Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Батыс Қазақстанда еңбек адамының мәртебесін арттыратын фестиваль өтті

Батыс Қазақстанда еңбек адамының мәртебесін арттыратын фестиваль өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды. Президент өз Жолдауында жұмысшы мамандарына деген құрметті арттыра түсу, оларға лайықты жалақы төлеу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өткен еді.

Фестивальға 800-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің әкімі Еркін Әбілкәкімов, Ақжайық ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, мәслихат депутаты Ләззат Сейткереева, сондай-ақ сала басқармаларының басшылары, еңбек ардагерлері, колледж директорлары, кәсіпорын жетекшілері мен жастар болды. Іс-шара еңбек адамының мәртебесін арттыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Еңбек фестивалін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ашты. Ол пленарлық отырыста өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ең алдымен, еңбек адамының табанды еңбегіне негізделетінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге ұмтылыс – халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер. Облысымызда өндіріс саласы жылдан жылға дамып келеді. Қазір 20-дан астам ірі кәсіпорында 40 мыңнан астам адам еңбек етеді. Индустриялық аймақтар мен жаңа зауыттар ашылып, заманауи өндіріс орындары іске қосылуда. Бұл – білікті кадрларға деген сұраныстың артуы деген сөз. Сондықтан колледждер мен оқу орындары еңбек нарығының нақты қажеттілігіне сай мамандар даярлауға тиіс», – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар әкімнің айтуынша, өңірде жастарды еңбек нарығына тарту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Биыл екі рет «Талпын» мүмкіндіктер алаңы және 47 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 851 жұмыс беруші қатысқан. Нәтижесінде 721 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев биыл Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы – қарапайым еңбек құндылығын дәріптеуге және нақты мамандықтардың беделін көтеруге бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

«Бүгінде ауылдық жерлерде механизатор, ветеринар, агроном сияқты мамандар жетіспейді. Сол себепті жоғары және орта оқу орындары өз бағдарламаларын еңбек нарығының талабына сай өзгертіп, жұмысшы мамандықтарға басымдық беріп отыр. Бүгінгі форумның басты мақсат – ауылдағы қарапайым еңбек адамдарының жұмысын бағалау және жастарды осы бағытқа ынталандыру. Осындай іс-шаралар ел дамуының нақты тірегіне айналарына сенемін», – деді ол.

Фестиваль аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көрмесі, жұмыс берушілер жәрмеңкесі, ауыл шаруашылығы техникасының таныстырылымы, ұлттық спорт түрлері мен этно-шоу, жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі және фотографтар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ облыстың ірі кәсіпорындары мен шағын бизнес өкілдері өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.

Жиынның маңызды бөлігі ретінде қарапайым еңбек арқылы табысқа жеткен жандардың өмір жолы мен жетістік тарихы таныстырылды. Солардың бірі – Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің әкімі Еркін Әбілкәкімов. Ол «Ауыл аманаты» жобасы аясында тиімді жұмыс жүргізіп, тұрғындардың табыс табуына қолайлы жағдай жасауда. Бүгінде азаматтар жеңілдетілген несие алып, шағын кәсіптерін дамыта бастады.

«Бірі егін екті, бірі суарды, бірі жинады, бірі сатты. Осылайша бүкіл ауыл болып еңбектендік. Нәтижесінде табыс та, сенім де артты», – деді Еркін Әбілкәкімов. Оның сөзінше, ауылды басқару – тек әкімшілік жұмыс емес, ең алдымен халықтың өміріне нақты өзгеріс әкелу.

Ал Орал трансформатор зауытында 4 жыл үздік еңбек етіп жүрген Ләззат Жұмаділдә өз сөзінде зауыттағы жұмыстың мәні жайлы баяндап, қарапайым еңбектің қоғам үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ ол бұл мамандыққа қызығушылық анасынан дарығанын атап өтті. Бүгінде анасы екеуі зауытта бірге еңбек етеді. Олар өз ісіне деген адалдықтың үлгісін көрсетіп, өндіріс саласында әйелдердің де орнын айқындап, өз тәжірибесі арқылы қоғамда қалыптасқан «өндіріс – ерлердің ісі» деген көзқарастың негізсіз екенін дәлелдеді.

«Күн сайын өндірісте шағын бөлшек орнатамын. Бір қарағанда – жай ғана бөлшек. Бірақ дәл сол болмаса, бүкіл механизм жұмысы тоқтап қалады. Осы сәтте өз еңбегімнің маңызды екенін сезініп, мақтанышқа бөленемін. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қараса, еліміз де дами түседі. Өндірістегі әйелдердің еңбегі бағаланғанын сезіну – үлкен қуаныш. Бір жыл ғана емес, еңбек адамының жұмысын үнемі құрметтеуіміз керек», – деді ол.

Сондай-ақ Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылының жас кәсіпкері Сырым Жолдығұлов ісін шағын наубайханадан бастап, бүгінде кәсіби қолғаптар шығаратын өндіріс орнын ашқанын айтты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін дамытқан ол өңірдегі басқа ауыл жастарына үлгі болып отыр. 

«Көпшілік бизнес бастау үшін таныс немесе қаражат керек деп ойлайды. Бірақ бұл – сылтау. Шын ниет болса, жол табылады. Ешкім бірден байып кетпейді. Бастысы – еңбегің адал болу керек. Тірегің болмаса да – тірлігің болсын. Себебі еңбек – адамның ең үлкен тірегі», – деді Сырым Азаматұлы.  

Фестиваль соңында облыс әкімі еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттап, арнайы сыйлық табыстады. Іс-шара гала-концертпен жалғасты.

«Еңбек. Адам. Құрмет» фестивалі – еңбек адамын ұлықтау мен кәсіби мамандардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды алаң. Мұндай іс-шаралар арқылы өңірде жастардың техникалық және кәсіптік білімге қызығушылығы артып, жұмысшы мамандықтарының жаңа буыны қалыптасып келеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 16:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары