Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысы қайта жанданды

Астанада инклюзивті футбол жобасы аясында 10 қаладан келген балалардың турнирі өтті

Актриса Шұғыла Ешен Golden Globes арнайы марапатына ие болды

Актриса Шұғыла Ешен Golden Globes арнайы марапатына ие болды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Танымал театр және кино актрисасы Шұғыла Ешен Ташкентте өткен Golden Globes Silk Road Tribute Gala салтанатты шарасында Golden Globes Beacon Award арнайы сыйлығымен марапатталды. Осылайша ол аталған марапатты иеленген алғашқы қазақстандық өнер иесі атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Golden Globes Silk Road Tribute Gala биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шара 2026 жылғы 23–24 қазанда Өзбекстан астанасында өтті. Гала-кештің мақсаты – Орталық Азия мен Кавказдағы кино және телевизия саласының жетістіктерін дәріптеу, сондай-ақ өңір елдері арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.

Шұғыла Ешенге берілген Beacon Award – кино және телевизия саласында танылып келе жатқан жас актерлерге табысталатын арнайы марапат. Бұл сыйлық Golden Globes-тің жыл сайынғы негізгі конкурстық аталымдарына кірмейді және Silk Road Tribute Gala аясында жеке ұсынылады.

Алғашқы гала-кештің лауреаттары қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия және Арменияның алты өнер өкілі бар.

Шұғыла Ешен 2002 жылы 4 сәуірде Астана қаласында дүниеге келген. 2020-2024 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Драма театры және кино артисі» мамандығы бойынша білім алған. 2024 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет  етіп келеді.

Ойнаған рольдері: Ольга Малышева «Раечка» (реж.: Карина Бесолти) – Раечка, Федерико Гарсиа Лорка «Бернарда Альбаның үйі» (реж.: Дина Жұмабаева) – Адела, Мұрат Қолғанат «Мұғалім» (реж.: Данияр Базарқұлов) – Қорлан, Шыңғыс Айтматов «Ақ кеме» (реж.: Дина Жұмабаева) – Гүлжамал, Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзаданың оралуы» (реж.: Дмитрий Курочкин) – Кішкентай ханзада, т.б.

Кино саласындағы рольдері: Думан Еркімбек «Ғашықпын саған» – Еңлік, «Қайтадан» – Бағым, Қуаныш Бейсек «7 қарақшы» – Ғайни, Дархан Тулегенов «Шекер. Последний шанс» – Диана, Алдияр Байракимов «Streetхана» – Інжу, «Алматы, я люблю тебя» – Айна, Нариман Туребаев «Дни», Амир Аменов «Сағындым сені» – Айдана, Айтөре Жолдасқали «Шулама» – Ажар, Олжас Нұрбай «Соққы» – Зарина.

Марапаттары: Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен театрішілік «Altyn saqa – 2025» фестивалінде «Раечка» спектакліндегі Раечка ролі үшін «Үміт» номинациясымен марапатталды.

«Киносыншылар таңдауы» бойынша «Sheker. Последний шанс» фильміндегі Диана ролімен «Екінші пландағы үздік актриса» номинациясын иеленді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:29
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2026 17:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see146

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see141

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see141

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see140

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see140

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see140

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see138

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see136

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see131

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see126

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see122

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see113

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see113

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see112

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see111

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see111

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see110

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

25 Қазан 2026 14:26see108

Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жұмысы қайта жанданды

24 Қазан 2026 19:28see108

Астанада инклюзивті футбол жобасы аясында 10 қаладан келген балалардың турнирі өтті

24 Қазан 2026 18:47see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары