Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Драматургиядағы дара даңғыл

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

БҚО да “Еңбек. Адам. Құрмет“ атты фестиваль өтті

БҚО да “Еңбек. Адам. Құрмет“ атты фестиваль өтті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауына орай Батыс Қазақстан облысында "Еңбек. Адам. Құрмет" атты фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауына орай Батыс Қазақстан облысында "Еңбек. Адам. Құрмет" атты фестиваль өтті.

Бұл айтулы шараның басты мақсаты – ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және жас ұрпаққа үлгі ету.

Фестивальге әр салада тер төгіп жүрген еңбек адамдары қатысты.

Іс-шара барысында еңбек адамдарының өмір жолы, кәсіби жетістіктері мен еңбекке деген адал көзқарастары насихатталды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, таңдаған мамандығына деген мақтанышын білдірді.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде Мемлекет басшысының:

"Еңбек адамына құрмет көрсету – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі. Біз адал еңбекті әрдайым жоғары бағалаймыз", – деген сөзін атап өтіп, бүгінгі қоғамда көзге көрінбей, бірақ елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандардың еңбегін жоғары бағалау қажеттігін айтты.

"Шын мәнінде, ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, кәсібіне адалдықпен қарап, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген азаматтар – бүгінгі қоғамның айнасы", – деді өңір басшысы.

Шара аясында өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер мен түрлі сала мамандары өз жұмыстары туралы баяндап, "Жұмысшы мамандықтары" жылының мән-маңызына ерекше тоқталды.

Аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляззат Сейткереева өз сөзінде төрт жыл бұрын іске қосылған жүн өңдеу цехының жұмысымен таныстырды. Бүгінде бұл өндіріс ошағында бұған дейін жұмыссыз жүрген ауыл әйелдері еңбек етуде. Олар халықаралық "Бір ауыл – бір өнім" жобасы аясында жүннен тәпішке, киіз етік, кілемшелер мен жұмсақ ойыншықтар секілді түрлі өнімдер шығарып жатыр.

"2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануы - елдің негізгі қозғаушы күші саналатын еңбек адамдарына көрсетілген үлкен құрмет. Бұл - тек атаулы жыл емес, нақты іс пен нақты қолдаудың жылы.
Бүгінгі шара - еңбек адамын дәріптеудің, оларды көріп, танудың жарқын үлгісі. Қарапайым еңбек иелерінің өмірі мен табысы жастарға үлкен мотивация. Осындай шаралар жыл сайын жалғасып, жұмысшы мамандықтарының беделі одан әрі арта түссе екен деп тілеймін!", - деді Ляззат Сейткереева.

Орал трансформатор зауытының шебері Ляззат Жұмаділда жас мамандарды даярлау жайын баяндап, нәзік жандылардың да өндірісте табысты еңбек етіп жатқанын айтты. Ол күн сайын катушка ішіне қажетті бөлшектер орнатады. Көзге қарапайым көрінгенімен, дәл сол бөлшек бүкіл механизмнің жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға үлес қосып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік жаңашыл идеяларын енгізуге ниеттенген Шыңғырлау ауданының жеке кәсіпкері Сырым Жолдыгұлов "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында несие алып, алдымен шағын наубайхана ашты. Кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер қазір өңірде теңдесі жоқ кәсіби қолғаптар өндірісін дамытып, кәсіпорнын шағын цехтан өндіріс орнына дейін жетілдірген.

Ал көпбалалы ана Самал Айтқұлова 2022 жылы "Табиғи сүттен ірімшік өндіру" жобасы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грант иегері атанып, Орал қаласында өз өнімін шығарып, сатумен айналысуда. Қазір оның цехы бар, екі сатушысы мен бір көмекшісі жұмыс істейді - яғни, Самал өз отбасымен бірге тағы үш адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бір кездері жұмыс іздеген жан бүгінгі таңда өзгелерге жұмыс беріп, армандаған кәсіппен лайықты өмір сүруде.

Жиын барысында ауданнан келген өкілдер "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында өз өңірлерінде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік қолдаудың нәтижелері жөнінде бөлісті.

Фестиваль аясында алаңда кең көлемді жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Онда "Ауыл аманаты" бағдарламасының қатысушылары мен мемлекеттік грант иегерлері өз өнімдерін ұсынды. Жұмыс іздеушілер үшін 80-нен астам жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Шара барысында қатысушылар ұлттық ойындар мен түрлі байқауларға қатысуға мүмкіндік алды. Алаңның ортасында тігілген киіз үйлерде облыстың барлық аудандарынан келген түрлі жұмысшы мамандық иелері өз кәсіптерін таныстырды. Ал ауқымды шараны қолөнер мен шеберлік туындыларының көрмесі ерекше әрлендіріп, көрермендерді тәнті етті.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see135

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see130

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see129

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see128

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see128

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see126

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see126

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see125

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see124

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see123

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see123

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see123

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see120

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see119

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see117

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see117

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see115

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see114

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see113

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары