Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысы қайта жанданды

Астанада инклюзивті футбол жобасы аясында 10 қаладан келген балалардың турнирі өтті

Трамп әлемдегі мүмкін, ең нашар елді атады

Трамп әлемдегі мүмкін, ең нашар елді атады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АҚШ президенті Дональд Трамп Сомалиді "әлемдегі ең нашар ел болуы мүмкін" деп атады. Оның айтуынша, бұл елде "үкімет те, полиция да жоқ", ал тұрғындары "бір-біріне оқ жаудырып жүр", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.

Трамп бұл сөзді Мичиган штатындағы митингіде Демократиялық партия атынан Конгреске сайланған Ильхан Омарды сынаған кезде айтты. Сомалиде дүниеге келген Омар АҚШ Конгресінде Миннесота штатының атынан өкілдік етеді. Трамп оның әрекеттері түрлі мәселеге себеп болып отырғанын мәлімдеді.

"Білесіздер ме, ол Сомалиден шыққан. Бұл әлемдегі ең нашар ел болуы мүмкін. Онда үкімет те, ештеңе де жоқ. Бар бітіретіндері – адам өлтіру. Адамдарды өлтіреді, кемелерге шабуыл жасап, басып алады да, қайтару үшін ақша талап етеді. Шынымды айтсам, олардың осындай әрекетке шамасы жететініне де таңғаламын", – деді Трамп.

Ильхан Омардың отбасы Сомалидегі азаматтық соғыс басталғаннан кейін Кенияға қашып, 1995 жылы АҚШ-қа қоныс аударған. 2000 жылы Омар Америка азаматтығын алып, 2018 жылы Конгреске сайланған алғашқы мұсылман әйелдердің бірі болды. Ол Трамптың көші-қон саясатын сынап, онымен бірнеше рет текетіреске түскен, ал президент бұған жауап ретінде оны депортациялайтынын айтып қоқан-лоқы көрсеткен.

Трамппен арадағы жаңа жанжал 2026 жылғы қазанда америкалық құқық қорғау органдарының Омардың Вашингтондағы үйіне тінту жүргізуінен кейін өршіді. Бұл шара азаматтық алу кезіндегі иммиграциялық заңнаманы бұзу ықтималдығына қатысты тергеу аясында өткен. АҚШ президенті Омарды азаматтығынан айыру, депортациялау немесе түрмеге жабу мүмкіндігін жоққа шығармады. Конгрессвумен бұл айыптауларды теріске шығарып, тергеуді саяси қуғын-сүргін деп атады.

Қазанның басында Трамп Миннесотаны "сомалилік иммигранттар басып жатыр" деп мәлімдеп, штат халқын "қарсылық көрсетуге" шақырған болатын. Оның айтуынша, бүкіл штатты "зорлық-зомбылық, кісі өлтіру және хаос" жайлаған, ал жергілікті билік халықты "тонап, тағдыр тәлкегіне тастап кеткен". Президент губернатор Тим Уолзды "араласуды қаламайтын", "біліксіз ұры" деп атады.

Бұған дейін, былтыр желтоқсанда АҚШ президенті Сомалиден келген мигранттар Миннесотаны "қиратты" деп мәлімдеп, штаттың "тозақтың түбіне" айналғанын айтқан еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2026 17:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see146

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see141

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see141

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see140

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see140

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see140

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see138

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see136

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see131

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see126

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see122

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see113

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see113

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see112

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see111

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see111

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see110

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

25 Қазан 2026 14:26see108

Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысы қайта жанданды

24 Қазан 2026 19:28see108

Астанада инклюзивті футбол жобасы аясында 10 қаладан келген балалардың турнирі өтті

24 Қазан 2026 18:47see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары