Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысы қайта жанданды

Астанада инклюзивті футбол жобасы аясында 10 қаладан келген балалардың турнирі өтті

Балама тиіспеңдерші : Қызылордада алаңда анасының көзінше оқушыны қатарласы өлтіріп кетті

Балама тиіспеңдерші : Қызылордада алаңда анасының көзінше оқушыны қатарласы өлтіріп кетті

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Қызылордадағы орталық алаңда оқушыны қатарласы өлтірді. Оқиға туралы марқұмның анасы Меруерт Танатова Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Нәпақа тапқан

Жаға ұстатарлық жағдай 21 қазан сағат 22:00 шамасында болған. Нұрислам Раушанбек Қызылордадағы Тұрар Рысқұлов атындағы №222 мектептің 10 сынып оқушысы. Анасына қолғабыс болып, орталық алаңда нәпақа тауып жүрген. Кәсібі - ойыншық көліктерді серуенге береді.

"Балам кешкі сегізде маған көмектесуге келеді. Ойыншық машиналармен серуенге келгендерге балалар алдынан жүгіріп, "бізге отырыңыз" деп шақырады. Біз орталық алаңда екі кәсіпкер тұрамыз, бірі мен, бірі - Қанатбек деген кісі. Екі кәсіпкерде жұмыс істейтін балалар сол клиенттерге таласып, су бұрқақтың жанында сөзге келіп қалады", - дейді марқұм жасөспірімнің анасы Меруерт Танатова.

"Ұрмай қоймаймын"

Қарсы тараптың бір баласы Нұрисламбектің жағасынан алған. Араға марқұм баланың анасы түсіп, арашалап алады.

"Жаңағы жанжалдасқан баланың аты - Бауыржан. Барып "Баука, балама тиіспеңдерші" дедім. Тиісемін, көп болса полицияға арыз жазарсың, бірақ балаңды ұрмай қоймаймын" деді", - дейді Меруерт Танатова.

Шалқасынан құлады

Орталық алаңда бұлай ойыншық ойнатуға заңды түрде рұқсат жоқ, сонда да қашып-пұсып нәпақамызды табамыз дейді Меруерт. Сол екі аралықта полиция тексеруге келеді. 1 сағат өтіп полиция кеткен соң жасөспірімдердің арасында жанжал қайта өршіген.

"Лэд экран жақта ойыншық машиналар жиналып тұрып қапты. Бұлар неге тұр деп солай қарай жүрдім. Сағат 22:30 кезі. Нұрислам деп дауыстап шақырып, солай қарай жүрдім. Бір адам қараңдап келе жатты. Қараңғыда көзім жетпеді. Нұрислам деп қатты айқайлап ем, ол тұрып қалды теңселіп. Мен балам қалжыңдап ойнап тұр ма деп қалдым. Бір уақытта шалқасынан артқа құлады", - дейді анасы.

Бұрағышты суырып алды

Меруерт баласына жанұшыра жүгіріп, етбеттеп құлаған.

"Баламның екі аяғы дірілдеді де сол күйі қимылсыз қалды. Екі қадам жақындағанымда Мирас деген бала жүгіріп келіп, баламның кеудесінде тұрған бұрағышты суырып алды. Ол жалғыз келген жоқ жаңағы Бауыржан деген бала екеуі келді. Бұрағышты суырып алып, қаша жөнелді. Мен есеңгіреп айқайлай бердім көмекке шақырып", - дейді жасөспірімнің анасы.

Анама, айтпаңызшы

Қылмыс болған орында көлік жалға беретін кәсіпкер Қанатбек те болды, дейді Меруерт Танатова.

"Жандаусым шығып көмекке шақырумен болдым. Жаңағы бұрағыш тыққан бала қайта келіп, "Тәте, кешіріңізші, анама айтпаңызшы, 102 шақырмаңызшы" деумен болды. Күшім жетпегеннен тығып алдым деді. Баламның қор ете қалғанын естідім, жүрек тұсына сұққан бұрағышты көрдім", - дейді анасы.

Соның арасында жедел жәрдем де келеді. Бала мен анасын көлікке салып ауруханаға алып кетеді. Алайда Нұрисламбекті құтқару мүмкін болмады.
Нұрисламбек отбасында екі қыздың ортасында өскен жалғыз ұл. Қара жамылған отбасының айтуынша, күдікті деген жасөспірім 13 жаста, қазір бостандықта жүр дейді.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Кәмелетке толмағанның абайсызда өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті - кәмелетке толмаған облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды", - дейді Қызылорда обоысының полиция департаменті.

Сондай-ақ тергеу аясында кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2026 16:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see146

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see141

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see141

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see140

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see140

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see140

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see138

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see136

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see131

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see126

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see122

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see113

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see112

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see112

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see111

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see111

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see110

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

25 Қазан 2026 14:26see108

Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысы қайта жанданды

24 Қазан 2026 19:28see107

Астанада инклюзивті футбол жобасы аясында 10 қаладан келген балалардың турнирі өтті

24 Қазан 2026 18:47see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары