәтиже бермесе;қаржылық жағдайы нашарлап тұрған немесе қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру шаралары қолданылып жатқан банк жағдайын одан әрі нашарлататын мәмілелер жасаса, оның ішінде:

- активтерінің сапасын нашарлататын және шығынға әкелетін мәмілелер жасаса;

- нарықтық емес, банкке тиімсіз шарттармен мәмілелер жасаса немесе байланысты тұлғалармен мәміле жасау талаптарын бұзса;

- салымшылар мен кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін шамадан тыс міндеттемелер қабылдаса;

- мүлкін тегін немесе нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен берсе;

- лицензиясынан айырылуына негіз болатын жағдайларға жол берсе;

- немесе осындай проблемалардың алдағы алты айда туындауы мүмкін екенін көрсететін белгілер болса, оның қаржылық жағдайына бағалау жүргізілуі мүмкін.

Бағалау қалай жүргізіледі?

Жалпы бағалау ақпарат пен құжаттарды талдау арқылы жүргізіледі.

Бағалау кезінде мынадай ақпараттар пайдаланылады:

банк қызметін тексеру нәтижелері;банктің тәуекелдерін бағалау нәтижелері;банктің қаржылық және бухгалтерлік есептері;сыртқы аудит нәтижелері;уәкілетті органның банк туралы тексеру және қадағалау барысында жинаған өзге де құжаттары мен мәліметтері.

Бағалау барысында не анықталады?

Банктің қаржылық жағдайыБанктің маңызды операцияларыБанктің төлем қабілеттілігіБанкті сақтап қалу мүмкіндігі

Ал банктің қаржылық жағдайын бағалау кезінде:

Банктің активтері мен міндеттемелері талданады. Яғни банктің қанша ақшасы мен мүлкі бар, қанша қарызы бар, олардың түрі, валютасы және төлеу мерзімі қандай екені тексеріледі. Банктің активтерінің сапасы бағаланады. Банктің берген несиелерінің көлемі, қайтарылмай жатқан немесе мерзімі өткен қарыздардың үлесі, банкпен байланысты тұлғаларға берілген қарыздар, несие бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің жеткіліктілігі қаралады. Сонымен қатар бағалы қағаздар, негізгі құралдар және басқа ұйымдардан алынуға тиіс ақшалар да бағаланады. Банктің міндеттемелері талданады. Банктің халық пен компаниялардан тартқан депозиттері, басқа банктерден алған қарыздары, шығарған бағалы қағаздары және басқа да қарыздары қаралады. Сондай-ақ ірі салымшыларға тәуелділік және кредиторлар, салымшылар мен клиенттер алдындағы мерзімі өткен қарыздардың бар-жоғы тексеріледі. Банктің болашақтағы міндеттемелері мен талаптары қаралады. Яғни банк белгілі бір жағдай туындағанда орындауға тиіс шартты міндеттемелері және алуға құқылы талаптары есепке алынады. Банктің өз капиталының жеткіліктілігі бағаланады. Банктің күтпеген шығындарды жабуға және қаржылық қиындықтарға төтеп беруге жеткілікті өз қаражаты бар ма — соған қарайды. Банктің өтімділігі тексеріледі. Банк қажет болған кезде салымшылар мен кредиторларға төлем жасау үшін жеткілікті ақшаға немесе тез ақшаға айналатын активтерге ие ме — соны анықтайды. Сонымен қатар белгіленген өтімділік нормативтерін сақтап отырғаны тексеріледі. Банкке қойылатын басқа да қаржылық талаптардың сақталуы тексеріледі. Яғни банктің заңда белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтап отырғаны және олардың белгіленген шектерден аспайтыны немесе төмендемейтіні қаралады. Банктің негізгі қызметінің нәтижелері талданады. Банктің қанша табыс тауып отырғаны, шығындарының көлемі, кірісі мен шығысының арақатынасы және ақшаның қайдан түсіп, қайда жұмсалып жатқаны бағаланады. Банкке шығын келтіретін тиімсіз мәмілелер анықталады. Яғни банк нарықтағы қалыпты шарттарға сәйкес келмейтін, өзіне тиімсіз мәмілелер жасап, соның салдарынан шығынға ұшырап отыр ма — соны тексереді.

Бағалау нәтижесі бойынша банктың қаржылық жағдайы негізінде оның қазіргі уақытта немесе болашақта төлемдерін орындай алмай қалу қаупі бар-жоғы және қаржылық жағдайын түзеп, жұмысын жалғастыра алу мүмкіндігі анықталады.

Егер банк төлемге қабілетсіз немесе осындай жағдайға жақын деп танылса, оны бірден таратпай, қаржылық жағдайын реттеуге және сақтап қалуға мүмкіндік беретін шаралар қарастырылады:реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату; реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау; реттеу режиміндегі банктің барлық немесе бір бөлігіндегі активтері мен міндеттемелерін басқа банкке немесе банктерге бір мезгілде беру; тұрақтандыру банкін құрып, оған реттеу режиміндегі банктің барлық немесе бір бөлігіндегі активтері мен міндеттемелерін беру. Ал жүйелік маңызы бар банк қиын жағдайға тап болған кезде, оның проблемасы бүкіл банк жүйесіне әсер етпеуі үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажеттілігі де бағаланады. Егер банкті қаржылық тұрғыдан қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе мұндай шаралар тиімсіз болса, оны лицензиясынан айырып, тарату мәселесі қаралады.

Бағалау аяқталған соң не болады?

Банктің қаржылық, бухгалтерлік және экономикалық жағдайына жүргізілген талдау көрсетіледі.Банктің төлем қабілетсіз немесе ықтимал төлем қабілетсіз екеніне негіз бар-жоғы анықталады. Сондай-ақ арнайы жоспарды орындаған жағдайда банктің қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіріп, жұмысын жалғастыра алатыны көрсетіледі.

Егер банк төлем төлеуге қабілетсіз деп танылса, мына мәселелер анықталады:

Банктер жүйесіне әсері

Банктің проблемалары бүкіл банк жүйесіне қауіп төндіруі немесе елеулі теріс әсер етуі мүмкін бе — соны анықтайды.

Маңызды операциялары

Банктің тоқтап қалуы қоғамға немесе экономикаға әсер етуі мүмкін аса маңызды операциялары бар ма — соны қарайды.

Банкті сақтап қалу мүмкіндігі

Банкті бірден таратқаннан гөрі, оны сақтап қалу үшін арнайы реттеу шараларын қолданған тиімді ме — соны бағалайды.

Мемлекеттің араласу мүмкіндігі

Егер банк жүйелік маңызы бар банк болса, оның жұмысын тұрақтандыру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажет пе және бұл қаншалықты тиімді — соны анықтайды.

Бағалау нәтижесіне қарай уәкілетті орган банкке қатысты екі шешімнің бірін қабылдайды:

- Банк қаржылық жағдайын қалпына келтіре алады;

- Банк төлем қабілетсіз немесе ықтимал төлем қабілетсіз деп танылады.

Ал банктің қай операциялары аса маңызды екенін анықтау кезінде мына көрсеткіштер ескеріледі:

Банктің нарықтағы үлесіБанктің көлемі мен басқару жүйесіБанктің тәуекелдеріОперациялардың қоғам мен экономика үшін маңызы

Аса маңызды операциялардың бұзылуы келесі деңгейлерінің бірі арқылы бағаланады:

Ең ауыр деңгей – жұмыс тоқтатылады;

Орташа деңгей – жұмыс қиындайды;

Жеңіл деңгей –жұмыс тоқтатылмайды.

Айта кетейік, қаулының толық мәтіні 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 14:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары