Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

TURGYNDAR AMANATY : Алматыда тұрғын үйді жөндеу үшін партия ауқымды жобаны бастады

TURGYNDAR AMANATY : Алматыда тұрғын үйді жөндеу үшін партия ауқымды жобаны бастады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Оның барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі шешу және қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту қадамдары талқыланды. 

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар, сондай-ақ МИБ, ПИК және басқарушы компаниялардың төрағалары қатысты. Алқалы жиын барысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева және Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сөз сөйлеп, орамды ойларын ортаға салды.  

Алматы қаласы – еліміздегі ең ірі мегаполис. Қалада 9,5 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың үштен екісінен астамы – ескі тұрғын үй қоры. Ал мыңдаған үйге күрделі жөндеу жүргізу қажет. Сондай-ақ тұрғын үй қорының айтарлықтай бөлігінің тозығы жетіп тұр. Шаһарда апатты және сейсмотұрақсыз жағдайдағы үйлер, лифтісі ескірген баспаналар бар. Бір жылда уәкілетті органдарға тұрғындардан мыңдаған өтініш келіп  түсті.

Бұл ретте, «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешудің тиімді тетігіне айналуда. Жоба көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың ұтымды моделін қалыптастыруға бағытталып отыр. Осы мақсатта партия жанынан жобалық кеңсе құру, мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларын оқыту, үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмысын сүйемелдеу, цифрлық шешімдер енгізу және тұрғындардың абаттандыру бағдарламаларына қатысуын кеңейту көзделуде. Сонымен қатар тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатуға және оларды өз үйлерін басқару үдерісіне белсенді тартуға ерекше назар аударылуда.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев аталған жобаның мәні мен маңызына тоқталды.

«Біздің ортақ мақсатымыз – Алматы қаласының әрбір тұрғыны үшін қауіпсіз, қолайлы және сапалы баспана ортасын құру. Осыған байланысты, бүгін біз мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері төрағаларының қатысуымен осы жобаны талқылап, алдағы бірлескен жұмысымыздың басым бағыттарын айқындау үшін жиналып отырмыз. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері осындай форум-семинарлар еліміздің 11 өңірінде өтіп, өз тиімділігін көрсетті. Осы тәжірибені ескере отырып, біз бұл жұмысты Алматы қаласында жалғастырып отырмыз», – деді ол.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Бүгін қала тұрғындарының тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін негізгі салалардың бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесін талқылап отырмыз. Алматыда еліміздегі ең ірі тұрғын үй қоры шоғырланған, ал мұндай ауқым ашық жүйені, нақты ережелерді және барлық тараптың жауапкершілігін талап етеді», – деді әкім.

Әкімнің айтуынша, Алматыда 9,5 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй және 2,5 мыңнан астам басқару субъектісі бар. Осыған байланысты, тұрғын үй қорын жаңғырту мен басқарудың жүйелі тәсілі қажет. Сондай-ақ Дархан Сатыбалды жұмыс тұрғындармен кері байланыс негізінде құрылып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, азаматтардың өтініштері мен кері байланысы біздің атқарып жатқан жұмысымыздың негізгі басымдығы саналады. Осыған байланысты тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен қаралып, өз шешімін тауып келеді», – деді қала әкімі.

«Тұран» пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының төрайымы Бибігүл Жүніспаева тұрғын үй қорын жаңғырту және басқару сапасын арттыру қадамдарының маңызына тоқталды.

«Бүгінде энергия тиімділігі, инженерлік желілердің тозуы және ескі тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелері – аса өзекті. Біз пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен және тұрғындармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, оқыту және кеңес беру бағытындағы іс-шараларды ұдайы ұйымдастырып келеміз. Басқару үдерісі кәсіби деңгейге көтеріліп, тұрғындардың өздері де шешім қабылдауға белсенді қатысуы маңызды», – деді ол.

Ал Алматы қаласы пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының төрағасы Аркадий Рубцов аталған саланы даму үшін кадрлық әлеуетті күшейту және заңнаманы жетілдіру қажет екенін мәлімдеді.

«Бүгінде тұрғын үйді басқару саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, заманауи стандарттарды енгізу және үйлерді жылыту маусымына дайындау мен қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту жұмысы ерекше маңызға ие. Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру жұмысы жүргізілуде. Бұл қадам басқару тиімділігін арттырып, кедергілерді жоюға мүмкіндік береді», – деді ол.

Форум аясында мобильді қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет саласының өкілдері тұрғын үйді басқару ұйымдарының жетекшілеріне және қала тұрғындарына кеңес берді. Сондай-ақ тұрғын үйді күтіп ұстау, күрделі жөндеуден өткізу және қызмет көрсетуші ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу мәселелері бойынша нақты көмек көрсетілді.

Іс-шара барысында тұрғын үйді басқару ұйымдарының ашық қызмет етуін қолға алу, тұрғындардың шешім қабылдаудағы рөлін арттыру, цифрландыру барысын дамыту және депутаттар мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 15:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары