Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

TURGYNDAR AMANATY : Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы AMANAT партиясының назарында

TURGYNDAR AMANATY : Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы AMANAT партиясының назарында

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қызылордада «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбындағы өңірлік форум өтті. Жиын барысында  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланып, аталған жобаның саланы жетілдіру ісіндегі маңызына назар аударылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ Тұрғын үй қатынастары және нормативтік-техникалық реттеу департаментінің директоры Марғұлан Абдыкаримов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов, жауапты басқарма басшылары, «Пәтер иелері ассоциациясы» мен пәтер иелері кооперативтерінің басшылары және өкілдері қатысты.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп,  «TURGYNDAR AMANATY» жобасы көпқабатты үйлерді басқаруды жетілдіруге және тұрғындардың қатысуын арттыруға бағытталған тиімді тетік екенін жеткізді.

«Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Қаланың сол жағалауында жаңа шағынаудандар бой көтеруде. Кейінгі үш жылда 939,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, облыста 1,5 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үй бар. Қызылорда қаласында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында 65 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа газ жылу-электр орталығы іске қосылды. Сонымен қатар қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар да өңірде жүйелі жүргізілуде», – деді Ержан Жылқыбаев.

Алайда, партия Хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын басқарудың жаңа моделін қалыптастыруды тапсырды. Бұл салада нақты нәтижеге бағытталған практикалық шешімдер қабылдау аса маңызды. Осы орайда, «AMANAT» партиясы «TURGYNDAR AMANATY» жобасын іске қосты. Жобаның басты мақсаты – қолайлы, қауіпсіз, жайлы және заманауи қалалық орта қалыптастыру және тұрғындардың белсенділігін арттыру.

Жалпы, бұл жоба салада қордаланып қалған мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталуда. Бұл ретте, өңірде МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, кері байланысты күшейту, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қолға алу және белсенді азаматтар қатарынан кадрлық резерв қалыптастыру жоспарланып отыр. Осыған байланысты, партия Хатшысы аталған мақсаттарға қол жеткізу және тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы байланысты күшейту үшін партияның өңірлік филиалына фронт-офис ашуды тапсырды.

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев өңірде тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың тұрмысын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндады. 

«Кейінгі үш жылда өңірде электр жүйелерін жаңартуға 15 млрд 400 млн теңге қаржы бөлініп, 1073 шақырым электр желісі және 257 дана қосалқы станса жаңғыртылды. Жылу желілерін жөндеуден өткізуге 19 млрд 500 млн теңге қаржы бөлініп, 27 шақырым жылу желісі жаңартылды. Барлық елді мекен 100% орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жобасы жүзеге асырылып, бүгінде қала тұрғындары оның игілігін көруде. Облыс аумағында 3 млрд 500 млн теңгеге 65 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. 60 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельдермен жаңартылды. 70 тұрғын үйді жаңарту жұмысы жүргізілуде. Тұрғын үйлердің аулаларында демеушілер есебінен балаларға арналған 80 спорт алаңы пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы оны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді аймақ басшысы.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы реформалардың басты мақсаты жүйені түбегейлі өзгерту емес, оны заман талабына сай жетілдіру екенін атап өтті. Оның айтуынша, заңнамадағы өзгерістер тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, басқару процесінің ашықтығын күшейтуге, қаржыны тиімді бақылауды қамтамасыз етуге және меншік иелерінің шешім қабылдау барысындағы рөлін нақтылауға бағытталып отыр. Сонымен қатар әрбір тұрғын үйге басқару түрін өз бетінше таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл қадам тұрғындардың өз мүлкіне деген жауапкершілігін күшейтеді.

«Енді тұрғындар «біз төлейміз, бірақ ештеңе шешпейміз» деген түсініктен арылуы керек. Бүгінде таңдау да, шешім де – тұрғындардың өз қолында. Үйдің тазалығы, жөндеу жұмыстары мен қаржының дұрыс жұмсалуы – тұрғындардың белсенділігі мен бақылауына тікелей байланысты», – деді депутат.

Форум барсында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ Тұрғын үй қатынастары және нормативтік-техникалық реттеу департаментінің директоры Марғұлан Абдыкаримов сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.  Мәселен Пәтер иелері ассоциациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Илимжаухар Сартова Қызылорда қаласында орталықтандырылған биллинг қызметін көрсететін компания құру туралы ұсынысын жеткізді.

«Біздің жұмыс барысында тұрғындар мен басқарушы компания арасындағы мәселелерге жиі тап боламыз. Көбіне тұрғындар тек көзге көрінетін жұмыстарды байқайды, ал үйдің инженерлік жүйелері мен жалпы тазалығы сияқты маңызды аспектілерді назарға алмайды. Мәселен, үйді күтіп ұстауға қажет қаражатты уақтылы төлеу мәселесі ақсап жатады. Сондықтан Қызылордада орталықтандырылған биллинг қызметін көрсететін компания құрылса дейміз», – деді Илимжаухар Сартова.

Жиын барысында ұйымдастырушылар «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық әрі конструктивті диалог алаңына айналатынына сенім білдірді. Іс-шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып, бірқатар азамат партия қатарына қабылданды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 00:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары