Украина Ресейдегі дрон шығаратын кәсіпорынға соққы жасағанын мәлімдеді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Украина Қарулы күштері Ресейдің Ростов облысындағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін кәсіпорынға соққы жасалғанын хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
Украина Қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, 16 қазанда Ростов облысындағы Ленина елді мекені маңында орналасқан «Робоавиа» кәсіпорнының өндірістік және қойма ғимаратына соққы жасалған.
Аталған кәсіпорын Ресей армиясына арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеумен және өндірумен айналысады.
Сонымен қатар Украина Бас штабы 12 қазанда Ресейдің Брянск облысындағы Латыши елді мекені маңында орналасқан әскери қоймаға да соққы жасалғанын растады. Бұл нысан Ресейдің зымыран бригадасы құрамындағы бөлімшенің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесіне тиесілі болған.
Украина тарапы мұндай операциялар Ресейдің әскери және технологиялық мүмкіндіктерін әлсіретуге бағытталғанын мәлімдеді.
Әзірге аталған шабуылдардан келген шығын көлемі туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 19:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















