Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

Бектенов Абай облысындағы Семей орманы резерватында өртке қарсы цифрлық жүйені тексерді

Бектенов Абай облысындағы Семей орманы резерватында өртке қарсы цифрлық жүйені тексерді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Резерват аумағында Премьер-министр орман және дала өрттерін ерте анықтауға арналған, ЖИ негізінде жұмыс істейтін жүйені пилоттық режимде енгізу нәтижелерімен танысты. Аталған технология өрт ошақтарын алыс қашықтықтан және кез-келген ауа райы жағдайында анықтауға мүмкіндік береді. 

Мұнда Премьер-министр Олжас Бектенов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қатысуымен орман өрті бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Резерват мамандары өрт сөндірушілермен бірлесіп, цифрлық технологиялардың тиімділігін және өрт сөндіру қызметінің өзара әрекеттесу алгоритмін көрсетті.  

Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев заманауи тепловизиялық және оптикалық камераларды пайдалана отырып, тәулік бойы бейнемониторинг кешендері өрт белгілерін бастапқы кезеңде автоматты түрде анықтайтынын баяндады. Өрт немесе түтін анықталған жағдайда жүйе Жедел басқару орталығына бірден сигнал жолдайды, бұл өрт ошақтарын жедел оқшаулауға және жоюға мүмкіндік береді. Орталық камералардан алынған кескіндерді нақты уақыт режимінде көрсетуге арналған бейне қабырғамен, сондай-ақ стационарлық радиостансамен жабдықталған. Мұндай орталықтар Абай облысының 7 ауданында орналасқан «Семей орманының» барлық 10 филиалында ашылған. Өртті ерте сөндіру жүйесі 100-ден астам сынақтан өткізілген. Қазіргі уақытта оны жетілдіру бойынша жұмыстар, оның ішінде алты метеокешенмен және құрғақ найзағай соғуын анықтауға мүмкіндік беретін найзағай бағытын анықтау стансасымен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.  

Фото: Үкімет

Президент тапсырмасына сәйкес, өртті ерте анықтау технологиясы бүкіл еліміз бойынша кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Ақмола облысындағы бес орман шаруашылығы мен Астана маңындағы екі қорықта, сондай-ақ Қарқаралы және Баянауыл ұлттық парктерінде жүйенің екі кезеңді енгізілуі туралы «Қазақтелеком» АҚ цифрлық бизнес дивизионының бас директоры Бақтияр Қожахметов баяндады. Іле-Алатауы, Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде және «Көлсай көлдері» МҰТП-да жұмыстар аяқталуға жақын. Үшінші кезең Шығыс Қазақстан облысындағы 10 орман шаруашылығын және Қатонқарағай ұлттық паркін қамтиды. Осылайша, биылғы шілде айында еліміздің 24 табиғи паркі мен қорығының өрт қаупі жоғары аймақтарын қамтуды аяқтау, қыркүйек айында барлық жүйені өнеркәсіп мақсатында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

– Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес біз орман қорын қорғаудың түбегейлі жаңа стандарттарын енгізіп жатырмыз. Орманды қалпына келтіріп қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуға да бағытталған жүйелі шаралар қабылдануда. Президент айқындаған негізгі бағыттардың бірі – цифрландыруды енгізу. Өткен жылы резерватта 510 мың гектар аумақты қамтитын, 37 заманауи камерамен жабдықталған өртті ерте анықтау жүйесі енгізілді. 

Технологияларды тікелей патрульдеу шараларымен нығайту қажет. Бұл өте маңызды. Сондықтан өрт қаупі жоғары кезеңде орман күзетінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ол барлық қауіпті аймақтарды қамтуға тиіс. Жүргізіліп жатқан жұмыс «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының мақсат-міндеттеріне толық сәйкес келеді, оның шеңберінде біз табиғи ресурстарды сақтап қана қоймай, азаматтардың экологиялық мәдениетін де арттырамыз, - деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Премьер-министр жұмысты жеделдетуді және цифрлық технологияларды сапалы енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды. 

Фото: Үкімет

Краснокордон орманшылығының аумағын аралау барысында Олжас Бектенов Президенттің «Семей орманы» орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.  

«Семей орманы» МОТР бас директоры Қазбек Әметов соңғы екі жылда резерват паркі 100% заманауи техникамен жаңартылғанын хабарлады. Бүгінгі таңда оның тозу мәселесі толығымен шешілді, мәселен, 2023 жылы ол 85%-ды құрады. Тек өткен жылдың өзінде лизинг қаражаты есебінен 39 жаңа өрт сөндіру машинасы, 26 шағын өрт сөндіру кешені және аспалы жабдығы бар 10 трактор сатып алынды. Ықтимал өрттерді жедел анықтау және жою үшін кәсіпорынның қол астында 30 орман өрті стансасы, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның үш тікұшағы, 82 өрт сөндіру автомобилі, 49 шағын орман патрульдік кешені, 187 трактор (оның ішінде 70-і өрт сөндіру үшін), 49 патрульдік машина және тағы да басқа техникалар бар. 

Фото: Үкімет

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Қазақстанда өртке қарсы техникаларды жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл мақсаттарға 2024-2025 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден 21,5 млрд теңге бөлінді, нәтижесінде орман шаруашылықтарының ел бойынша жаңа техникамен қамтамасыз етілуі 87%-ға жетті. Орман шаруашылықтарынна 92 өрт сөндіру машинасы, 118 шағын орман патрульдік кешені, 244 трактор, 240 патрульдік машина және 3 мыңнан астам басқа да техника мен жабдық сатып алынды. Лизинг қаражаты есебінен 1057 өртке қарсы техниканы сатып алуға 35 млрд теңге бөлінді, осы жылдың мамыр айының соңына дейін бүкіл еліміз бойынша бұл жұмыстарды толық аяқтау жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 12:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see115

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see114

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see113

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see112

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see112

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see111

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see111

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see111

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see111

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see111

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see111

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see111

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see110

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see110

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see110

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see110

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see109

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see109

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see109

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

23 Тамыз 2026 14:56see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары