Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

TURGYNDAR AMANATY : Ақтөбеде тұрғын үйді басқару жүйесін жаңғыртуға нақты қадамдар жасалды

TURGYNDAR AMANATY : Ақтөбеде тұрғын үйді басқару жүйесін жаңғыртуға нақты қадамдар жасалды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ақтөбе қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ауқымды өңірлік форум өтіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жүйелі өзгерістер, нақты мәселелер мен оларды шешудің практикалық тетіктері ашық талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Форум алаңында мемлекеттік органдар, депутаттар, МИБ пен ПИК төрағалары алғаш рет кеңейтілген форматта тікелей диалог құрды.

Форум жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смышляева мен Қазыбек Әлішев, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты.

Іс-шара ашық форматтағы панельдік отырыстан басталып, пленарлық сессияға ұласты. Онда тұрғын үй қорын жаңғырту, инженерлік инфрақұрылымның тозуы, тарифтік саясат, басқару нысандарының тиімділігі, кондоминиум объектілерін тіркеу, коммуналдық қызмет сапасы және тұрғындардың төлем тәртібі сияқты түйіні тарқамаған түйіткілдерді ашық талқыға түсті. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар бұл мәселелер бойынша нақты түсініктемелер беріп, бірқатар мәселені шешу жолдарын белгіледі.

Пленарлық отырыста сөз алған өңір басшысы Асхат Шахаров «TURGYNDAR AMANATY» жобасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға және азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға серпін беретінін атап өтті.

«Бүгінгі жиын – ортақ мақсатқа жету жолындағы нақты қадамдарымыздың бірі. Отырыста көтерілген барлық мәселе назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Әрбір ұсыныс салалық жоспар мен іс-шаралар барысында ескеріліп, оның орындалуы тиісті мемлекеттік органдар бақылауында болады. Ортақ міндеттерді орындауда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажет», – деді ол.

Ал «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев өз сөзінде партия бастамасымен іске қосылған бұл жоба көппәтерлі тұрғын үйлердегі жүйелі мәселелерді шешудің нақты құралына айналып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған бастама тек инфрақұрылымды жаңғыртуға емес, басқару мәдениетін өзгертуге, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

«Бұл бағыттағы өзгерістер – тарифтер, абаттандыру, жарықтандыру, лифтілер мен қауіпсіздік – әрбір тұрғынның күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан біз тек талқылаумен шектелмей, нақты шешімдерге көшуіміз қажет. Партия нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырады»,  – деді ол.

Сондай-ақ партия Хатшысы жобаның негізгі басымдықтарын айқындап, өңірде «TURGYNDAR AMANATY» фронт-офисін ашу қажет екенін атап өтті. Бұл құрылым тұрғындардың өтініштерін жедел қарастыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде депутат Екатерина Смышляева қараусыз қалған үйлер мәселесіне тоқталып, әкімдіктерге оларды мемлекеттік ұйымдар арқылы уақытша басқару өкілеттігі берілгенін атап өтті. Бұл – әлеуметтік тұрғыдан маңызды шешім.

«Жаңа заңда тұрғын үй инспекциясымен және коммуналдық қызметтермен өзара іс-қимыл регламенттері айқын белгіленді. Бірақ тәжірибеде мәселелер бар екенін көріп отырмыз. Осы тұрғыда біздің жоба негізгі коммуникациялық алаң болады. Әрбір төраға, үйдің өкілі басқаруға қатысты мәселелер бойынша «AMANAT» партиясына жүгіне алады және қажет болған жағдайда тиісті қызметтермен тікелей байланыс ұйымдастырылады.

Кадр мәселесі де партияның басты назарында. Салаға келетін мамандардың біліктілігін арттыру, сертификаттау жүйесін жетілдіру және оқыту сапасын арттыру – алдағы кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі. Біз оқу және тест материалдарының сапасын, сондай-ақ төрағалар үшін сертификаттау қызметтерінің қолжетімділігін бақылау бағытында жұмыс жүргіземіз», – деді депутат.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалардың мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдағы өзгерістер бұл саланы түбегейлі жаңғыртуға бағытталған.

«Бұған дейін пәтер иелері, басқарушы ұйымдар және МИБ пен ПИК арасында нақты ережелердің болмауынан, ашықтықтың жеткіліксіздігінен және жауапкершіліктің әлсіздігінен жиі түсініспеушілік туындайтын. Енді жаңа өзгерістер басқарудың айқын әрі түсінікті қағидаларын бекітіп, барлық субъектінің есептілігін күшейтеді. Ең бастысы – меншік иелерінің өз үйін басқару процесіне қатысу мүмкіндігі кеңейеді», – деді Қазыбек Әлішев.

Іс-шара барысында өңірдегі тұрғын үй қорының нақты жағдайы және кейінгі жылдары жүргізілген жұмыстар да ашық айтылды. Облыста 12 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 255 тұрғын үйге жөндеу жұмысы жүргізілген, сондай-ақ 223 лифт жаңартылған. Бұдан бөлек басқару жүйесін жаңғырту бағытында 331 МИБ құрылды. Бұл – тұрғын үйді басқару жүйесінің түбегейлі трансформацияланып жатқанын көрсетеді.

Жиын соңында бірқатар белсенді азамат марапатталып, «AMANAT» партиясының қатарына қабылданды.

Жалпы Ақтөбеде өткен бұл форум тұрғын үй саласындағы реформалардың жаңа кезеңін айқындап, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтудың тиімді үлгісін көрсетті. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясындағы мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғын үй саласындағы жүйелі өзгерістерге негіз болмақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 06:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары