Батыс Қазақстанда жол апатынан екі полиция қызметкері көз жұмды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда болған жол апаты салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды, бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.
Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"3 шілде күні қызметтік міндеттерін атқару барысында жол апаты салдарынан Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері көз жұмды. Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департамент.
Ал 2 шілде күні Түркістанда полиция қызметкері жол апатынан қаза тапқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген жеңіл автокөлік жүргізушісін тоқтату үшін жіберілген. Қызметтік міндетін атқару кезінде Саттарханов даңғылы мен Тараз көшесінің қиылысында патрульдік Chevrolet Cobalt автокөлігі жол апатына ұшырады. Салдарынан полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұл дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 10:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















