Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бекіренің бабын тапқан

Бекіренің бабын тапқан

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Аралдың шарасы толып тұрған кездегі балығының дәмін әлі күнге жыр қылып айтатындар аз емес. Әсіресе бекіренің бәсі бөлек болыпты. «Өзімізді қойып, қазір шет мемлекет саналып жүрген одақтас республикалардың біразына жол тартқан бренд қой» деп еске алады көнекөздер. Атақты су маржанының теңізге салған ауға ілікпегеніне де 60 жылдан асып барады. Арада осынша жыл уақыт өткенде жергілікті кәсіпкер Ғалымжан Нағиев Қызылорда қаласының іргесіндегі Талсуат елді мекенінде осы балық түрін өсіруді бастады.

Суретті түсірген – Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

«Хан бекіре 11» деп аталатын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне барғанымызда көзімізге алғаш түскені екі бас­сейнді толтырған бекіре шабағы болды. Бұрын құқық қорғау саласында еңбек етіп, зейнетке шыққалы балық шаруашылығын қолға алған Ғалымжан Нағиев алғашқы тәжірибесін Түркістан облысындағы Төлеби ауданында бастапты.

Өзгелерге қарағанда бекіре өте шікәмшіл балық. Табиғи ортада көбеюі де оңай емес. Уыл­дырық шашуын оншақты жыл күтетініңіз тағы бар. Суда зиянды қоспа көбейгені де бұл балықтың болашағына қауіп. Сондықтан бекірені жасанды жолмен өсіру әлдеқайда тиімді.

«Бұрынғы Арал бекіресі қазір көзден бұл-бұл ұшқалы да жарты ғасырдан асып барады. Мына бассейндегілер Калуга мен Лена бекірелері­нің буданынан шыққан шабақ­тар. Осыларды жергілікті суға бейімдеп, көбейтуді мақсат етіп отырмын. Біз қазір жерас­ты ұңғымасынан алынған суды бірнеше сүзгіден өткізіп барып бассейнге құйғанымызбен оның құрамына бәрібір өзен суы әсер етеді. Бұл балықтардың жергілікті суға бейімделуіне сеп болады», дейді кәсіпкер.

Тағы бір ерекшелік – балық­тың бұл түрі өте таза болады. Денесі құрт, микроб қабыл­да­майды. Олар­да басқа балықтар­дағы сияқ­ты тікен болмайды, тек шеміршек бар. Сөйте тұра, балықтар­дың ішіндегі әлсізі де осы. Шабақта­рының салмағы бел­гілі бір межеден асқасын ғана им­мунитеті жоғарылай бастайды.

Осыған дейін дөңмаңдай, сазан, ақ амур өсіріп көрген кә­сіпкер қазір сырттан торта, тісті және шортанға сұраныс артып отырғанын айтады. Сондықтан елде балық шаруашылығына бет бұрғандар көп. Әйтседе, бұл салада көрші Өзбекстаннан көп кейін қалып отырмыз. Олар кейінгі жылдары жалпы ауланған, шетелге шығарылған, жан басына шаққандағы көрсеткіш бо­йынша бізден көш ілгері тұр. Біздің өңірде де бастамасы қолдау тауып, осы іске бел шеше кіріскендер аз емес. Қаланың айналасында, Шиелі ауданында сазан өсіріп отырған азаматтар бар. Қала іргесінен форель өсіретін шаруашылық пайда болды. Жергілікті әкімдік те бар көмегін аяп жатқан жоқ. Осындай қолдаулар нәтижесінде алдағы кооператив нысаны орналасқан көшеге тас төсеу жоспарланып отыр.

«Бекіре өте нәзік, салмақ жи­ғанша көзден таса етпеуің керек. Осы нысанды салуға аз қаржы жұмсалған жоқ. Әрине, жергілікті әкімдік барынша көмек көрсетіп жатыр. «Amanat» партиясының «Ауыл аманаты» жобасына қатысу үшін құжат та өткізіп қойдым. Несие қолымызға тисе айналымымызды ұлғайтып, электр энергиясы мен суды қайтадан тазалап құю арқылы үнемдеуге мүмкіндік туар еді. Қазір осындағы 6 мыңға жуық шабаққа бассейндер тарлық етіп тұр. Бұл оның өсіміне әсер етеді», дейді кәсіп иесі.

Бұл саланы субсидиялауда түйткіл көп. Қаржылай қолдау­ды жағдайы бар ірі шаруашы­лықтардан емес, шағын серіктес­тіктерден бастаған жөн еді. Тағы бір мәселе – елімізде балық жемін шығаратын өндіріс орны санаулы. Жем сапасы балықтың салмақ қосуымен бағаланады. Бұл жағынан жергілікті жем сырттан келетін өніммен бәсекелесе алмайтынын мойындауымыз керек. Мысалы, әлемге танымал бренд «Аллер Акваның» килосы 1 250 теңгеден басталады. Біздің балықшылар қымбат болса да соны алуға мәжбүр. Шетелден шығатын осындай өнімдерге кедендік төлемді азайтып, бағасы өзіндік құнынан көп көтерілмесе балықшылар үшін үлкен қолдау болар еді.

«Хан бекіре 11» ауыл ша­руашылығы өндірістік коопе­ративіне де «Атамекен» кәсіп­керлер палатасы, «Байқоңыр» әлеуметтік корпорациясы, жер­гілікті әкімдік тарапынан жәрдем жасалып жатыр. Ауыл әкімдігі мен электр желісін тарату мекемелерінің көмегімен біраз мәселе шешімін тапқан. Кәсіпкер алда күн панельдері арқылы электр жарығын алуды жоспарлап отыр. Бекіренің бабын тапқан кәсіпкер аймақта балық шаруашылығының бәсекеге қабілетті салаға айналарына сенеді.

Қызылорда 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары