Оралдық оқушы дрон спортынан АҚШ та өткен жарыста үздік бестікке енді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Оралдық 12 жастағы оқушы Әлихан Нысанбаев АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарысында үздік бестікке еніп, ел намысын абыроймен қорғады. Жасөспірімнің жетістігі туралы Sputnik Қазақстан тілшісі баяндайды.
Орал қаласындағы №28 мектеп-лицей мен облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының оқушысы, 12 жастағы Әлихан Нысанбаев дрон спорты бойынша Қазақстанның атын халықаралық деңгейде танытып жүр. Ол Қазақстан құрамасы сапында АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында, Қытайда, Сауд Арабиясында және Сербияда өткен халықаралық дрон жарыстарына қатысқан.
© Sputnik / Айдана ДайыроваӘлихан Нысанбаев АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарысында үздік бестікке енді

Әлихан Нысанбаев АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарысында үздік бестікке енді
© Sputnik / Айдана Дайырова
Бұл жолы жас спортшы АҚШ-тың Даллас қаласында бақ сынады. Әлиханның жетістігі туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне оның әкесі Бақтыбек Нысанбаев айтып берді.
Әлихан авиаүйірмеге қатысып, дрон спортымен айналысып жүргеніне үш-төрт жыл болған. Оралдағы облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығында оның алғашқы ұстазы Айбек Мирғалиев болған. Екі жыл бұрын Әлихан алғаш рет Сауд Арабиясында өткен халықаралық чемпионатқа қатысқан. Ол кезде жеңімпаз атанбағанымен, әлемдік деңгейдегі жарыстың тыныс-тіршілігімен танысып, дрон спортына деген қызығушылығы одан әрі арта түскен.
"Далласқа барғанда ол бұған дейін жеңімпаз атанған көшбасшылармен тағы да бақ сынасты. Жарыста әртүрлі компанияның дрондары болды. Бірінің дроны жеңіл әрі жылдам ұшса, екіншісінің моторы қуатты болды. Үздік спортшылардың өз демеушілері бар. Әлихан осындай мықты қарсыластармен жарысты", – дейді Бақтыбек Нысанбаев.
Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты технологиясы дамыған елдердің үздік дроншыларының көбі ересек спортшылар болған. Олардың арасында 12 жастағы Әлиханның да бәсекеге түсуі Қазақстанның бұл спорт түрінен де әлеуеті бар екенін көрсетті.
"Әлихан дронды арнайы бөлшектерден өзі құрастырып, өзі ұшырады. Жарыс ережесі бойынша қатысушылар дрондарын кедергілерден өткізіп, мәреге барынша жылдам жетуі керек. Дрон спорты бойынша Қытай алдыңғы қатарда. Әлиханға дайын дронды ұшыру қызық емес. Биылдан бастап дронды өзі құрастыра бастады", – дейді әкесі.
Әлиханның алғашқы ұстазы – Айбек Мирғалиев. Сондай-ақ жас спортшының халықаралық жарыстарға қатысуына қолдау көрсететін қазақстандық демеуші-менеджері және оның шеберлігін шыңдауға көмектесетін Беларусь азаматы бар.
© Sputnik / Айдана ДайыроваӘлихан Нысанбаев АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарысында үздік бестікке енді

Әлихан Нысанбаев АҚШ-та өткен халықаралық дрон жарысында үздік бестікке енді
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Әлихан халықаралық жарыстарға шақырту арқылы қатысады. Жол шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Мұндай жарыстар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Әлихан шетелдің көптеген қаласында болды", – дейді Бақтыбек Нысанбаев.
Sputnik Қазақстан тілшісі Әлиханның өзімен де сөйлесті. Жас спортшының айтуынша, ол 800-ден астам қатысушының арасынан іріктелген үздік 64 спортшының қатарына еніп, жарысты бесінші орынмен аяқтаған.
"Маған дронның қатты дауысы мен жылдамдығы ұнайды. Оның жылдамдығын компьютер арқылы реттеуге болады. Менің дроным сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшады. АҚШ-тағы Даллас, Техас, Лос-Анджелес және Сан-Франциско қалаларында болдым. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Оған әлемнің көптеген елінен 800-ден астам адам қатысты. Солардың ішінен ең мықты 64 спортшы іріктеліп, олардың арасында бесінші орынға ие болдым", – дейді Әлихан Нысанбаев.
Жас спортшының басты арманы – Қазақстанда дрон спортын дамыту.
"Бұл спорт түріне көбірек көңіл бөлінсе деймін. Өйткені оған қызығатын балалар өте көп. Дрон спортының болашағы зор", – дейді Әлихан.
Әлиханның әкесі дрондарды тек әскери мақсатпен байланыстыру дұрыс емес екенін айтады. Оның сөзінше, Қазақстанда дрон спорты әлі де жеткілікті деңгейде дамымаған. Жаттығуға қолайлы орын табу да оңай емес.
"Бізде бұл спорт түрі әлі дамымаған. Жаттығу өткізу үшін ғимарат іздеуге тура келеді. Кейде табылған орынның өзі тарлық етеді. Жазда жаттығу жеңілдеу, ал қыста балаларға қиын. Олар бірнеше сағат бойы суықта жаттығуға мәжбүр", – дейді Бақтыбек Нысанбаев.
Әлихан әлі бала болғандықтан, кейбіреулер оның бұл айналысып жүрген ісін жай ойын деп қабылдайды. Алайда әкесінің айтуынша, әлемдік деңгейдегі дрон спортшыларының арасында жасы 80-ге таяған қатысушылар да бар, ал ең жастары шамамен 20 жаста.
"Бұл спортты дамыту үшін ең болмағанда Астана немесе Алматы қалаларында арнайы орталық ашылса деймін. Менің ойымша, дрон спортының болашағы зор", – дейді жас спортшының әкесі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2026 20:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















