Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Мектептерде күзгі демалыс басталды

AMANAT : Атырауда TURGYNDAR AMANATY жобасы аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға бағытталған нақты шаралар талқыланды

AMANAT : Атырауда TURGYNDAR AMANATY жобасы аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға бағытталған нақты шаралар талқыланды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Атырау қаласындағы Салтанат сарайында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында өңірлік форум-семинар өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шара тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде талқылап, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер мен тетіктерді айқындауға арналды.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін, сондай-ақ салалық сарапшылар және МИБ пен ПИК өкілдері қатысты.

Басқосудың негізгі мазмұнын айқындаған «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев бұл жобаның жай ғана кезекті бастама емес, көппәтерлі тұрғын үйлердегі басқару жүйесін жетілдіруге және қалалық ортаның қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тетік екенін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінгі міндет – мәселелерді тізбектеу емес, оларды шешудің нақты әрі жүйелі тәсілін қалыптастыру. Осы тұрғыда «TURGYNDAR AMANATY» жобасы азаматтардың өз үйін басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тиімді құралға айналуға тиіс.

«Жыл басынан бері осындай форум-семинарлар еліміздің 8 өңірінде – Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында өтіп, өз тиімділігін көрсетті. Осы тәжірибені ескере отырып, бұл жұмысты Атырау облысында жалғастырып отырмыз. Себебі, МИБ пен ПИК төрағалары тұрғындардың нақты сұранысын біледі және олармен күн сайын өзара байланыс орнатады. Осы тұрғыда өңірдегі қысқа және ұзақ мерзімді мәселелерді жүйелі шешу үшін тұрғын үй басқарушыларының ұсыныстарын ескеру аса маңызды», – деді ол.

Партия Хатшысы жоба аясында нақты жүзеге асырылатын шараларды таныстырды. Атап айтқанда, МИБ пен ПИК төрағаларына арналған семинар ұйымдастыру, депутаттардың кері байланысын күшейту, сондай-ақ абаттандыру және жөндеу жұмыстарын әкімдікпен бірлесіп жоспарлау тетігін іске қосу көзделіп отыр. Бұдан бөлек «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы енгізіліп, «үздік аула» мен «Үздік МИБ, ПИК төрағасын» анықтайтын байқаулар өткізу және белсенді азаматтар арасынан кадрлық резерв қалыптастыру бағытында нақты жұмыстар жүргізілмек.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов облыста көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың тиімді моделін қалыптастыру, МИБ пен ПИК жұмысын жетілдіру және тұрғындармен кері байланысты күшейту – негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

«Форум алаңы осы саладағы өзекті мәселені ашық талқылап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл – Президент тапсырмаларын іске асыру жолындағы маңызды қадам. Алдағы уақытта инфрақұрылымды жаңғырту, аулаларды абаттандыру және тұрғындардың белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Серік Шәпкенов.

Пленарлық отырыс барысында өңірдің даму қарқынына да ерекше назар аударылды. Кейінгі жылдары Атырау облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағытта ауқымды жұмыс атқарылған. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 100-ден астам жаңа нысан іске қосылып, жүздеген отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген. Сонымен қатар тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында 70-тен астам көпқабатты үй күрделі жөндеуден өткен.

Дегенмен форум тек жетістіктерді тізбектеумен шектелген жоқ. Оның барысында саладағы қордаланған жүйелік мәселелер ашық айтылды. Халық қалаулысы Дүйсенбай Тұрғанов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде әлі де болса ашықтықтың жеткіліксіздігі, жауапкершіліктің нақты бөлінбеуі және тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы түсініспеушілік сынды түйіткілдер бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, қолға алынып жатқан заңнамалық өзгерістер осы олқылықтарды жоюға және ең бастысы шешім қабылдау процесінде меншік иелерінің рөлін күшейтуге бағытталған.

«Бұл реформадағы негізгі жаңашылдық – шешім қабылдау құқығын тұрғындардың өзіне беру. Яғни, енді әр үйдің тұрғындары басқару тәсілін өздері таңдап, тарифтерді бекітіп, қаржының қалай жұмсалып жатқанына бақылау орната алады. Қажет болған жағдайда басқарушы ұйымды ауыстыру мүмкіндігі де қарастырылған. Сонымен қатар қаржылық ашықтық қамтамасыз етіліп, барлық ақпарат тұрғындар үшін қолжетімді болады. Басқару жүйесіндегі кәсіби талаптар күшейтіліп, қаражатты мақсатсыз пайдалану мәселесі де реттеледі, ал тиімді жұмыс жүргізе білген ұйымдар мемлекеттік жаңғырту бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін кеңейте түседі. Аталған шаралар тұрғын үй саласында тәртіп орнатып, әділ әрі ашық жүйе қалыптастыруға бағытталған», – деді ол.

Ол сондай-ақ ел бойынша коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,7 трлн теңгеден астам қаражыландыру көлемі қарастырылғанын жеткізді. Дегенмен, жобаларды іске асыру қарқынының төмендігі, желілердің тозуы және деректердің нақтылығы секілді мәселелер әлі де өзекті екенін атап өтті.

Форум қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту, басқару тиімділігін арттыру және тұрғындармен байланысты күшейту бағытында нақты ұсыныстар мен бастамалар қалыптастырылды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының өңірлік филиалына МИБ пен ПИК төрағаларымен тиімді жұмыс жүргізу үшін «TURǴYNDAR AMANATY» жобасының фронт-офисін ашу тапсырылды.

Жиын соңында бірқатар белсенді азамат алғыс хаттармен марапатталып, партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Жалпы Атырауда өткен бұл форум маңызды бір үрдісті көрсетті: тұрғын үй-коммуналдық саласындағы өзгерістер енді тек жоғарыдан қабылданатын шешімдермен шектелмейді. Тұрғындардың өзі белсенді қатысатын, ашық әрі тиімді басқару жүйесін қалыптастыру – күн тәртібіндегі басты міндетке айналып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Сәуір 2026 21:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see150

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see148

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see147

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see146

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see145

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see144

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see138

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see133

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see129

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see125

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see121

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see119

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see119

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see119

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see119

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see118

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see117

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see117

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

25 Қазан 2026 14:26see114

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары