Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Барлық жағдай бірдей жымқыру емес“. Депутаттың “жағымсыз“ құжат туралы мәлімдемесіне жауап берілді

“Барлық жағдай бірдей жымқыру емес“. Депутаттың “жағымсыз“ құжат туралы мәлімдемесіне жауап берілді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы депутат Бақытжан Базарбектің ауқымды заңбұзушылықтар туралы мәлімдемесіне пікір білдіріп, жарияланған фактінің барлығын бірдей жымқыру деп санауға болмайтынын атап өтті. Бұл туралы палата басқармасының төрағасы Нұржан Арынғазинов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында Арынғазинов 29 сәуірде Мәжілісте жеке сот орындаушылар жұмысындағы заңбұзушылықтар туралы Бас прокуратура ұсынысындағы деректерді оқыған депутат Бақытжан Базарбектің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Республикалық палата басшысының айтуынша, бірқатар жағдайда мәселе ақшаның сот орындаушысының шотында ұзақ уақыт тұрып қалуына қатысты болуы мүмкін, бірақ бұл міндетті түрде жымқыру дегенді білдірмейді.

"Ақшаны өз шотында ұзақ уақыт ұстау фактісі бар, бірақ бұл қаражат жымқырылды деп айта алмаймыз", - деді Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы.

Ол шамамен 300 миллион теңгеге қатысты жағдайды мысалға келтірді. Оның айтуынша, Астанадағы сот орындаушысы алимент бойынша берешекті анықтап, бұл ақшаны өндіріп алушыға аударған.

"Ақша өндіріп алушыға кетті, өйткені сот орындаушысының 300 миллион теңге көлеміндегі алимент берешегін анықтау туралы қаулысы болды. Оған ешкім шағымданған жоқ және ол жойылған жоқ", - деп түсіндірді Нұржан Арынғазинов.

Сондай-ақ ол алиментке қатысты эпизодтарға тоқталды. Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың бір бөлігі қосымша бағалауды талап етеді, өйткені ақша сот орындаушысының шотында болуы мүмкін, бірақ процедуралық бұзушылықтар салдарынан уақтылы аударылмаған.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

Бүгін 08:10 1

"Алимент бойынша айтылған фактілер бар, жеке сот орындаушысы алимент ақшасын жымқырды-мыс. Бұл жерде де мәселе екіұшты", - деді палата төрағасы.

Оның сөзінше, бірқатар жағдай бойынша материалдар құқық қорғау органдарына расында да берілген. Арынғазинов шамамен 8–12 іс туралы сөз болуы мүмкін деді, алайда нақты санын айта алмады.

"Ол жерде расталған фактілер бар. Қарағанды облысы мен Астана бойынша фактілер болды. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, тергеуді құқық қорғау органдары жүргізеді. Сәйкесінше, менің ойымша, шығын өтелгендіктен барлық қылмыстық іс тоқтатылды", - деді ол.

Арынғазиновтың пікірінше, сот орындаушысының шотынан ақша үшінші тұлғалардың шоттарына кеткен жағдайды ғана жымқыру деп санауға болады. Мұндай жағдайда палата лицензиядан айыру және жеке сот орындаушыларына қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін қояр еді.

"Бірақ ақша сол сот орындаушысының шотында болғандықтан, ал бұл өндіріп алушылардың ақшасын сақтауға арналған шот, оның іс-әрекеті процедуралық бұзушылықтарға жатады. Сондықтан ол қатаң жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

Бұл ретте палата басшысы ақшаны депозиттерге аудару заңсыз екенін, қаражат арнайы шотта сақталуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ Арынғазинов егер әңгіме азаматтардың құқықтарын айтарлықтай бұзатын әрекеттер туралы болса, палата жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейтуді қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

"Депутаттар жауапкершілікті күшейтуді қолдап отыр. Негізінде, біз мұнымен келісеміз. Егер азаматтардың құқықтарының елеулі бұзылуына әкеп соғатын іс-әрекеттер нақты көрсетілсе, біз бұл жауапкершілікті, тіпті санкцияның өзін қатайтуға келісеміз. Бұл шара нәтиже беруі тиіс", - деп түйіндеді Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы.

Мән-жайы

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеке сот орындаушылары жұмысындағы ауқымды заңбұзушылықтар туралы мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Бас прокуратураның ұсынысына сәйкес, 88 жеке сот орындаушысы 660 түрлі алаяқтық әрекет пен айла-шарғылар жасаған. Сондай-ақ ол заңбұзушылықтардың бір бөлігі алиментке арналған ақшаға қатысты болғанын айтты.

Базарбек бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде айтты. Құжат бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары