Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Бельгия астанасында Қазақстан мәдениеті апталығы өтіп жатыр

Бельгия астанасында Қазақстан мәдениеті апталығы өтіп жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өнерпаздар Брюссель көшелерінде флешмоб ұйымдастырып, еуропалықтарға дәстүрлі ән-күйден шашу шашты, би биледі. 

Атомиум — Брюссельдегі басты орындардың бірі. Тарихи ескерткіш осыдан 70 жылдай бұрын атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданудың символы ретінде тұрғызылған. Осы жолы оның алды шағын қойылым алаңына айналды. Қазақстандық өнерпаздар флешмоб ұйымдастырып, шетелдіктерді қазақтың бай мәдениетімен таныстырды.

Марко Рансингер, словениялық турист:

- Ерекше әсер алдым! Әлем мәдениетімен танысу әрдайым қуаныш сыйлайды. Менің туристік тобыма да қойылым өте ұнады.

«Алатау әуендері» концерттік ұйымына қарасты «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі Брюссельге Қазақстанның Белгиядағы елшілігінің шақыруымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен келген. Құрамында би ансамблі, сондай-ақ дәстүрлі, классикалық және эстрадалық жанрларда өнер көрсететін жеке дауыстағы әншілер де бар.

Әділет Жексенбі, ансамбль әншісі:

- Біздің өнерімізді, мәдениетімізді өте жоғары деңгейде қабылдауда. Ықыластары сондай керемет. Бізге рух берді.

Қазақ өнерін халықаралық деңгейде паш етіп жүрген ұжым үлкен сахнада да өнер көрсетті. Көрермендер қатарында жергілікті диаспора өкілдерімен бірге Еуропалық институттардың депутаттары да болды. Жиналғандардың делебесі қозып, әсем ән мен тәтті күйге елітіп, билеп отырды.

Фабиен Калэ, Брюссель қаласының тұрғыны:

- Өте тебірентерлік. Бұрын-соңды білмеген ұлттық музыкалық аспаптарын тыңдап, тілдің сұлулығын естіп, бишілердің қимыл-пластикасын көріп таң қалдым.

Ләззат Бейсенова, қазақ диаспорасының өкілі:

- Жерлестеріміз осындай тамаша концерт беруге келіп тұрсын. Біз елімізді сағынған кезде осындай концертті көріп, елімізде болғандай боламыз.

Бельгия –  саксофонның отаны. Сондықтан кеште жергілікті саксофоншы ансамбльмен бірге француз әуенін орындады. Тағы бір шетелдік қасиетті қара домбырамен күй тартты. Енді үйреніп жүргеніне қарамастан, «Ерке сылқымды» жаңылмай шертіп, өнерде шекара жоқ екенін тағы бір дәлелдеді. Отандық өнер ұжымы бельгиялық поп-жұлдыз Stromae-ның әнін француз тілінде айтып, халықтың қошеметіне бөленді. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де қалыс қалмады. Сүйікті әншісінің «Махаббат бер маған» әнін шырқап, көпшілікті сүйсінтті.

Еуропа төріндегі өнер кеші Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығына және ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналды. Мәдениет апталығы аясында Бельгия корольдігінің музыкалық аспаптар мұражайына домбыра мен сазсырнай тарту етілмек. 

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы, Жомарт Ахметов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:349
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 16:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары