Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізге белгілі актер, талантты режиссер Жұлдызбек Жұманбайға «Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» құрметті атағы берілді. Мемлекеттік жоғарғы награданы Абай облысының әкімі Берік Уәли табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұлдызбек Айтқалиұлы – 1982 жылы Абай ауданы, Кеңгербай би ауылында туған. 1999-2002 жылдары М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Актер» бөлімін бітірген. 2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық миниатюра» бөлімін тәмамдады. 2012-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасымен Мәскеудегі «Театр өнері» институтының (ГИТИС) «Режиссер» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2015 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында режиссер, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында көркемдік жетекші, Астанадағы Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында бас режиссер қызметтерін атқарды. Сонымен қатар оның еліміздің әр өңірінде спектаклдері қойылып, көрермен ықыласына бөленді.

Жұлдызбек Жұманбайды әуелі көпшілікке танымал еткен «Қызыл орамалды шынарым» қойылымындағы Ілияс рөлі еді. Ол Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында 8 жыл актер болып, көптеген рөлдерді ерекше сомдады.

«Мен бұрын мұндай награда тек тамыр-таныс арқылы келеді деп ойлаушы едім. Расында олай емес екен. Өз салаңда адал қызмет қылсаң, Абай атам айтқандай, атақ та, абырой да өз аяғымен келетіне көзім жетті. Мен мұндай мәртебелі атақ аламын деп күтпедім. Былтыр хакім Абайдың 180 жылдық тойында «Бала Абайдан – дана Абайға дейін» деген дала театрын қойдық. Сонда облыс әкімі Берік Уәлиұлы бұл еңбегімізді жоғары бағалап еді. Қолдау көрсетіп жатқан туған елдегі азаматтарға рақмет», дейді Жұлдызбек Жұманбай.

Оның режиссер ретінде қойған қойылымдары: А.Құнанбаев – (қара сөз) «Қара», В.Шекспир – «Бір сен үшін тудым» («Ромео и Джульетта»), Н.Гоголь – «Ревизор», «Баян сұлу – Қозы Көрпеш», Г.Горин – «Ұмытыңдар оны», А.Герни – «Махаббат хаттары», Н.Саймон – «Күзгі покер», Г.Хугаева – «Иттің баласы» («Черная бурка»), Н.Тутов – «Гүлдер хикаясы», Шәкәрім – «Жолсыз жаза», Шәкәрім, Мағауия, Мұхтар – «Абай айтқан «Еңлік-Кебек», М.Әуезов – «Айман-Шолпан», М.Әуезов – «Жетім», С.Мұратбеков – «Жусан иісі», О.Бөкей – «Қар қызы», Т.Ахтанов – «Күшік күйеу», Д.Исабеков – «Маһшар түндегі махаббат», Р.Мұқанова – «Бопай ханым», Иран-Ғайып – «Ән-Мұхит», М.Мақатаев – «Райымбек, Райымбек», Б.Қадыр – «Ар адамы. Бауыржан», М.Мағауин – «Жармақ», С.Сыбанбай – «Ұлым қашан келесің?» т.б жиыны 30-ға жуық спектаклі қойылды.

Марапаттары: «Алтын сақа» – «Үздік режиссер» (2017), «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» (2022), Қазақстан театр қайраткерлері одағының кәсіби сыйлығы «Еңлікгүл-2025» бойынша жылдың «Ең үздік режиссері».

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды

Аймақтар • Бүгін, 12:55

40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?

Бюджет • Бүгін, 12:49

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 12:40

Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды

Қазақстан • Бүгін, 12:29

Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22

ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?

Білім • Бүгін, 12:11

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?

Қоғам • Бүгін, 11:44

Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін

Энергетика • Бүгін, 11:40

Мүгедектігі бар жандарға арба мен протездер жалға беріледі: Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Жәңгір мектебінің түлектері

Мирас • Бүгін, 11:35

Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 11:14

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді

Оқиға • Бүгін, 11:12

Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр

Президент • Бүгін, 11:01

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады

Қоғам • Бүгін, 10:58

48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?

Футбол • Бүгін, 10:43

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 13:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары