Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қостанайда TURGYNDAR AMANATY жобасы аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформалау мәселесі талқыланды

Қостанайда TURGYNDAR AMANATY жобасы аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформалау мәселесі талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қостанайда көпқабатты тұрғын үйлерде жайлы өмір сүрудің жаңа стандарттарын енгізуге арналған «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасының өңірлік форумы өтті. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов, «AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов өңірдегі МИБ және ПИК төрағаларымен тұрғын үй қорын басқарудың тиімді тетіктерін талқылады.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жауапкершілік пен ашықтықтың жаңа формасына көшу мәселесіне ерекше назар аударды.

«TURGYNDAR AMANATY» жобасының басты мақсаты – көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тәсілін түбегейлі өзгерту. Тұрғындар бейжай бақылаушы болып қала бермей, өз үйлерінің толыққанды иесіне айналуға тиіс. Барлық негізгі мәселе бойынша түпкілікті шешімді солар қабылдауы керек. Осыған байланысты, біз барлық шығынның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мүлік иелері бірлестіктерін кезең-кезеңімен дамытып келеміз. Салада тәртіп орнату мәселесі де ерекше маңызға ие. Сондықтан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін өңірдегі барлық пәтер иелері кооперативтері міндетті қайта тіркеуден өтуі қажет. Біз азаматтардың тұрмысын жақсарту мақсатында мемлекет, басқарушы ұйымдар және меншік иелері арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыруға ұмтыламыз», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген партия хатшысы Александр Данилов өңірдің маңызына мән бері, экономикалық жетістіктеріне тоқталды.

«Бүгінде Қостанай облысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Былтыр өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 110,6%-ды құрады, ал салық түсімдері 31,3 млрд теңгеге артты. Біздің міндетіміз – «TURGYNDAR AMANATY» жобасы арқылы әрбір үйде жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, нақты заңнамалық және практикалық шешімдер ұсыну. Біз партияның әр азаматқа жеткенін іс жүзінде көрсетіп отырмыз, ал «Халықпен бірге» қағидаты атқарып жатқан жұмысымыздың өзегіне айналды», – деді Александр Данилов.

Сондай-ақ партия Хатшысы «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар қарастырылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында МИБ және ПИК төрағаларына арналған «OSI-SKILLS» оқыту семинарларын өткізу, сондай-ақ олардың жұмысын жүйелеу және ұсыныстар әзірлеу үшін қалалық кеңестер құру қадамдары бар.

Қысқа мерзімді міндеттер қатарында құрылыс компанияларының кепілдік мерзімін ұзарту, кондоминиумды басқару органдарына арналған орын қарастыру, жеңілдетілген салық режимін сақтау және борышкерлерге қатысты қолданылатын шараларды күшейту көзделіп отыр. Ұзақ мерзімді бағыттар қатарында инженерлік желілерді тарту жұмысын жеңілдету, «Халық қатысатын бюджет» арқылы күрделі жөндеу жүргізу тетіктерін дамыту, басқару нысаны ретінде МИБ-ті сақтау және салалық уәкілетті орган құру қадамдары бар.

Сонымен қатар депутаттардың көшпелі есеп беруін, тұрғындармен өзара байланыс орнатуын жолға қою, жөндеу және абаттандыру мәселелері бойынша әкімдіктермен меморандумдарға қол қою, «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акцияларды жүзеге асыру қарастырылуда. Кадрлық резерв қалыптастыруға, белсенділерді қолдауға және МИБ пен ПИК базасында бастауыш партия ұйымдарын құруға да ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева көпқабатты тұрғын үйлерді басқару саласы заңнаманы одан әрі жетілдіруді қажет ететінін айтты.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көпқабатты үйлерді басқару – ең күрделі салалардың бірі. Мұнда ескерерлік бірқатар жайт бар екенін айта кеткен жөн: әртүрлі үйлер, әртүрлі тұрғындар, әр пәтердің өз проблемасы бар. Бұл салада әрдайым білікті кадр тапшылығы сезіледі. Қызмет көрсету нарығы тұрғын үйлердің нақты қажеттілігінен әлдеқайда аз. Біздің басты мақсатымыз – иесіз қалған үйлер санын азайту. Бірде-бір үй басқарусыз қалмауға тиіс. Басқару нысаны МИБ пе, әлде тікелей бірлескен басқару ма, субъектісі ПИК пе, әлде басқарушы компания ма – айырмашылығы жоқ. Ең бастысы, әр үй басқарылып, тиісті қызмет көрсетілуі қажет. Осы мақсатта партия фракциясы тұрғын үй қатынастары туралы заңға тиісті өзгерістер енгізді. Саланы жетік білетін тәжірибелі мамандар талқылау жұмысына қатысып, бірқатар ұсыныс берді, біз оларды ескердік. Бұл – өте маңызды. Себебі нормалар іс жүзінде кәсіби шеберлік пен тәжірибеге сүйенуі керек», – деді депутат.

Екатерина Смышляева бүгінде заңға тәуелді актілерді жетілдіруге, қайта тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге және басқарушыларды кәсіби тұрғыда даярлау мен сертификаттау жүйесін қалыптастыруға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық Орталығының өкілі Айбек Әлібеков тұрғын үй заңнамасындағы негізгі өзгерістерді түсіндірді. Оның айтуынша, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап басқару органдары жұмысының ашықтығы мен регламентін күшейтуге бағытталған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді. Атап айтқанда, «қарапайым серіктестік» формасы алынып тасталды, бұзушылықтар үшін қосымша жауапкершілік енгізіліп, санкциялар бекітілді. Сонымен қатар әрбір үйге жеке шот ашу міндеттелді, бұл «ортақ қазан» тәжірибесін жояды. Бұдан бөлек, ПИК-тердің коммерциялық емес ұйымдар ретінде танылуы оларды ҚҚС төлеуден босатып, тұрғын үйге қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етуге тиіс.

«Центр Парк» МИБ төрағасы Ильяс Ахметов үйді тиімді басқару тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, МИБ нысанына көшкеннен кейін материалдық-техникалық база едәуір жаңартылып, инженерлік желілердің шамамен 60%-ы ауыстырылды. Соның ішінде, жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып, тозығы жеткен кәріз жүйесі учаскелері де бар. 2025 жылы қайтарымды негіздегі бюджеттік бағдарлама аясында лифт жабдықтары толық жаңартылды. Бұл қадам қауіпсіздікті күшейтіп, тұрғындардың жағдайын жақсартты.

«КСК Строитель-2» ЖШС директоры Татьяна Ивченко тұрғын үй қорына кәсіби қызмет көрсету және тұрғындармен өзара байланыс орнату тәсілдері туралы айтты. Оның айтуынша, компания 35 көппәтерлі тұрғын үйді басқарады және есепті кезеңде шатырды ішінара жөндеу, кіреберістерге энергия үнемдейтін шамдар орнату секілді ауқымды жұмыс жүргізді. Қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін мессенджерлер мен чаттар сынды заманауи кері байланыс арналары белсенді қолданылады. Бұл қадам тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беруге және дебиторлық берешек деңгейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар «TURGYNDAR AMANATY» жобасын жүзеге асыру қадамы тұрғын үйді басқарудың айтарлықтай ашық, тиімді және тұрғындар мүддесіне бағдарланған жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Айтылған ұсыныстар мен практикалық бастамалар пысықталып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмысты жетілдірудің өзегіне айналады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 00:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары