Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Батыс Қазақстанда су тасқынынан келер қауіп қандай

Батыс Қазақстанда су тасқынынан келер қауіп қандай

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жоспарланған іс-шаралар қалай орындалып жатыр

БҚО әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, 2025-2027 жылдары су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенді жоспарына сәйкес 171 іс-шара қарастырылған. Осының 35-і 2025 жылдың еншісіне тисе, соның 28-і мәресіне жеткен. Қалған 7 іс-шара бойынша жұмыс жалғасуда. Республикалық су тасқынына қарсы жол картасына сәйкес көзделген 25 іс-шараның 21-і орындалған.

Қазіргі таңда Орал қаласында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары (2 жоба, орындалуы — 90 пайыз) аяқталып келеді. Сол секілді Тасқала ауданында Деркөл өзенінің арнасын тазартуды бастауға тиісті қаражат бөлінді. Күні бүгін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Оған қоса Орал қаласында Деркөл өзенінің жағалауын нықтау үшін жоба жасалуда.

— Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «БатысИрригация» мекемесіне 1,1 млрд теңгеге 31 арнайы техника сатып алынды. «Қазсушар» мекемесі 1,7 млрд теңгеге 51 жаңа техникамен қамтамасыз етілді. Қар шығару жұмыстарына 6,2 млрд теңге қарастырылды. Осы кезге дейін 558 мың шаршы метр қар шығарылды және жұмыстар қарқынды жалғасуда. 230 млн теңгеге мұз жару орындары анықталып, жұмысты жүргізу үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Президент тапсырмасы аясында тұрақты көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін Қалдығайты, Жақсыбай және Шыңғырлау өзендері арқылы 7,5 млрд теңгеге 3 көпірдің жобасы әзірленді. Құрылысқа республикалық бюджеттен қаржы бөлу жоспарланып отыр, — делінген ресми жауапта.

Фото: Ғайсағали Сейтақ / Kazinform

Облыс аумағында «Су тасқыны — 2026» айлығы жарияланды. Айлық барысында су өткізу құрылыстарын тазалау және басқа жұмыстар жүргізілуде. Орал қаласында саяжай алқаптарында тұратын тұрғындарға қауіптің алдын алу керектігі түсіндіріледі.

БҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Мүсиевтің нақтылауынша, облыс бойынша су басу қаупі бар 185 елді мекен есепке алынған.

Оның айтуынша, 2025 жылы жүргізілген іс-шаралар аясында 12 км қорғаныс бөгеттері салынды. Сондай-ақ 0,6 км канал кеңейтілді, 1,3 км арық жүйесі салынып, Жақсыбай, Қалдығайты, Деркөл, Қайыңды және Өлеңті өзендерінің арналары кеңейтілді. Автожолдарда 162 су өткізу құбыры орнатылып, ауыстырылды.

— Бұдан бөлек, осы жылы Бәйтерек ауданы Чиров ауылындағы су қоймасын жөндеу жұмыстары аяқталды. Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейін бақылауды күшейту үшін автоматтандырылған 4 гидробекет орнатылды. Аталған гидробекеттер автоматты түрде тәулік бойы ақпарат беріп отырады. 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде күш-құралдардан 4 568 адам, 2 009 техника, 128 жүзу құралы мен 482 мотопомпа дайын. Сонымен қатар аудандарда 358 420 дана қапшық болса, соның 67 820-сы қапталған, — деді Н.Мүсиев.

Фото: БҚО ТЖД

Қазгидромет болжамы қандай

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов ұсынған мәлімет бойынша Жайық өзенінде су тасқыны наурыз айының соңы мен сәуірдің басында басталады.

Өзеннің гидрологиялық режимі су қоймаларының каскады арқылы реттеледі. Өзен ағыны су қоймаларынан жіберілетін су көлеміне байланысты қалыптасады, олардың ішіндегі ең бастысы — Иреклі су қоймасы. 

Сонымен қатар Ресей аумағында орналасқан Сақмар, Елек, Ор өзендерінің сулары әсер етеді. Ал Шыңғырлау, 1-Шежін, 2-Шежін, Шаған, Деркөл, Көпіраңқаты, Өлеңті, Шідерті, Елек, Быковка, Рубежка, Қалдығайты, Шиелі, Бұлдырты, Сарыөзен және Қараөзен наурыз бен сәуір айының басында тасиды.

Су тасқыны бірнеше факторға байланысты болатыны белгілі. Метеорологиялық станциялардың деректері бойынша топырақтың күзгі ылғалдануы шығыс бөлікте Шыңғырлау ауданында нормадан 24 пайызға жоғары болса, Қаратөбеде 63 пайызға төмен. Оңтүстікте Бөкей ордасы мен Жаңақалада 22-49 пайызға жоғары, Ақжайықта (Тайпақ бөлігі) 22 пайызға төмен. Орталықта Ақжайық пен Сырымда 20-53, батыста 66 пайызға жоғары болса, Жәнібекте 33 пайызға аз.

Фото: Министерство водных ресурсов и ирригации РК

Солтүстікте Орал қаласы мен Тасқала, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында нормадан 25-51 пайызға көп. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2025 жылғы күзде түскен жауын-шашын облыстың көп бөлігінде 86-170 пайызға жоғары. Тек Жәнібек, Ақжайық (Тайпақ), Қаратөбе аудандарында орташа алғанда 13-37 пайызға төмен. 

Тағы бір фактор — тоңның қалыңдығы орта есеппен 28-83 см аралығында ауытқиды. 2025 жылмен салыстырғанда, облыстың оңтүстігі мен орталығында (Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Сырым, Бөрлі аудандары мен Орал қаласы) 3-33 см төмен. Ал батыс (Жәнібек) пен шығыста (Шыңғырлау) және оңтүстікте (Ақжайық, Казталов) тоң қалыңдығы жоғары, айырмашылығы 7-31 см-ге жетеді.

Сол секілді былтырмен салыстырғанда, Бөкей ордасы, Казталов, Жәнібек, Тасқала, Бөрлі, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласында биыл қыста қар 6-44 пайызға көп түскен. Сырымда шамалас, ал Жаңақала, Ақжайық, Қаратөбе, Шыңғырлауда 7-38 пайызға аз болып отыр.

Алдын ала болжам бойынша Жайық өзенінің салаларында су тасқыны жоғары және орташа деңгейде өтуі мүмкін.

— Облыс бойынша Орал қаласы, Тасқала және Бәйтерек аудандары су тасқыны қаупі жоғары аумақтарға жатады. Бөрлі, Қазталов, Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары орташа қауіпке ие. Бөкей ордасы, Теректі, Сырым, Ақжайық, Жаңақала мен Жәнібек аудандарында су басу қаупі төмен. Мұның бәрі — болжам. Деректер ағымдағы синоптикалық жағдайларға байланысты нақтыланады, — деп түйіндеді Т.Шапанов.

Фото Т.Шапановтың жеке архивінен

Өңірдегі су қоймалары не күйде

«Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хұсайыновтың мәлім еткеніндей, Жайық, Шаған, Қараөзен және Сарыөзен трансшекаралық өзендері Батыс Қазақстан облысының басты су артериясы болып есептеледі. Аталған өзендер суының 80 пайызы Ресей Федерациясы аумағында қалыптасып, жоғары ағысындағы гидрологиялық режимге тікелей тәуелді.

— «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы Ресей Федерациясының су шаруашылығы қызметтерімен, атап айтқанда, Орынбор, Саратов облыстарының, Башқұртстан Республикасының тиісті мекемелерімен тікелей және тұрақты байланыс орнатты. Көктемгі тасқын кезінде күнделікті, үздіксіз ағымдағы су шаруашылығы жағдайы туралы ақпарат алмасып отырамыз. Бұл су шаруашылығы нысандарын сәйкесінше реттеп, тасқын суын апатсыз өткізуге мүмкіндік береді. Су тасқынының алдын ала болжамы ақпан айының алғашқы онкүндігінде қалыптасқан гидрологиялық режимге сәйкес жасақталып, апта сайын түзетіліп отырады, — дейді Р.Хұсайынов.

Фото: Қазсушар БҚО филиалы

Мекеме облыс аумағында республикалық теңгерімдегі су шаруашылығы нысандарын пайдаланады. Филиал теңгерімінде 14 су қоймасы, 1 бөгет, 4 су торабы, 1808,16 шақырым магистралды, суландыру, таратушы каналдар бар.

Осы су шаруашылығы нысандарында жоспарлы тексеріс жүргізіліп, көктемгі кезеңге дайындық құжаттары толтырылды, бүгінде нысандар қалыпты жағдайда, штатты режимде жұмыс жасауда.
9 ақпандағы мәлімет бойынша Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі 131 см (қауіптісі — 850 см) болды. 2024 жылы өзен деңгейі 865 сантиметрге дейін жетіп, қауіпті шектен асып кетсе, өткен жылы 465 см тіркелді.

Орынбор облысындағы Иреклі қоймасынан биылғы 15 қаңтардан бері Жайық өзеніне секундына 90 текше метр су жіберілуде. 2024 жылы максималды су шығыны секундына 2 170, өткен жылы 201 текше метрге жеткен болатын.

Фото: Қазсушар БҚО филиалы

Қазсушар мәліметі бойынша облыстың 5 ауданының 87 елді мекенін сумен қамтамасыз ететін Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесі Жайық өзенінен суарылып, жүйенің каскадты су қоймаларында жалпы көлемі 260,3 млн текше метр стратегиялық су қоры жинақталады. Бүгінде мұндағы су қоймалары орташа есеппен жобалық көлемнен алғанда 46 пайызға толтырылған. 

2025 жылдың вегетациялық кезеңі аяқталғаннан кейін уәкілетті органдардың келісімімен қазан айының 25-інен Шаған өзеніндегі Шаған су қоймасы пайдаланылмайтын су көлеміне дейін босатылып, көктемгі тасқын суды өткізуге дайындалды, транзиттік режимде жұмыс жасауда.
Қараөзен мен Сарыөзендегі су қоймаларының толтырылу көлемі — 58 пайыз.

Жыл сайын су шаруашылығы нысандарын қалыпты техникалық жағдайда ұстау, су тасқынын апатсыз өткізуге дайындау, су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалану мақсатында филиал нысандарда ағымдағы жөндеу және механикалық тазарту жұмыстарын жүргізеді. 2025 жылы 21 нысан жөнделіп, 163,7 шақырым арна ішінара механикалық тазартылды. 2026 жылы осындай жұмыстарды 21 нысанда (150 шақырым) жүргізу жоспарланған.

Фото: Ғайсағали Сейтақ / Kazinform

Сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен олардың негізгі жабдықтарының техникалық жағдайын нақты бағалау мақсатында гидротехникалық имараттарға көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл зерттеулер имараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. 2025 жылы 4 нысанда зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік декларациясы жасақталды. Биыл 3 нысанға кезек келмек.

Су шаруашылығы нысандарына қажетті инертті материалдар мен жанар-жағар май қоры, жер қазу техникасы жасақталып, нысан басына жеткізіледі.

— Облыс аумағында тасқын суды жинау, қоймалардың сыйымдылығын арттыру — алда тұрған міндеттердің бірі. Осы мақсатта Казталов ауданында 2 жаңа су қоймасы салынбақшы. Бүгінде Ислам даму банкі есебінен Жалпақтал ауылы тұсында жалпы көлемі 28 млн текше метр су қоймасының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сексенбай ауылы тұсында су қоймасын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасақталуда. Сонымен қатар Шаған өзені тармағы мен Көшім магистралды каналын механикалық тазарту бойынша жоба жүзеге асырылуда. Мұның мерзімі 2026 жылы бітеді, — деп қосты Қазсушар филиалының басшысы.

Фото: Қазсушар БҚО филиалы

Орал қаласында да су басу қаупі бар аумақтар анықталды

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев шаһар аумағында су басу қаупі бар аумақтар бар екендігін жасырмады. 

Оның сөзіне қарағанда, барлық саяжайлар, Зачаган, Деркөл кенті, қала орталығындағы 2-Жұмысшы шағынауданы, Елизаров, Ғ.Тоқай көшесі, сондай-ақ Ескі әуежай, «Жұлдыз» шағынаудандарындағы төмен орналасқан жер үйлерге су кіруі мүмкін.

Мұның себептері — аулалардағы қардың уақытылы шығарылмауы, үйлердің іргетасы аласа болуы, су жолдарына құрылыс салу және басқалар. 

Орал қаласы аумағында ықтимал су тасқынынан қорғау мақсатында бөгеттер нығайтылды. Бөгеттердің жалпы саны — 12, оның ұзындығы — 11,4 км.

— Қазіргі таңда су тасқынын болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде ақпан айының аяғы мен наурыздың басында барлық қаладағы арықтар мен каналдар тазартылады. Күні бүгін инертті материалдар дайындалып жатыр. Атап айтқанда, 16 мың қап құм қапталды. Сонымен қатар су тасқынымен күреске Орал қаласы аумағындағы коммуналдық мекемелердің 400-дей техникасы дайын. Оның ішінде 30 су сорғыш, 40 инженерлік техника, 150 жүк көлігі, 50 жеңіл көлік, 72 трактор, 30 мотопомпа және эвакуациялауға арналған 30 техника бар, — деді Ж.Дүйсенғалиев.

Фото Жандос Дүйсенғалиевтің жеке архивінен

Бұдан екі жыл бұрынғы алапат тасқын кезінде Орал қаласы аумағындағы саяжайлардың суға кеткені белгілі.

Орал қаласы аумағында шамамен 140 саяжай бірлестігі бар. Барлық тұрғындар саны — 20 629 адам. «Зачаганский» (9 700 адам) бау-бақша бірлестігін қоспағанда — 10 929 адам.

— Биылғы 10 ақпанда саяжай бірлестіктері төрағалары берген мәлімет бойынша 1 325 саяжайда тұрғындар қыстап жатыр. Солардың 878-іне су басу қаупі туралы хабарлама берілді. Қалған 447-сінде тұрғындар үйлерінде болмаған немесе есігін ашпаған. Оған қоса саяжайды монша, демалыс орындары ретінде пайдаланатындар бар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, — деді қала әкімінің орынбасары.

Фото: Қазсушар БҚО филиалы

Осылайша, Батыс Қазақстанда көктемгі тасқын кезінде елді мекендерді су басу қаупінің бар екендігі барынша айтылып, талданды. Бұл әлі де дайындық барысын мұқияттап, осал тұстарды бекіте түсу қажеттігін көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орынборда Ирекліден Жайыққа жіберілген су көлемі жайында жазған едік.

Сондай-ақ су тасқынына дайындық барысында Орал қаласы мен Қаратөбе ауданы әкіміне сөгіс жарияланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 19:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see153

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see151

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see144

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see129

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see127

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see124

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see123

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see121

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see120

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see120

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see120

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see119

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see119

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see117

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see117

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see117

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see117

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see116

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары