Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Бектенов Президентке ел экономикасы туралы баяндады

Бектенов Президентке ел экономикасы туралы баяндады

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Олжас Бектенов./ Сурет: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдағанын атап өтті.

Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканы дамытуға тосқауыл болып отырған құрылымдық диспропорцияларды жоюға бағытталды. 

- Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді алмай-ақ, еліміздің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ол 2028-ші жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9%-на дейін қысқартуға ықпал етеді. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025-ші жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді, — деді Олжас Бектенов.

Жүзеге асырылған реформалар кезеңінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізілді. Құндық мәнде ЖІӨ-нің өсуі $20,1 млрд-ты құрады.

Жалпы, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5% құрады. Экономикалық өсімді негізгі салалардың жедел дамуы қамтамасыз етті: Оның ішінде көлік – 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға және ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.

Елімізде инфрақұрылымды жаңғырту және ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру басым бағыт ретінде айқындалған. Премьер-министр атап өткендей, микро және шағын бизнесті қолдауға баса назар аударылады.

- Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы тапсырмаңызға сәйкес, микро және шағын бизнес субъектілерне арналған қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау шараларын бір жүйеге келтіретін "Іскер Аймақ" бағдарламасы бекітілді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар қолданыстағы құралдардың ШОБ-тың барлық әлеуетін ашуға жеткіліксіз екені айтылды.

Осыған байланысты Үкімет бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, бизнесті қолдаудың қосымша қаржылық және реттеушілік шараларын әзірлеуде: Негізгі шаралардың бірі шағын және орта кәсіпорындарды заманауи жабдықтармен қайта жарақтандыру бағдарламасы болмақ. «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша арнайы бағдарлама кәсіпкерлерге 10 күн ішінде қосымша кепілсіз заманауи станоктарды сатып алуға жеңілдікті несие алуға мүмкіндік береді. Бұл бизнеске бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тозған материалдық-техникалық база мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында айтқан тапсырмасын ескере отырып, жаңа Салық кодексіндегі өзгерістердің бірқалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, оны жетілдіруге қатысты бизнес субъектілерінің сындарлы ұсыныстарын ескеру маңызды. Бұған дейін 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдегі барлық салықтық тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен қатар биыл микро және шағын бизнеске жол берілген заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 5%-ға артып, 2,2 млн кәсіпорыннан асты. Секторда жұмыспен қамтылғандар саны 3,9%-ға өсіп, 4,5 млн адамды құрады, бұл жұмыспен қамтылғандардың шамамен 46%-ы және елдің барлық экономикалық белсенді халқының жартысына жуығына сәйкес келеді.

Жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесі 40,5%-ды, өнім шығару көлемі шамамен 73 трлн теңгені құрады.

Азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні атап өтілді. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 31%-ды құрап отыр, бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіш – 40%-ға және одан жоғары деңгейге жету. 

Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. 

- Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Оның аясында қаржылық, салықтық және басқа да ынталандыру шаралары көзделуде. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкіметтің 2026 жылға арналған негізгі басымдығы халықтың нақты табысының өсуі болып саналады. Бұған жаңа өндірістер құруға, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған жүйелі шаралар кешені ықпал ететін болады.

Цифрландыру мәселелеріне назар аударылды. Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру жылы аясында Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың барлық салаларына озық технологиялар мен ЖИ енгізу және цифрлық мемлекет құру міндеті қойылды. Алайда бұл бағытта жүзеге асыру жұмыстары тиісті деңгейге жеткен жоқ. Экономиканың нақты секторында цифрландыру процестері әлі де бастапқы сатыда. Осы күнге дейін салалық деректер қорлары толық қалыптаспай отыр. Осы және басқа да мәселелердің барлығы Үкімет әзірлеген «Digital Qazaqstan» стратегиясында өз шешімін табуы тиіс, ол барлық цифрлық бастамаларды жалпыұлттық бағдарламаға біріктіреді.

Дегенмен арнайы экономикалық аймақтардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету деңгейі небәрі 53%-ды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48%-ды құрайды.

Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдауда.

АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылданды.

- Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті  инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылатын болады, — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Бүгін, 10:42

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 12:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see111

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see107

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары