Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Батыс Қазақстандағы тағы бір ауылда жер дауы туындады

Батыс Қазақстандағы тағы бір ауылда жер дауы туындады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қоғам белсендісі Алмагүл Иқсанованың мәлім еткеніндей, ауыл тұрғыны Сандығали Нұрғалиев Бағырлай өзені жағында мал жайылатын жерді жыртып, заңсыз бақша егіп жатқаны жөнінде хабарлаған. 

С.Нұрғалиевтің сөзіне қарағанда, мұны ауыл әкімі де білмеген. Мал барса, бау-бақша егушілер оны қуып тастайды. Өткен жылы соның салдарынан бір мал жоғалған.

Сондай-ақ тағы бір ауыл тұрғыны, «Науан» шаруа қожалығының басшысы Тұрар Өтешев кезінде екі жер теліміне қол жеткізгенімен, оны аудандық жер қатынастар бөлімі қайтарып алып, басқа адамдарға беріп жібергенін мәлімдеді. 

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Оның айтуынша, мал өсіру үшін 570 гектар жер алған. Қожалықта 44 қазақтың ақбас тұқымды сиыры, 250 қой бар. Алайда сол жердің құжаты жалған деп қайтарып алған. Бірақ мұны сотқа беріп, ұтып шыққан. Қазіргі кезде жердің жоқтығы салдарынан несиесін төлей алмай отыр. Субсидияға да қол жетпейді. Екіншіден, ауылдың малын асылдандыру бағытында «Алмалы-2017» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, 1500 гектардай жер алғанымен, ол да кері қайтарылған.

— Аудан басшысы, аудандық жер қатынастары бөліміне де бірнеше рет бардым, мәселе шешілген жоқ. Жергілікті тұрғындар конкурсқа қатысқанымен, жер ала алмайды. Жер алатындар — жағдайы жететін, тамыр-танысы, ақшасы барлар. Қазір ол жерлерді екі адам алғанымен, пайдаланып отырған жоқ, бос тұр. Жерді алады да, жалға береді. Оған басқалар келіп, бақша егеді, орны жиналмай қалып жатыр, — дейді Т.Өтешев.

Алмалы ауылдық округінің әкімі Мереке Наурзалиев Бағырлай өзенінің бергі бетіндегі жерді мал жайылымы ретінде пайдалану мәселесі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен талқыланып, қаулы шығарылғанын айтты. Ал сол жерді бақша егу үшін заңсыз пайдаланушыларға қатысты аудандық жер қатынастары бөліміне хат жолдаған.

Осы мәселеге орай Kazinform тілшісі Ақжайық аудандық жер қатынастары бөліміне арнайы сауал жолдаған еді.

Бөлім басшысы Нұрғали Мүтиев берген ақпаратқа қарағанда, Алмалы ауылдық округінің шаруашылықтары мен тұрғындары малға қоса бау-бақша шаруашылығымен де айналысады. Айталық, 2025 жылы облыс бойынша 702 гектарға бақша дақылдары егілсе, соның 468 гектары Ақжайық ауданының үлесіне тиеді. Соның ішінде 397 гектары Алмалы округінде.

Алмалыдағы жер мәселесін реттеу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілген. Алмалы ауылдық округі әкімінен заңсыз жер пайдаланып отырғандар жөнінде хат түскен. Осыған байланысты БҚО жер ресурстарын басқару департаментіне тексеріс ұйымдастыру үшін хат жолданған. Алдағы уақытта жер инспекторы келіп, аталған мәселе бойынша тексеріс жүргізеді.

Ауыл тұрғындарына, соның ішінде жастарға бақшамен айналысуға мүмкіндік жасау мақсатында 2024 жылы Бағырлай өзенінің бойында қатар орналасқан көлемі 10, 11, 12 және 13 га жер учаскелері конкурсқа шығарылып, нәтижесінде соның үшеуі табысталды. Әйтсе де 11 га жерге үш қайтара конкурс ұйымдастырылса да, үміткерлер болмады. Яғни, сұраныс болса, қайта шығаруға мүмкіндік бар.

2018-2025 жылдар аралығында Алмалы ауылдық округіне қарасты жалпы көлемі 19 680 га құрайтын 32 жер учаскесіне конкурс өткізілді, жеңімпаздардың бәрі де — ауыл тұрғындары.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша Т.Өтешевке тиесілі «Науан» шаруа қожалығына 2005 жылы 22 ақпанда 570 га жер телімі берілген. Жер пайдалану мерзімін ұзарту жөнінде өтінішін бермегендіктен, уақыты 2015 жылы 22 ақпанда аяқталып, мемлекет меншігіне кері қайтарылған. Т.Өтешевтің сұранысы бойынша № 1 лотпен 470 га, № 2 лотпен 100 га жер телімдері 2022 жылы 26 сәуірде конкурсқа шығарылды. Конкурста жер комиссиясы мүшелерінің ашық дауысы негізінде бірінші лот бойынша Әділбек Құспаев, екіншісінде Венера Мұғазенова жеңімпаз болып танылып, жер табысталды. Екеуі де — ауыл тұрғындары. Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне Т.Өтешев шағым беріп, сол жылы 28 маусымда БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талап арызды қанағаттандырды. Бірақ БҚО сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы 2022 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен алдыңғы сот қабылдаған шешімнің күшін жойды. Әкімшілік іс бойынша жаңа қаулы қабылдап, талапкердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Бұл мәселе Жоғарғы сотта да қаралып, аталған қаулы күшінде қалдырылды.

— Т.Өтешев негізге алып жүрген Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 97 қаулысы мен сол жылғы 29 шілдедегі № 0049 жер учаскесін жалға алу келісімшарты жасанды (жалған) екендігі дәлелденді. Сонымен қатар Тұрар Өтешев «Науан» ШҚ және «Алмалы-2017» АШӨК арқылы 2024 жылғы өткізілген жер көлемі 700 га № 1 лот және 306 га жер учаскесінің № 4 лотының конкурсына қатысқанымен, құжаттарының дұрыс болмауы себебінен ұта алмады (ұсынған бизнес жоспарда жер алуға негізгі көрсеткіш саналатын инвестиция көлемі көрсетілмеген). Жалпы, Т.Өтешевтің жоғарғы органдарға шағымданып, көтеріп жүрген мәселесі бойынша облыс әкімдігі тарапынан жұмыс тобы келіп тексергенде, шағымы дәлелденбеді. Ал С. Нұрғалиевтің малы жоғалғаны туралы мәліметі аудандық полиция бөлімінде тіркелмеген, — делінген ресми жауапта.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауыл тұрғындары жайылым жер жоқтығын айтып, шағымданғанын жазған болатынбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 14:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see102

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары